ЛТЖ дегеніміз не?
ЛТЖ — бұл банк карталары мен шоттардың иелеріне қарапайым деректемелер бойынша және минималды комиссиямен лездік төлемдер мен аударымдар жасауға мүмкіндік беретін платформа. Ол үшін екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдары бірлесіп жұмыс жасайды.
ЛТЖ платформасы — бұл қазақстандық өнім. Деректер сақталатын серверлер Ұлттық Банктің инфрақұрылымына кіреді. Сондықтан ЛТЖ-дегі аударымдар мен төлемдер қауіпсіз және Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерімен салыстырғанда арзан болып табылады. Жіберушілер үшін комиссияны банктер белгілейді және ол бір операция үшін 10 теңгеден аспайды.
ЛТЖ жергілікті жүйе болғандықтан, барлық есептеулер тек ұлттық валютада жасалынады. Бір транзакцияның максималды сомасы - 500 мың ₸. Бұл шектеу алаяқтықтан қосымша қорғау үшін енгізілді.
Қазақстанда лездік төлемдер жүйесі қалай жұмыс істейді?
ЛТЖ арқылы аударымдар және төлемдер жасау үшін жүйеге қатысушы банктердің бірінің клиенті болу қажет. Бүгінгі таңда жүйеге 10 қазақстандық банк, оның ішінде Home Credit Bank және «Қазпошта» қосылды. Қазақстанның қалған банктері ЛТЖ-ға 2024 жылдың соңына дейін қосылуды жоспарлап отыр.
Home Credit банктің Home Card дебет картасын аударымдар жасау үшін ғана емес, тиімді сатып алулар жасау үшін де пайдалануға болады. Әрбір транзакциядан сіз кепілдендірілген кэшбэк аласыз, ал картадан 100 000 теңгеден артық қалдық болған жағдайда күн сайын қосымша 2% бонус есептеледі. |
Иллюстрация 1
ЛТЖ-де төлемдер мен аударымдар жасау үшін мобильді телефонға банктің қосымшасын орнату қажет. Сайтты да пайдалануға болады, бірақ қосымша арқылы операциялар жасау ыңғайлы болады.
Қазір ЛТЖ арқылы екі түрлі операцияларды жасауға болады:
- басқа адамдарға телефон нөмірі бойынша ақша аудару;
- QR код бойынша төлемдер жасау.
Жеке тұлғалар арасындағы аударымдар (P2P). Ақша жөнелтуші, жіберуші сияқты, ЛТЖ қатысушы банктің клиенті болуы керек: оның банк картасы немесе телефон нөміріне қосылған шоты болуы керек.
Әр банктік қосымшада төлем алгоритмі әртүрлі болады, бірақ оларды түсіну қиын емес. Әрекеттер келесідей болуы мүмкін:
- банктің мобильді қосымшасына кіріңіз;
- «Аударымдар» бөлімін табыңыз;
- онда «Телефон нөмірі бойынша» қойындысын таңдаңыз;
- алушының телефон нөмірін енгізіңіз;
- оның шоты немесе картасы бар банкті таңдаңыз;
- соманы енгізіп, аударымды растаңыз.
Осыдан кейін ақша алушының шотына немесе картасына бірден түседі, ал аударым туралы ақпарат сіздің операциялар тарихыңызда сақталады.
QR-код бойынша төлем жасау. Дүкенде төлемді тез жасау үшін тек мобильді телефон ғана қажет болады. Банк қосымшасына кіріп, QR-код бойынша төлем жасауды таңдаңыз, QR-кодқа камераны бағыттап сканерлеңіз. Сатып алу сомасын енгізу әдетте қажет емес, оны сатушы енгізеді. Сізге тек төлемді растау қажет.
ЛТЖ артықшылықтары
✅ Транзакциялар жасау оңай. Басқа адамға ақша аудару үшін оның картасының нөмірін іздеудің қажеті жоқ — енді телефон нөмірін енгізу жеткілікті.
Бұрын мұны тек бір банктің клиенттері жасай алатын. Енді телефон нөмірі бойынша аударымдарды жіберуші мен алушы әртүрлі банктердің клиенттері болса да жасауға болады. Жалғыз шарт: бұл банктер ЛТЖ қатысушылары болуы тиіс.
QR-код арқылы тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасау одан да ыңғайлы болды. Енді төлемдерді картасыз, тек смартфон арқылы жасауға болады.
✅ Аударымдар мен төлемдер кез келген уақытта қолжетімді. ЛТЖ тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейді.
✅ Төлем операцияларын өңдеу уақыты қысқарады. ЛТЖ арқасында ақша алушының шотына бірден, 10 секунд ішінде түседі.
Қорытынды
- ЛТЖ — бұл Қазақстан ішінде әрекет ететін жылдам және оңай банкаралық төлемдер жүйесі.
- ЛТЖ көмегімен басқа банктердің клиенттеріне бірнеше секунд ішінде ақша аударып, QR-код бойынша сатып алулар жасауға болады.
- ЛТЖ-дағы аударымдар үшін комиссия 10 теңгеден аспайды.
- Қатысушы банктердің бірінде картасы немесе шоты бар кез келген адам лездік төлемдер жүйесін пайдалануы мүмкін.
- Қазір ЛТЖ-ға 10 банк және «Қазпошта» қосылды. Жақын арада лездік төлемдер барлық қазақстандық банктердің клиенттеріне қолжетімді болады деп күтілуде.