Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Автордың мақалалары

authorPhoto
article

Қазақстанда жеке кәсіпкер қандай салықтарды төлейді?

жеке кәсіпкер өзі және қызметкерлері үшін оңайлатылған салық салу жүйесі бойынша қандай салықтарды төлейді? Декларацияны қашан тапсыру және қай күнге дейін төлеу керек? Қазақстанда жеке кәсіпкер үшін қандай салық жеңілдіктері бар? Егер салық төленбесе, не болады?

article

Скоринг дегеніміз не және кредит алу мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

Скоринг: бұл не және ол не үшін қажет? Скоринг жүйесі қандай деректерді бағалайды? Скорингтік балды қалай білуге және оны қалай арттыруға болады? Оның түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері. Скоринг жүйесін алдау мүмкін бе?

article

Бөліп төлеу: бұл не және ол қалай жұмыс істейді?

Бөліп төлеу дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? Оның кредиттен қандай айырмашылығы бар? Бөліп төлеу түрлері. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Бөліп төлеуді қалай ресімдеуге болады, қандай құжаттар қажет және қай кезде оны беруден бас тартуы мүмкін?

article

Дербес кредиттік рейтинг дегеніміз не және оны қалай білуге болады?

Кредиттік рейтинг дегеніміз не, он нені көрсетеді? Дербес кредиттік рейтингті қалай білуге болады және түсінуге болады? Кредиттік рейтингті қалай жақсартуға болады? Неліктен кредиттік рейтинг жоғары болса да, банктер кредит беруден бас тартуы мүмкін?

article

Дивидендтер дегеніміз не?

Дивидендтер дегеніміз не және компаниялар оларды не үшін төлейді? Дивиденд мөлшерін қалай анықтауға болады? Дивидендтер қалай және қашан келеді, оларды қалай алуға болады? Дивидендтер үшін қандай салықтарды төлеу керек?

article

Депозиттік сертификат дегеніміз не және оның салымдардан қандай артықшылығы бар?

Ақша жинаудың ең сенімді әдісі банктік салым немесе депозит болып табылады. Ол ақшаны инфляциядан қорғауға және қажетті соманы аз уақыт ішінде жинауға мүмкіндік береді. Депозиттік сертификат — Қазақстанның қаржы нарығы үшін салыстырмалы түрде жаңа құрал. Ол банктік салымға балама болып саналады. Бұл мақалада депозиттік сертификаттың не екенін, депозиттен айырмашылығын және оның кемшіліктерін талқылайтын боламыз.

article

Кредит бойынша төлем мерзімін қалай кейінге қалдыруға болады: анықтамасы және шарттары

Кредитті төлеу үшін ақша болмайтын кездер болады. Оларға жұмыстан айырылу, отбасында біреудің ауырып қалуы немесе жоспардан тыс шығындар жатады. Борышкер төлемдерді уақытында төлемеген кезде, банк оған айыппұл есептейді де, қарыз өседі. Кредитті мүлдем төлемеген жағдайда іс сотқа жетуі мүмкін. Кредитті төлеу үшін көлікті немесе басқа құнды заттарды сату керек болады. Бірақ бұл жағдайды болдырмас үшін төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл мақалада біз мұндай мүмкіндікті ұсынатын банктер туралы айтамыз.

article

Кешбэк: анықтамасы, түрлері, ол қалай жұмыс істейді, банктер мен сатып алушылар алатын пайда

