Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Бизнес
10 минут

Қазақстанда жеке кәсіпкер қандай салықтарды төлейді?

Қазақстанда жеке кәсіпкер қандай салықтарды төлейді?

Заңды бұзбау үшін кәсіпкер бюджетке міндетті төлемдерді — салықтарды, жарналарды, әлеуметтік аударымдарды дұрыс есептеп, уақтылы төлеуі керек. Кәсіпкер өзі үшін ғана емес, қызметкерлер үшін де салық төлеу керек. Төлемдер мөлшері таңдалған салық режиміне байланысты болады. Бұл мақалада біз жалпы белгіленген салық режимі, оңайлатылған салық салу жүйесі, патент және басқа режимдер бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер қандай салықтар төлейтіні, ақшаны аудару және декларация тапсыру мерзімдері туралы айтамыз.

 

Жалпы белгіленген салық режимінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер төлейтін салықтар

 

Жалпы белгіленген салық режимінде салық жеңілдіктері жоқ. Бірақ шектеулер де аз. Компанияда 250 қызметкерге дейін және оның табысы 300 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК) болуы мүмкін. Бұл шамамен 1,107 млрд ₸ (1 АЕК = 3 692 ₸). Қызмет түрлері бойынша да шектеулер жоқ: жалпы белгіленген салық режимі жеке кәсіпкерге рұқсат етілген кез келген бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді.

Егер жылдық табыс 300 000 АЕК-тен асатын болса, ал қызметкерлер саны 250 адам болса, онда кәсіпкер жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істей алмайды. Ол ЖШС ашу керек.


Үлкен компаниялар қызметкерлердің санына немесе олардың табысына қойылған шектеулерге байланысты басқа режимдерді қолдана алмайды. Сондықтан оған жалпы белгіленген салық режимі сәйкес келеді. Сонымен қатар компания заңды немесе бухгалтерлік қызметтермен айналысатын болса, жалпы белгіленген салық режимін қолдануы тиіс.

Салық. Жалпы белгіленген салық режиміндегі негізгі салық — жеке табыс салығы (ЖТС). Оның мөлшерлемесі таза жылдық кірістің 10%-ын құрайды. Жеке табыс салығын өткен салық кезеңі үшін жылына бір рет төленуі тиіс. Яғни 2024 жылы салық 2023 жыл үшін төленеді. Салық төлеу мерзімі — декларация тапсырылғаннан кейін 12 сәуірге дейін.

Өзі үшін төленетін жарналар. Жыл сайынғы жеке табыс салығынан басқа, кәсіпкер ай сайын өзі үшін және қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдер жасауы тиіс. Олар ай сайынғы кірісті ескере отырып есептеледі. Кәсіпкер өзіне кез келген жалақыны белгілей алады, бірақ ол ең төменгі деңгейден, яғни 85 000 ₸ кем болмауы керек.

Жалпы белгіленген салық режимінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер ай сайын өзі үшін келесі төлемдерді жасайды:

  • Әлеуметтік аударымдар — жалақыдан 3,5%. Мысалы, егер кәсіпкердің ай сайынғы табысы 85 000 ₸ болса, төлем 2 975 ₸ құрайды.
  • Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты есептеу үшін ағымдағы ай үшін қос АЕК-тен (3 692 ₸ х 2) әлеуметтік аударымдарды шегеру керек. Мәселен, егер әлеуметтік аударымдар 2 975 ₸ болса, салық (3 692 х 2) – 2 975 = 4 450 ₸ құрайды.
  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) жалақыдан 10%-ды құрайды.
  • Медициналық сақтандыру жарналары (ЖМС) келесі формула бойынша есептеледі: ең төменгі жалақы (ЕТЖ) х 1,4 х 5%. Бұл сома тіркелген және ЕТЖ мәніне байланысты болады. 2024 жылы ол 4 409 теңгені құрайды.
Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар — бұл әртүрлі нәрселер. Әлеуметтік салық жалпы мемлекеттік бюджетке, ал әлеуметтік аударымдар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорындағы адамның жеке шотына түседі. Әлеуметтік аударымдардан жүктілік және босану, жұмысынан айырылу сияқты жәрдемақылар төленеді.


Қызметкерлер үшін төленетін жарналар. Кәсіпкер әр қызметкер үшін ай сайын келесі төлемдерді жасайды:

  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — жалақыдан 10%;
  • Әлеуметтік аударымдар — жалақыдан 3,5% (МЗЖ-ны шегергенде);
  • Әлеуметтік салық — ең төменгі жалақы минус әлеуметтік аударымдар;
  • МӘМСЖ — жалақыдан 2%;
  • МӘМС (медициналық сақтандыру аударымдары. Оларды жарналармен шатастырмау керек) — жалақыдан 3%;
  • Жеке табыс салығы — жалақыдан 10%, МЗЖ, МӘМСЖ және 14 АЕК-ті шегергенде;

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1975 жылдан кейін туылған қызметкерлер үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) төленуі тиіс. 2024 жылы ЖМЗЖ қызметкердің жалақысынан 1,5%-ды құрайды. ЖМЗЖ жыл сайын ұлғаяды және 2028 жылға қарай 5%-ға дейін жетеді.

