Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
5 минут

Картаның қандай деректерін беруге болады және қандай деректерін беруге болмайды: карта нөмірін, cvv кодты, карта мерзімін және басқа да мәліметтерді біле отырып, ақшаны ұрлауға бола ма?

Картаның қандай деректерін беруге болады және қандай деректерін беруге болмайды: карта нөмірін, cvv кодты, карта мерзімін және басқа да мәліметтерді біле отырып, ақшаны ұрлауға бола ма?

Карта деректемелері қандай болады?

Әрбір банк картасында шотты басқару үшін қолданылатын бірегей деректер бар. Олар деректемелер деп аталады. 

Жеке тұлғалар арасындағы төлемдер мен аударымдар үшін қажетті негізгі мәліметтер картаның өзінде көрсетілген. Оларға келесі деректер жатады:

  • карта нөмірі — төлем жүйесінің, банктің және басқа деректердің идентификаторларын қамтитын 16 саннан тұратын комбинация;
  • ұстаушының тегі мен аты латын әріптерімен (карта атаулы болған жағдайда);
  • картаның жарамдылық мерзімі — ай және жыл;
  • CVC немесе CVV — картаның түпнұсқалығын растау үшін қажет артқы жағындағы үш таңбалы тексеру коды (онлайн төлемдер кезінде пин-кодтың аналогы).
Показ изображения imageArticle

Картада көрсетілген деректерден басқа, карточкалық шоттың деректемелері бар: 20 таңбалы IBAN нөмірі және БСК/SWIFT жеке банк коды. Олар банктің мобильді қосымшасында және шартта көрсетілген. Шот деректемелері ел ішіндегі жеке тұлғалар арасындағы төлемдер мен аударымдар үшін қажет емес. Олар, мысалы, халықаралық операциялар үшін қажет болуы мүмкін.

Картаның деректемелеріне пин-код — жеке сәйкестендіру нөмірі де жатады. Бұл банкоматтан ақша алу немесе белгілі бір төлем жасау үшін енгізілетін төрт санның комбинациясы. Пин-код пластикалық картаның өзінде жазылмайды, ол картаны шығарған кезде конвертте беріледі.

Төлемдерді растайтын бір реттік төрт таңбалы SMS-код деректемелерге жатпайды, бірақ оның картамен байланысы бар. Банк оны төлем жүйесінің сұранысы бойынша клиент операция жасағанда, мысалы, интернет-дүкеннің сайтында деректерді енгізген кезде жібереді. 

Қандай деректерді үшінші тарапқа беруге болады?

Үшінші тұлғаларға айтуға болмайтын деректемелер бар. Егер мұндай деректер алаяқтардың қолына түссе, олар ақша алып немесе онлайн сатып алулар жасауы мүмкін. Карта иесі алаяқтарға деректемелерді өзі айтып қойса, банк ақшаны қайтара алмайды.

Алаяқтар неғұрлым көп деректемелер білсе, ақшаны қайтару соғұрлым қиын болады. Бірақ кейбір деректерді үшінші тұлғаларға беру қауіпсіз болып табылады. Оларға келесі деректер жатады:

🔒 Карта нөмірі. Карта нөмір арқылы оның иесіне ақша аударуға ғана болады. Картадағы ақшаны ұрлау үшін нөмір жеткіліксіз. 

Егер сіздің банкіңіз лездік төлем жүйесіне қосылған болса, аударым жасау үшін карта қосылған телефон нөмірі ғана қажет болады. Егер карта нөмірі, сіздің атыңыз бен телефон нөміріңіз алаяқтарға белгілі болса, уайымдамаңыз, бұл ақпаратпен шоттан ақша алу мүмкін емес. 

🔒 Шот деректемелері — IBAN және SWIFT. Шот нөмірі, яғни IBAN бойынша да қаражат ұрлау мүмкін емес. Сондықтан 20 таңбалы кодты жұмыс берушілерге немесе сізге трансшекаралық аударым жасағысы келетін адамдарға хабарлауға болады.

SWIFT немесе БСК — құпия ақпарат емес: ол белгілі бір банктің идентификаторы, ол барлық клиенттер үшін бірдей болады.

Картаның қандай деректерін хабарлауға болмайды?

Келесі деректерді ешқашан үшінші тұлғаларға айтпаңыз:

Картаның жарамдылық мерзімі. Алаяқтар картаның жарамдылық мерзімін және нөмірін білсе, олар кейбір онлайн-дүкендерде төлем жасай алады. Егер алаяқтар карта нөмірін білсе, олар сіздің шотыңыздан төлем жасай алады.

CVV немесе CVC код. Интернеттегі тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін ғана қажет. Егер біреу, мысалы, өзін полиция қызметкері немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, үш таңбалы кодты атауды талап етсе — бұл алаяқтар болуы мүмкін.

Сайттарда да кодты сақтықпен енгізу керек. Интернет-ресурсты мұқият тексеру қажет. Қауіпсіз сайттардың мекенжайында жабық құлып белгішесі болады. Егер мұндай белгіше болмаса, онда алаяқтар сіз енгізген деректерді өз мақсаттары үшін қолдана алады.

Пин-код. Төрт таңбалы қауіпсіздік кодын да ешкімге хабарлауға болмайды. Пин-код тек қана төлем жасау үшін және ақша алу үшін қажет, сондықтан оны жария етуге болмайды.

Пин-код бар конвертті картамен бірге сақтамаңыз: егер екеуі де алаяқтардың қолына түссе, олар банкоматтан шоттан барлық ақшаны ала алады.

Бір реттік SMS-код. Егер біреу сізге ақша аудару немесе «шотты қорғау» үшін SMS-кодты айтуды сұраса, сенбеңіз: бұл алаяқтар деген сөз. SMS код төлемді растау үшін қолданылады. Егер бұл ақпарат картаның басқа деректемелерімен бірге алаляқтарға белгілі болса, олар сіздің онлайн-банкіңізге кіріп, кез келген операцияны, оның ішінде сіздің атыңызға кредит ала алады.

Егер сіз алаяқтарға төлем мәліметтерін беріп қойсаңыз не істеу керек?

Ең алдымен картаны бұғаттау керек. Мұны банк қосымшасында немесе жедел желіге қоңырау шалу арқылы жасауға болады. Жоғалған картаны да дереу түрде бұғаттау керек. Қауіпсіздік үшін мобильді қосымшадағы құпия сөзді өзгертіңіз. 

Содан кейін банк қызметкеріне хабарласып, жағдайды түсіндіріңіз. Барлық ақша операцияларды тоқтатып, қалған шоттарды бұғаттауды сұраңыз. Көбінесе мұндай жағдайларда карта ұстаушының өзі кінәлі болып саналады. Сондықтан полицияға да хабарласыңыз: құқық қорғау органдары алаяқтарды табуы мүмкін.

Ақшаны қалай қорғауға болады?

Мұндай жағдайлардың орын алуына жол бермей, сақ болу қажет. Төлем деректемелерін бейтаныс адамдарға еш жағдайда бермеңіз. Ақшаны қорғау бойынша келесі кеңестерді ұсынамыз.

  • Картаны таныс емес адамдардың қолына, мысалы, мейрамханадағы даяшыларға бермеңіз. 
  • Картаңыздың фотосуреттерін ешкімге жібермеңіз, оларды әлеуметтік желілерге салмаңыз.

 

  • Онлайн төлем жасаған кезде сайттың URL мекенжайын тексеріңіз: кейде алаяқтар жалған ресурстарды танымал маркетплейстер мен қызметтер сайты ретінде жасайды.
  • Бір реттік есептен шығару сомасын шектеңіз немесе SMS-кодпен растауды қосыңыз.
  • Аударымдарды телефон нөмірі бойынша лездік төлем жүйесі арқылы қабылдаңыз.
  • Банктен келетін хабарламаларды қосыңыз: олардың арқасында сіз есептен шығарылған сомалар туралы бірден біліп отырасыз.

Ақшаны қорғаудың тағы бір тәсілі — картада аз соманы сақтау. Ақша жинау үшін арнайы шот ашқан дұрыс. Мысалы, толықтыру және ақша алу мүмкіндігі бар депозитті ашуға болады. Депозит ақшаны үнемдеуге ғана емес, оның мөлшерін арттыруға да көмектеседі.

Эмитент-банк ұсынатын қаржылық қорғау қызметі пайдалы алдын алу шарасы болып табылады. Home Credit банкте бұл қызметті DOS және DOS PRO кредит карталары бойынша алуға болады. Бұл қызметпен алаяқтардан қорқудың қажеті жоқ: ақша ұрланса да, сақтандыру компаниясы шығындарды өтейді.

image
Ирина Волкова
Блог авторы

Танымал өнімдер мен қызметтер