«Кешбэк» термині екі ағылшын сөзінен шыққан: cash («қолма-қол ақша») және back («артқа»). Яғни, оны «ақшаны қайтару» деп аударуға болады. Кешбэктің мәні: сіз төлем жасайсыз, ал жұмсалған қаражаттың бір бөлігі сізге қайтарылады. Кешбэк сомасы әдетте үлкен емес, ол төлемнің 1-5%-ын құрайды. Бірақ нәтижесінде айтарлықтай сома жинақталады. Мысалы, сіздің картаңыз бойынша барлық сатып алуларға 1% кешбэк есептеледі. Бір айдағы шығындар сомасы — 500 мың ₸. Яғни картаға 5 000 ₸ қайтарылады. Бір жыл ішінде кешбэк 60 мың ₸ тең болады. Ал кейбір санаттарда кешбэк мөлшері бұдан жоғары болуы мүмкін. Кешбэкті супермаркеттерден бастап авиабилеттер мен саяхаттарды сатып алулардан алуға болады.

article

Жарғылық капитал: анықтамасы, функциялары және минималды мөлшері. Қатысушылардың үлесі қалай есептеледі, жарғылық капиталды не үшін және қалай өзгерту керек?

ЖШС құру кезінде құрылтайшылар жарғылық капиталды қалыптастыруға міндетті. Оған қойылатын талаптар «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңның III тарауында белгіленген. Көбінесе кәсіпкерлер ақша үнемдеуге тырысып, оны заңмен белгіленген минималды сома бойынша төлейді. Бірақ бұл бизнес үшін тиімді емес. Жарғылық капитал дегеніміз не, ол не үшін қажет және капиталдың оңтайлы мөлшері қандай екенін анықтайық.

article

IBAN: анықтамасы, ол не үшін қажет, ол карта нөміріне сәйкес келе ме? Оны қалай білуге болады?

Шетелге ақша аудару және шетелден ақша алу кезінде IBAN (International Bank Account Number) нөмірін көрсету керек. Бұл халықаралық стандартталған банк шотының коды.

article

Егер банк картаны бұғаттаған болса, оны бұғаттан қалай шығаруға болады: мерзімдері және ақшаны алуға бола ма?

Егер сіздің банктік картаңыз жұмыс істемесе немесе сіз бұғаттау туралы хабарлама алсаңыз, алаңдамаңыз, оның себебі қарапайым болуы мүмкін және оны түзету оңай. Бұл мақалада біз картаны бұғаттау себептері және бұл жағдайда не істеу керектігі туралы айтамыз.

article

Қосалқы қарыз алушы: анықтамасы, ол қай кезде қажет

Қосалқы қарыз алушы — бұл негізгі қарыз алушымен бірге кредит ресімдейтін және банкпен жасалған шартқа қол қоятын адам. Егер туысыңыз, досыңыз немесе әріптесіңіз сізден қосалқы қарыз алушы болуыңызды сұраса, барлық тәуекелдерді біліп алған жөн. Қосалқы қарыз алушының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы осы мақалада айтатын боламыз.

article

Бөлшек салық дегеніміз не: АСР-ді кім қолдануы мүмкін, ерекшеліктері, оған қалай ауысуға болады?

2023 жылы Қазақстан заңнамасында маңызды жаңалық болды. Бөлшек салықтың арнайы салық режимі (АСР) енгізілді. Ол бастапқыда 2021 жылдың 1 қаңтарында уақытша шара ретінде карантиннен зардап шеккен бизнес салаларын қолдау үшін енгізілді. Бірақ жаңа режим ел экономикасына жақсы жағынан әсер етіп, оны тұрақты негізде енгізу туралы шешім қабылданды. Бірақ шарттар өзгеріп, кәсіпкерлер үшін одан да тиімді болды.

article

Кредит төленбесе не болады: мәселені шешу нұсқалары және салдары

Адам кредит алады, бірақ кейін оның қаржылық жағдайы нашарлайды — жұмыстан шығарылады, жалақысы қысқарады немесе кенеттен ауру қымбат емдеуді қажет етеді. Кредит төлеуге ақша жоқ, ал қарыз өсуде. Бұл жағдайда іс сотқа дейін жетуі мүмкін, сонда қарыз алушы өз мүлкінен айырылады. Мақалада біз кредитті төлемеудің салдары және бұл жағдайларды алдын алу жолдары туралы сөйлесетін боламыз.