МЗЖ, МӘМСЖ және ЖТС салықтарының мөлшерін кәсіпкер қызметкердің номиналды жалақысынан шегереді, ал әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, МӘМС және ЖМЗЖ салықтарын өз ақшасынан төлейді.

Барлық ай сайынғы төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-сінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

Есептілік. Басқа режимдермен салыстырғанда жалпы белгіленген салық режимінде есептілік процесі өте күрделі және мұқияттылықты талап етеді. Сондықтан компанияға бухгалтер қажет.

Жыл сайын 31 наурызға дейін жеке кәсіпкер 220.00 нысаны бойынша салық декларациясын тапсыруға міндетті. Онда салық төлеуші туралы жалпы ақпарат, кірістер туралы мәліметтер, салық кезеңіндегі шегерімдер, ЖТС есебі көрсетіледі.

Қызметкерлердің салықтары бойынша 200.00 нысаны қолданылады. Оны тоқсан сайын мамырдың, тамыздың, қарашаның және ақпанның 15-іне дейін тапсыру керек. Есепте қызметкерлердің ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МЗЖ, МӘМСЖ және МӘМС мөлшерлері көрсетіледі.

 

Оңайлатылған салық салу режимі бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер төлейтін салықтар

 

Жеке кәсіпкерлер көбінесе оңайлатылған салық салу режимі бойынша жұмыс жасайды. Оның артықшылықтары — оңайлатылған салық салу және қарапайым есептілік. Жеке кәсіпкер оңайлатылған салық салу режимін келесі жағдайларда қолдана алады:

  • Қызметкерлер саны кәсіпкердің өзімен бірге 30 адамнан аспайды.
  • Жартыжылдықтағы пайда — 24 038 АЕК-тен, яғни 2024 жылы шамамен 88,7 млн ₸ аспайды. Бірақ бұл кірісті 94 086 АЕК-ке дейін арттыруға болады (бұл шамамен 347 млн ₸). Ол үшін кәсіпкер салық жүйесінде тіркелген үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдануы керек. Ол кассадан, POS-терминалдан және ERP шот бағдарламасынан тұрады.
  • Жеке кәсіпкерліктің филиалдары тек бір елді мекенде орналасуы қажет.

Салық кодексі бойынша кейбір қызмет түрлері үшін оңайлатылған салық салу режимін қолдануға тыйым салынады. Оларға акцизделетін тауарларды өндіру және көтерме сауда арқылы сату, мұнай өнімдерін сату, кеңес беру қызметтері және т.б. жатады. Оңайлатылған салық салу режимін қолдануға болмайтын қызмет түрлерінің толық тізімі ҚР СК 683-бабында келтірілген.

Салық. Оңайлатылған салық салу режимі бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкердің негізгі салығы табыс үшін төленеді. Ол жарты жылдағы табыстың 3% мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Табыс салығы ЖТС және әлеуметтік салықтан тұрады. Соманың жартысы (табыстың 1,5%) — табыс салығы, ал екінші жартысы (тағы 1,5%) — әлеуметтік салық.

Табыс салығын жарты жылда бір рет, 25-ші ақпанға дейін және 25-шы тамызға дейін төлеу керек.

Негізгі табыс салығынан басқа, оңайлатылған салық салу режимінде ай сайынғы төлемдер бар. Жалпы белгіленген салық режиміндегідей, кәсіпкер оны өзі және қызметкерлері үшін төлеу керек. Ыңғайлы болу үшін салықтар төменде келтірілген кестелерде келтірілген.

Жеке кәсіпкер өзі үшін төлейтін ай сайынғы төлемдер:

Төлем түріМөлшерлеме есебіТөлеу мерзімі
МЗЖжалақыдан 10%өткен салық кезеңі үшін әр айдың 25-іне дейін
Әлеуметтік аударымдаржалақыдан 3,5%
МӘМСЖ1,4 ЕТЖ-дан 5%

Жеке кәсіпкер қызметкерлер үшін төлейтін ай сайынғы төлемдер:

Төлем түріМөлшерлеме есебіТөлеу мерзімі
МЗЖжалақыдан 10%өткен салық кезеңі үшін әр айдың 25-іне дейін
Әлеуметтік аударымдаржалақыдан 3,5% (МЗЖ-ны шегергенде)
МӘМСжалақыдан 3%
МӘМСЖжалақыдан 2%
Қызметкердің ЖТС салығыжалақыдан 10% (МӘМСЖ, МЗЖ және 14 еселенген мөлшердегі АЕК-ті шегергенде)
ЖМЗЖ (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап)2024 жылы жалақыдан 1,5% 

2023 жылдан бастап оңайлатылған салық салу режимі бойынша жұмыс жасайтын кәсіпкерлер бір қызметкерге 6 төлемнің орнына бір ғана салық төлемін жасай алады. 2024 жылы ол 21,5%-ды құрайды. 2028 жылға дейін ол біртіндеп өсіп, 26,3%-ға дейін артады.

