Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Инвестициялар және жинақ ақша
5 минут

Депозит бойынша тиімді мөлшерлеме дегеніміз не және оны қалай есептеуге болады?

Депозит бойынша тиімді мөлшерлеме дегеніміз не және оны қалай есептеуге болады?

Банктердің әртүрлі ұсыныстарынан тиімді депозитті табу оңай емес. Депозит шарттарын түсіну үшін бізге тиімді пайыздық мөлшерлеме көрсеткіші қажет болады. Оның көмегімен салым табыстылығына баға беріп, дұрыс таңдау жасауға болады. 

 

Салым бойынша тиімді мөлшерлеме дегеніміз не?

 

Тиімді пайыздық мөлшерлеме пайыздық капиталдандыруды ескере отырып, салым бойынша нақты жылдық кірісті көрсетеді. Бұл көрсеткіш депозит мерзімі аяқталғаннан кейін салымшы қандай соманы алатынын есептеуге көмектеседі. 

Мысалы, сіз пайыздар ай сайын есептелетін банктік салымды аштыңыз. Шарттарға сәйкес депозит бойынша табыс ай сайын картаға немесе шотқа түсетін болса, сізге қарапайым немесе номиналды пайыз есептеледі. Бірақ сыйақы ай сайын бастапқы сомаға қосылатын болса, күрделі пайыз немесе капиталдандыру пайда болады. Бұл жағдайда табыс салымның қалдығына ғана емес, бірақ оған қоса жинақталған пайыздарға да есептеледі.

Мысалы:

Сіз салымды 5 000 000 теңгеге 6 айға жылдық 15% мөлшерлемесі бойынша сыйақы ай сайын есептелетін салымды аштыңыз. Әр айдың соңында банк 61 644 ₸ мөлшеріндегі пайыздарды картаға аударады. Жарты жыл ішінде сіз 369 864 ₸ пайда аласыз.

Егер сіз капиталдандыруы бар депозитті таңдасаңыз, онда бірінші айдың соңында салым есептелген пайыздар сомасына, яғни 61 644 теңгеге өседі. Екінші айдың соңында банк сыйақыны пайыздармен бірге бүкіл сомаға есептейді, сондықтан кіріс 62 404 ₸, ал үшінші айдың соңында ол 63 173 ₸ құрайды. Нәтижесінде 6 ай ішінде сізге 381 452 ₸ есептеледі.

Номиналды мөлшерлеме 15% болса да, 6 айдағы салымның нақты кірістілігі жоғары болып шығады. Капиталдандыру қарапайым мөлшерлемені тиімді мөлшерлемеге айналдырады. Күрделі пайыздың арқасында ол номиналды мөлшерлемеден жоғары болады.

 

Тиімді мөлшерлемені не үшін есептеу керек?

 

Әдетте банктер ұсынатын номиналды мөлшерлеме салымның нақты құнын көрсетпейді. Тиімді мөлшерлеме мерзімнің соңында нақты қанша ақша болатынын түсінуге көмектеседі. Тиімді мөлшерлеменің көмегімен:

  • капиталдандыруды есепке алып, салымның нақты кірістілігін білуге;
  • банктердің ұсыныстарын салыстырып, ең тиімді нұсқаны таңдауға;
  • капиталдандыру мен депозиттің ыңғайлы мерзімін таңдауға;
  • ірі қаржылық мақсаттарға жету үшін бюджетті жоспарлауға болады.

Мысалы, салымшыға үй немесе көлік сатып алуға ақша жетіспейді. Ол қажетті соманы тезірек жинауға мүмкіндік беретін депозитті таңдағысы келеді. Ол үшін әртүрлі банктердің салымдары бойынша тиімді мөлшерлемелерді салыстыру қажет. Мөлшерлемелер кредиттік ұйымдардың сайттарында, агрегаторларда және шарт талаптарында жазылады. Күтілетін кірісті депозиттік калькуляторда немесе тиімді пайыздық мөлшерлеме формуласы бойынша есептеуге болады.

 

Тиімді пайыздық мөлшерлеме формуласы

 

Тиімді пайыздық мөлшерлеме формуласы төменде келтірілген:

ТМ=((1+НМ/100/n)〖^(nt )〗-1)×100/t,

мұндағы:

НМ — номиналды пайыздық мөлшерлеме,

n — бір жылдағы пайыздарды есептеу кезеңдерінің саны,

t — салым мерзімі (жыл).

Депозит үшін тиімді пайыздық мөлшерлемені алдағы мысал негізінде есептеп көрейік. Пайыздар ай сайын есептеледі, яғни n = 12, ал салым мерзімі — 6 ай, яғни 0,5 жыл. Онда:

ТМ= ((1+15/100/12)〖^(12×0,5)〗-1)×100/0,5=15,47%

Ал 6 ай ішіндегі салым бойынша кіріс:

(5 000 000₸×15,47%÷ 365 күн)×180 күн=381 452₸

 

Тиімді мөлшерлеме қандай факторларға байланысты болады?

 

Формуладан көріп отырғандай, мөлшерлеме депозит мерзімі мен пайыздарды есептеу кезеңіне байланысты болады. Капиталдандыру неғұрлым жиі жүргізілсе және ақшаны орналастыру мерзімі неғұрлым ұзақ болса, кірістілік соғұрлым жоғары болады.

Мысалы, егер біз депозитті екі жылға ашатын болсақ, онда салым бойынша тиімді мөлшерлеме келесідей болады: 

ТМ=((1+15%÷100÷12)〖^(12×2)〗-1)×100÷2=17,36%

 

Бірақ жоғарыда келтірілген формула тек толықтыру, ақша алу мүмкіндігі жоқ және белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттер үшін қолданылады. Салымдардың басқа түрлері үшін формула күрделірек болады. Қателеспеу үшін депозиттік калькуляторды қолданған жөн.

Сонда толықтырылатын салымдар үшін кірістілікті есептеу кезінде номиналды пайыздық мөлшерлеме, қосымша жарналардың мөлшері мен кезеңділігі есепке алынады. Шотты неғұрлым жиі толықтырсаңыз және ондағы қалдық неғұрлым көп болса, тиімді пайыздық мөлшерлеме соғұрлым жоғары болады. Бірақ егер депозит шарттары бойынша ақшаны ішінара алуға мүмкіндігі бар болса, онда салымның жалпы сомасы азайған кезде тиімді пайыздық мөлшерлеме де төмендейді.

Салымдар бойынша тиімді мөлшерлеме көбінесе мерзімге байланысты болады. Ұзақ мерзімді салымдарда тиімді мөлшерлеме әдетте қысқа мерзімді депозиттермен салыстырғанда төмен болып табылады. Өйткені шарттың қолданылу кезеңінде Ұлттық Банк мөлшерлемені төмендетуі мүмкін. Сонда депозит банк үшін тиімсіз болады.

Мысалы, Home Credit Bank «Сберегательный хоум» депозитін келесі шарттарда ашуды ұсынады:

imageArticle

Салым шарттары бойынша күнделікті капиталдандыру бар. Сыйақының максималды жылдық тиімді мөлшерлемесі 6 ай мерзімге орналастырылған депозиттерге қолданылады. 

imageArticle

Тиімді пайыздық мөлшерлеме депозитті таңдау кезінде есепке алынатын жалғыз көрсеткіш емес екендігін есте сақтау қажет. Оған қоса банк беделіне, салымды мерзімінен бұрын жабу шарттарына, қаражатты толықтыру және алу мүмкіндігіне және т.б. шарттарға назар аудару керек.

Танымал өнімдер мен қызметтер