article

Лездік төлемдер жүйесі: анықтамасы, лездік төлемдер жүйесінің артықшылықтары, оны қалай пайдалануға болады

2022 жылы Қазақстанда жаңа төлем қызметі — лездік төлемдер жүйесі (ЛТЖ) іске қосылды. Енді бір-біріне ақша аударып, дүкендерде төлем жасау одан да тез әрі ыңғайлы болды. ЛТЖ қалай жұмыс істейтіні және оны қалай пайдалану керектігі туралы біз осы мақалада айтатын боламыз.

article

Бизнес-жоспар дегеніміз не және оны қалай жасауға болады?

Бизнес-жоспар дегеніміз не, ол не үшін қажет? Жоспар түрлері, құжат құрылымы. Бизнес-жоспарды қалай жасауға болады: қадамдық нұсқаулық. Бизнес-жоспардың мысалы. Дайын бизнес-жоспарды қайдан алуға болады және оны пайдалануға бола ма?

article

ЖШС: анықтамасы, жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы

ЖШС дегеніміз не және оның анықтамасы. Жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы. Қазақстанда жауапкершілігі шектеулі серіктестікті кім тіркей алады? ЖШС қалай ашуға болады: қадамдық нұсқаулық.

article

Қазақстандағы цифрлық теңге: анықтамасы, қолма-қол ақшасыз төлемнен айырмашылығы

2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңге жобасын іске асыруды бастады. Жақында платформа алғаш рет тестілеу режимінде іске қосылды. 2024 жылы жобаны кеңейту жоспарлануда және жақын арада Орталық банктің цифрлық валютасы Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болады. Бұл мақалада біз цифрлық теңгенің қолма-қол емес ақшадан қандай айырмашылығы бар, оны қалай пайдалануға болатынын және оның қандай артықшылықтары бар екенін түсіндіреміз.

article

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: анықтамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері

Кредит мерзімінен бұрын өтелсе, ақша үнемделеді. Бірақ кейбір жағдайларда кредитті мерзімінен бұрын өтеу тиімді болмайды, өйткені банк ол үшін комиссия есептейді. Ақшаны жоғалтпау үшін заңнаманың ерекшеліктерін білу керек. Бұл мақалада біз кредитті мерзімінен бұрын өтеудің дұрыс жолдарын талқылаймыз.

article

Қазақстанда кредит қай жасқа дейін беріледі: зейнеткерлерге қарыз беріле ме және қанша жасқа дейін беріледі?

Банктер кредитті еңбекке қабілетті жастағы адамдарға беруді жөн көреді. Ал зейнеткерлер кредит алу кезінде жиі түрде қиындықтарға тап болады. Қарыз алушының жасы кредит шарттарына қалай әсер ететінін және егер сіз 60 жастан асқан болсаңыз, кредитті мақұлдау мүмкіндігін қалай арттыруға болатынын қарастырайық.

article

Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы: бұл қандай рәсім, өзіңізді банкрот деп қалай жариялауға болады және ол үшін қайда жүгіну керек?

Әрбір адам қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ол ауру салдарынан немесе жұмыстан айырылу салдарынан болуы мүмкін. Жағдайды қалпына келтіру мүмкін болмаса, Қазақстан азаматтары қарыздарын заңды түрде есептен шығара алады. Ол үшін банкроттық рәсімінен өту қажет. Бұл әдісті қолдану үшін адам белгілі бір шарттарға сәйкес болуы керек. Өзін банкрот деп кім жариялай алады және оның қандай салдары бар екендігін анықтап көрейік.

article

Қазақстанда ақшаны картасыз қалай алуға болады: банкоматтан ақша алу және басқа тәсілдер

Ақшаны картасыз да алуға болады. Мұндай мүмкіндік Қазақстанның көптеген банктерінде бар: ол үшін мобильді қосымша орнатылған телефон жеткілікті. Кейде тіпті банкомат та қажет емес. Қазақстандықтарға қолжетімді картасыз ақша алудың негізгі тәсілдерін осы мақалада қарастырамыз.

article

Акциялар мен облигациялар: айырмашылықтары және ақшаны қайда салған дұрыс?

