Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Кредиттер мен қарыздар
10 минут

Коллекторлар: бұл кімдер, олар қалай жұмыс істейді, олар Қазақстанда заң бойынша не істей алады?

Коллекторлар: бұл кімдер, олар қалай жұмыс істейді, олар Қазақстанда заң бойынша не істей алады?

Коллекторлар дегеніміз кімдер?

Коллекторлар — сотқа дейінгі немесе сот тәртібімен қарыздарды өндіріп алу жөніндегі жеке агенттіктердің қызметкерлері.
 

Барлық кредиттік ұйымдар проблемалық кредиттерге тап болады. Қарыз алушы өз берешегін төлемейтіні анық болған кезде банк немесе МҚҰ осындай компанияларға жүгінуі мүмкін.

Ұзақ уақыт бойы Қазақстандағы коллекторлардың жұмысы заңмен реттелмеген болатын. Бірақ 2017 жылы «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңы шықты. Енді өндіріп алу агенттіктерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптар, олардың құқытары мен міндеттері анық болды. Қазір Қазақстанда 200-ге жуық коллекторлық агенттік заңды түрде жұмыс істейді.

Коллекторлар қалай жұмыс істейді?

Кредиттік ұйымның коллекторларымен жұмыс жасаудың екі нұсқасы бар:

Цессия шарты. Банк агенттікке проблемалық кредитті жеңілдікпен, яғни қарыз мөлшерінен аз сомаға сатады. Бұл ретте ол осы борыш бойынша талап ету құқығын толығымен коллекторларға тапсырады. Қарапайым тілмен айтқанда, агенттік жаңа кредиторға айналады және қарыз алушы енді банкке емес, агенттікке қарыз болады. Қарыздың барлық сомасы коллекторлардың сыйақысы болып табылады. 

Коллекторларға кем дегенде 90 күнге кешіктірілген кредиттер мен микрокредиттерді сатып алуға рұқсат етіледі, ал ипотека жағдайында төлем мерзімі екі есеге артады. Агенттік сотқа баруға құқылы.

Қызмет көрсету шарты. Коллекторлар банктің мүддесі үшін делдал ретінде әрекет етеді. Өндіріп алу қызметтері үшін олар сыйақы, яғни комиссия алады. Банк кредитор болып қала береді, ал қарыз төленсе, өз ақшасын қайтарады. Егер коллекторлар комиссия жөніндегі шарт бойынша жұмыс істесе, олар сотқа бара алмайды, өйткені оған тек кредитор құқылы болады.

Қазақстандағы коллекторлар көбінесе сотқа дейін өндіріп алу бойынша қызметтер көрсетеді.

Коллекторлар не істеуге құқылы?

Заң бойынша коллекторлық агенттіктің қызметкерлері борышкердің өзімен, оның өкілдерімен, қосалқы қарыз алушылармен және кепілгерлермен қарызды өндіріп алу туралы сөйлесе алады. Кредит шартында мұндай шарт болса, олар туыстарына, әріптестеріне немесе кредитке қатысы жоқ басқа адамдармен борышкердің байланыс деректерін білу үшін байланысуы мүмкін.

Коллекторлар құқылы:

  • агенттіктің ресми тіркелген нөмірінен телефон арқылы қоңырау шалуға;
  • СМС жазуға;
  • электрондық пошта арқылы хат жазуға;
  • қағаз түрінде хат жіберуге;
  • үйіңізге келуге немесе агенттіктің кеңсесіне шақыруға.

Бірақ заң бойынша оларға байланысқа тек жұмыс күндері таңғы 8-ден кешкі 9-ға дейін шығуға болады. Коллекторлар күніне үш реттен артық емес қоңырау шалуға және аптасына үш реттен артық емес жеке кездесуге құқылы.

Показ изображения imageArticle

Заң әңгіменің мазмұнын да реттейді. Агенттік өкілі қарыз, оның сомасы туралы айтады, қарыз алушының міндеттері және төлемеудің салдары туралы хабарлайды. Коллектор қарыз алушымен алғаш рет байланысқа шыққан кезде ол бұл мәселені реттеу жолдары туралы айтады.

Коллекторларға не істеуге тыйым салынады?

Коллекторларға анонимді түрде әрекет етуге, белгіленгеннен артық рет қоңырау шалуға және келуге, белгіленген уақыттан бөлек байланысқа шығуға тыйым салынады. Заңмен белгіленген тәсілдерден басқа байланыс жолдарын қолдануға тыйым салынады. Мысалы, коллекторлар жұмысқа келіп немесе сізді көшеде күте алмайды. Сонымен қатар олардың келесі әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы жоқ:

  • борышкердің жазбаша келісімінсіз кез келген мәліметтерді жария етуге;
  • берешек туралы қате ақпарат беруге;
  • мүлкіңізді бүлдіруге, қорқытуға және т.б. заңсыз әрекеттерді жүзеге асыруға.
Показ изображения imageArticle
Егер коллектор сіздің банктік шотыңызды бұғаттау, мүлкіңізге тыйым салу немесе сату туралы айтатын болса, сенбеңіз. Оның мұндай өкілеттілігі жоқ, оны тек сот орындаушылары жасай алады.