Есептілік. Оны 910.00 нысаны бойынша оңайлатылған декларация түрінде тапсырылады. Есептілік беру мерзімі — 15 ақпанға және 15 тамызға дейін.

 

Патент бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер жеке кәсіпкер төлейтін салықтар

 

Егер кәсіпкер жалғыз өзі ғана жұмыс істесе, ал жылдық табысы 3 528 АЕК-тен (шамамен 13 млн ₸) аспаса, оған патент бойынша жұмыс жасау тиімді әрі ыңғайлы болады. Бірақ бұл режимді тек 32 қызмет түрі үшін пайдалануға болады. Мысалы, оны шаштараздар, жөндеушілер, жүргізушілер, фотографтар, репетиторлар қолдана алады. Қызмет түрлерінің толық тізімі ҚР СК 685-бабында келтірілген.

Әдетте патент бір жылға сатып алынады. Өйткені бұл режимде салық кезеңі бір жылды құрайды. Бірақ оны бір айдан бір жылға дейін кез келген мерзімге сатып алуға болады. Жаңа патентті ескі патенттің мерзімі аяқталғанға дейін сатып алу керек. Әйтпесе, кәсіпкер автоматты түрде жалпы белгіленген салық режиміне ауысады.

Патенттің құны болжамды жылдық кірістің 1%-ын құрайды. Жеке кәсіпкер бұл соманы 911.00 нысаны бойынша есептейді. Болжалды жылдық табыс қызмет түріне және басқа да жағдайларға байланысты болады.

Салықтарға келетін болсақ, патенттің құны ЖТС болып табылады. Бұл режим үшін басқа міндетті төлемдер — МЗЖ, әлеуметтік аударымдар және МӘМСЖ. Олар жалпы белгіленген және оңайлатылған салық салу режимдеріндегі мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

Есептілік. Егер сіз патент бойынша жұмыс жасасаңыз, декларация тапсырудың қажеті жоқ. Салық органы үшін 911.00 нысаны бойынша өтініш беру жеткілікті. Бұл нысан патент сатып алу кезінде беріледі.

 

Тіркелген шегерім пайдаланылатын режимде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер төлейтін салықтар

 

Бұл режим кәсіпкерлерге салық салынатын кірісті 30%-ға азайтуға және салықты табыстың 100%-ынан емес, тек 70%-ынан төлеуге мүмкіндік береді. Жеке кәсіпкер тіркелген шегерім пайдаланылатын режимді келесі жағдайларда пайдалана алады:

  • қызметкерлер саны — максимум 50 адам;
  • жылдық табыс — 144 185 АЕК-тен артық емес;
  • компанияның басқа елді мекендерде филиалдары жоқ.

Сонымен қатар қызмет түрі бойынша оңайлатылған салық салу режимі үшін қолданылатын шектеулер бар.

Осы режимдегі ЖТС, әлеуметтік салық, МЗЖ және өзі мен қызметкерлері үшін басқа да төлемдер бойынша мөлшерлемелер, сондай-ақ есептілік

жалпы белгіленген салық салу режимімен бірдей. Олардың тек бір айырмашылығы бар: жыл сайынғы салық декларациясы 912.00 нысаны бойынша жасалынады.

 

«Бөлшек салық» режимі бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер төлейтін салықтар

 

Бұл арнайы режимді бөлшек саудамен және басқа да қызмет түрлерімен (барлығы 190 қызмет түрі бар. ЭҚЖЖ тізімі ҚР Үкіметінің №393 Қаулысында келтірілген) айналысатын кәсіпкерлер пайдалана алады. Табыс бойынша шектеу — 600 000 АЕК, қызметкерлер саны бойынша — 200 адам.

ЖТС және әлеуметтік салықтың орнына жеке кәсіпкер келесі мөлшерлемелер бойынша бірыңғай салық төлейді:

  • Шегерімді қолданатын сатып алушыларға (әдетте заңды тұлғаларға) тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін табыстың 8%-ын;
  • Жеке тұлғаларға тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін табыстың 4%-ын.

МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, МӘМСЖ және осы режимдегі қызметкерлер үшін жасалатын төлемдер стандартты болып табылады.

Кәсіпкер декларацияны тоқсан сайын мамырдың, тамыздың, қарашаның және ақпанның 15-іне дейін 913.00 нысаны бойынша тапсырады. Бөлшек салық аталған әр айдың 25-іне дейін төленуі керек.

 

Салық режимдерінің негізгі айырмашылықтары

 

Айырмашылықтар келесі кестелерде келтірілген.

Салық режимі / айырмашылықтар Жалпы белгіленген салық режиміОңайлатылған салық салу режиміПатентТіркелген шегерім«Бөлшек салық»
Салық жүктемесімаксималды: табыстан 10%орташа: 3%минималды: болжалды табыстан 1%қызмет түріне байланысты болады
Табыс пен қызметкерлер санына қойылатын шектеулершектеу жоқ: 250 қызметкерге және 300 000 АЕК-ке дейін30 қызметкерге және 24 038 АЕК-ке дейінтабыс қатаң түрде шектелген (3528 АЕК), қызметкерлерді жалдауға болмайдышарттар оңайлатылған салық салу режиміне қарағанда оңай, бірақ жалпы белгіленген салық режиміне қарағанда қатаң: 50 қызметкерге және 144 185 АЕК-ке дейіншектеу жоқ: 200 қызметкерге және 600 000 АЕК-ке дейін
Есептіліккүрделі: бухгалтер керекқарапайым: дербес түрде жасауға боладыталап етілмейдікүрделікүрделі


Кестеден көрсетілгендей, жүктеме неғұрлым аз және есептілік оңай болса, шектеулер соғұрлым көп болады. Көптеген кәсіпкерлер үшін оңайлатылған салық салу режимі ең тиімді болып табылады. Бұл режим бизнесті жүргізу үшін ыңғайлы.

 

Жеке кәсіпкер төлейтін қосымша салықтар

 

Жоғарыда келтірілген салықтардан бөлек басқа да салықтар бар. Олар тек белгілі бір жағдайларда төленеді:

  • Айналым бір жыл ішінде 20 000 АЕК-тен асатын болса. Бірақ оңайлатылған салық салу режимі бойынша үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданатын жеке кәсіпкер үшін қойылатын шектеу — 144 184 АЕК. «Бөлшек салық» режимін қолданатын кәсіпкерлер ҚҚС төлемейді.
Салық органы ҚҚС төлеу керек екенін хабарламай, бірден айыппұл салады. Сондықтан табысыңызды дербес түрде бақылау маңызды. Табыс белгіленген шектен асқан жағдайда, 10 күн ішінде компанияны ҚҚС бойынша есепке қойып, салық төлеу керек.
  • Егер кәсіпкер тауарларды ЕАЭО елдерінен әкеліп сататын болса.
  • Егер жеке кәсіпкер жылжымайтын мүлікке ие болса, ол мүлік пен жер салығын төлейді.
  • Егер бизнес ластаушы заттардың шығарындыларымен байланысты болса, өтемақы ретінде қоршаған ортаға эмиссия үшін салық төлеу қажет.

Барлық қосымша салықтар, олардың мөлшерлемелері және есептілік ережелері төменгі кестеде келтірілген:

СалықМөлшерлемеТөлеу мерзіміЕсептілік нысаныЕсептілік тапсыру мерзімі
ҚҚС12%тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-іне дейін300.00тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейін
Импортқа салынатын ҚҚС12%ай сайын, келесі айдың 20-ына дейін328.00ай сайын, келесі айдың 20-ына дейін
Мүлік салығыСалық базасынан 0,5%тоқсан сайын, ақпанның, мамырдың, тамыздың, қарашаның 25-іне дейін

700.00

 

келесі жылдың 31-ші наурызына дейін

 

Жер салығы

 

елді мекенге байланысты

 

Эмиссия үшін салық

 

870.00

 

тоқсан сайын, ақпанның, мамырдың, тамыздың, қарашаның 15-іне дейін

 

Егер салық уақтылы төленбесе, не болады?

 

Салық міндеттемелерін орындамау үшін жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Салық міндеттемелерін бұзу кезінде қолданылатын шаралар әртүрлі болады. Мысалы, егер кәсіпкер МЗЖ, әлеуметтік аударымдарды және МӘМС төлемдерін уақтылы жасамаса, бірінші рет салық органы ескерту жасайды. Егер бұзушылық қайталанса, төленбеген салықтардың 20% мөлшерінде айыппұл салынады.

Салықтық бұзушылықтар үшін барлық жауапкершілік шаралары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 91, 92, 269, 270, 272, 280-баптарында келтірілген.

Танымал өнімдер мен қызметтер