Инвестициялау үшін ең танымал активтер — акциялар мен облигациялар. Екеуі де қор нарығындағы бағалы қағаздар. Олардың табыс, кірістілік және тәуекелдер бойынша айырмашылықтары бар. Пайда алу үшін не таңдаған дұрыс? Осы мақалада біз олардың айырмашылықтарын қарастырып, жаңа бастаған инвесторларға ақшаны қайда салу керектігі туралы айтамыз.

article

Картаның қандай деректерін беруге болады және қандай деректерін беруге болмайды: карта нөмірін, cvv кодты, карта мерзімін және басқа да мәліметтерді біле отырып, ақшаны ұрлауға бола ма?

Төлем жасаған кезде, аударым жасаған кезде, шарт жасасқан кезде үнемі карта нөмірін енгізу керек. Бірақ алаяқтардан қалай қорғануға болады? Пин-кодты айтуға болмайтынын бәрі біледі. Бірақ таныстарға немесе банк қызметкерлеріне карта нөмірін, жарамдылық мерзімін немесе CVC кодты айтуға бола ма? Осы мақалада біз қандай деректерді үшінші тұлғаларға мүлде айтуға болмайтынын және қайсысын хабарлау қауіпсіз болатынын анықтаймыз.

article

Белгісіз тұлға картамнан ақша алды: себебі, не істеу керек және ақшаны қалай қайтаруға болады?

Картадағы ақша әртүрлі себептер бойынша есептен шығарылуы мүмкін. Кейде бұл клиенттің қателігі, кейде сот шешімінің салдары болып табылады. Бірақ соңғы уақытта қазақстандықтар алаяқтыққа жиі ұшырайды. Ақшаны рұқсатсыз алудың себептерін және ұрланған ақшаны қалай қайтаруға болатынын талқылайық.

article

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу: анықтамасы, түрлері, оларды қалай жіберуге және қабылдауға болады, оларды қайтаруға бола ма?

Қолма-қол ақшасыз, яғни банкнотсыз немесе монетасыз жасалатын макез келген есеп айырысу қолма-қол ақшасыз төлем деп аталады. Ақша жіберушінің шотынан есептен шығарылып, алушының шотына түседі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың құралдарына төлем құжаттары (мысалы, төлем тапсырмасы, чек) немесе электрондық төлем құралы — банк карточкасы жатады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тауарлар мен қызметтерді, контрагенттермен жасалатын мәмілелерді, салықтар мен жарналарды төлеу және тауарлар мен қызметтерді клиенттерге сату үшін қолданылады. Қолма-қол ақшасыз төлем кез келген сомада жүргізілуі мүмкін, бірақ «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның 25-бабына сәйкес 1000 АЕК-тен асатын операциялар тек қолма-қол ақшасыз түрде жасалуы керек. Бұл талап ҚҚС төлейтін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты қолданылады.

article

Қазақстаннан қанша қолма-қол ақша әкетуге болады: белгіленген лимит, қажетті құжаттар

Көптеген қазақстандықтар өздерімен бірге саяхатқа немесе іссапарға теңгемен немесе шетел валютасымен қолма-қол ақша алады. Бірақ заңнамалық шектеулерді ескеру қажет. Мемлекет қолма-қол ақшаны, чектерді, бағалы қағаздарды әкелу мен әкетуді бақылауға тырысады. Заңда белгіленген сомадан артық ақша кеден арқылы өтетін болса, ақша тәркіленуі мүмкін. Қолма-қол ақшаны шекара арқылы тасымалдау ережелері ҚР және ЕАЭО Кеден кодекстерінде және кейбір қосымша нормативтік актілерде көрсетілген. Бұл мақалада біз соңғы жылдары Қазақстанның кеден заңнамасында қандай өзгерістер болғаны және енді қандай соманы өзімен бірге шетелге алуға болатыны туралы айтамыз.

article

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы: оны қалай ресімдеуге және алуға болады, төлемдердің максималды мөлшері, жұмыссыз мәртебесі

Кейде жаңа жұмысты табу қиын болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайларда Қазақстан азаматтары заң бойынша әлеуметтік төлемдер алуы мүмкін. Бірақ ол үшін белгілі бір талаптарға сәйкес болу қажет. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы кімге төленеді, оны қалай ресімдеу керек, төлем сомасы мен мерзімін қалай есептеуге болатыны туралы осы мақаладан оқыңыз.

article

Зейнетақы жинақтарын алу: Қазақстанда БЖЗҚ-дан қандай мақсаттарға ақша алуға болады?

2021 жылдың қаңтарында қазақстандықтарға зейнетақы төлемдерін бір рет белгіленген мақсаттарға алу мүмкіндігі ұсынылды. Алдымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақтардың бір бөлігін ғана пайдалану мүкіндігі болды. Бірақ 2023 жылдың шілдесінде Әлеуметтік кодекс күшіне енгеннен кейін зейнеткерлердің кейбір санаттарына барлық соманы бірден алуға рұқсат етілді. Осы мақалада бұл мүмкіндік кімде бар және ол не үшін қажет екенін талқылаймыз.

article

Қазақстандағы ең төменгі жалақы қандай: АЕК, ЕТЖ, зейнетақы мөлшері, мөлшерлемелер қалай есептеледі?

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заңы ең төменгі жалақының, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа көрсеткіштерін бекітті. Зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өзгерді. Қазақстанда 2024 жылы ең төменгі төлем қандай соманы құрайды?

article

Жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады: қызметті тоқтату туралы өтінішті қайда беру керек, жою процедурасы мен тәртібі

Егер бизнес ұзақ уақыт бойы пайда әкелмесе, оны жабу керек. Бірақ жай ғана жұмысты тоқтатуға болмайды: жеке кәсіпкерлік жойылмайынша, кәсіпкер салық төлеуі керек. Қаржылық міндеттемелер мен айыппұлдардан құтылу үшін қызметті ресми түрде тоқтату керек.

article

Жеке кәсіпкерлікті тоқтатуға бола ма: оны қалай және кім жасай алады, қандай мерзімге тоқтатуға болады, қандай құжаттар қажет?

Кейде бизнес уақытша тоқтап қалуы мүмкін: жабдықтар бұзылады, шикізат жеткізілімдері тоқтатылады, тауарға деген сұраныс уақытша төмендейді. Бұл кезеңде кіріс болмайды, бірақ салық есептілігін тапсыру керек. Егер қиындықтар уақытша болса және сіз жеке кәсіпкерлікті жапқыңыз келмесе , оның қызметін тоқтатып, содан кейін жалғастыруға болады. Сонда бұл кезеңде есептілікті тапсырудың қажеті жоқ, ал салық органы айыппұлдарды есептемейді. Мақалада біз жеке кәсіпкерлікті қалай тоқтатға болатынын, оны кім жасай алатынын және қандай құжаттар қажет болатынын айтамыз.

article

Коллекторлар: бұл кімдер, олар қалай жұмыс істейді, олар Қазақстанда заң бойынша не істей алады?

Борышкер өз қарызын төлей алмайтын кездер болады. Бұл жағдайда банк проблемалық қарызды коллекторларға тапсырады. Бірақ мұндай компаниялардың қызметкерлері адамдарды қорқытады, олардың жеке өмірлеріне қол сұғады. Өз құқықтарыңызды қорғау үшін заңды білу керек. Бұл туралы біз осы мақалада айтатын боламыз.