Коллекторлардың заңдылығын қалай тексеруге болады?

Егер сізге біреу қоңырау шалып, өзін коллекторлық агенттіктің қызметкері ретінде таныстырса, алдымен бұл компанияның заңдылығын тексерген жөн. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінде тұрған компаниялар ғана азаматтардан қарыздарды өндіріп алуға құқылы. Ол үшін олар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (ҚНРДА) тіркелуі тиіс.

Коллекторлық қызмет туралы Заңның 5-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес агенттік қызметкері әрбір байланыс кезінде борышкерге өзі жұмыс істейтін ұйымның атын, оның тізілімдегі нөмірін және мекенжайын хабарлауға міндетті. Бұл мәліметтерді ҚНРДА сайтында «Басқа қаржы ұйымдары»/ «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімдері» бөлімінде тексеруге болады. Егер компания бұл тізілімде болса, онда ол оның заңды түрде жұмыс істейтіндігін дәлелдейді. Жоқ болса, байланысты жалғастырмаңыз.

Қоллекторлармен өзін қалай ұстау керек?

Егер сізге заңды агенттік байланысқа шықса, ең бастысы: өтірік айтып, жауапкершіліктен қашпаңыз. Заң бойынша борышкер коллекторлармен өзара әрекеттесуге, мекенжайы, телефоны, жеке деректері өзгергені туралы уақытында хабарлауға, табыс деңгейі мен мүлкі туралы шынайы ақпарат айтуға міндетті. Егер сіз осы талаптарды бұзсаңыз, банк немесе агенттік сотқа баруы мүмкін. Сонда қарыз сомасын ғана емес, сот шығындарын да өтеуге мәжбүр боласыз.

Ең алымен банкпен жасалған шартты талап етіңіз. Заң бойынша бұл шарт сізге ұсынылуы тиіс. Коллекторлар қарызыңызды сатып алды ма, әлде кредитордың мүдделелерін қорғап жатыр ма - соны анықтаңыз. Олардың сотқа жүгіну құқығы осыған байланысты болады. Қарыздың нақты мөлшерін анықтаңыз — ол коллекторлардың банкпен жасасқан шартында көрсетілген.

Коллекторлармен әңгімені диктофонға немесе бейнекамераға түсіріңіз. Олар заңсыз әрекеттер жасаса, сіз оны дәлелдей аласыз.

Қарызды сотқа дейінгі тәртіппен қалай реттеуге болады?

Істі сотқа жеткізбей, коллекторлармен әрекеттесіп, қарызды қайта құрылымдау жөн.

Агенттік қызметкері сізбен алғаш рет байланысқаннан кейін сізде кредит шартының талаптарын өзгерту туралы өтініш беру үшін бір ай болады. Өтініште кредитті төлемеу себебін көрсетіңіз. Табыстарыңыз, мүлкіңіз, отбасыңыздың құрамы және кредиторға маңызды болуы мүмкін барлық ақпаратты беріңіз. Қарызды төлеудің өз нұсқасын ұсыныңыз.

Мерзімі өткен кредит мәселелерін шешудің заңды тәсілдерінің бірі — қайта қаржыландыру. Оның көмегімен ай сайынғы төлем сомасын азайтуға болады. Home Credit банкінде қайта қаржыландыру кезінде бірнеше кредитті бір кредитке біріктіріп, кредиттік жүктемені азайтуға болады.


10 күн ішінде коллекторлық агенттік өтінішіңізді кредиторға береді, ал тағы 15 күннен кейін (немесе одан ертерек) банк жауап береді:

  • сіздің ұсынысыңызбен келісіп, шарт талаптарын өзгертеді;
  • өзінің реттеу шарттарын ұсынады;
  • себебін түсіндіріп бас тартады.

Коллекторлар сіздің құқықтарыңызды бұзса не істеу керек?

Егер компания заңсыз әрекеттерді жасаса, ҚНРДА-ға онлайн жүгініңіз. Агенттік коллекторлардың жұмысын тексереді және бұзушылықтар анықталса, коллектордың агенттік жабылуы және тізілімнен шығарылуы мүмкін.

Коллекторлармен қандай да бір жанжал орын алса, Stop-Collector қызметі арқылы шағым қалдыруға болады. Бұл Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасының жобасы. Ол қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету үшін арнайы жасалған қызмет.

Ал егер коллекторлар мүлкіңізге зиян келтіріп, сізді қорқытса, күш көрсетсе немесе тіл тигізсе, полицияға хабарласыңыз.

image
Ирина Волкова
Блог авторы
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер