Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Бизнес
10 минут

Жеке кәсіпкерлікті тоқтатуға бола ма: оны қалай және кім жасай алады, қандай мерзімге тоқтатуға болады, қандай құжаттар қажет?

Жеке кәсіпкерлікті тоқтатуға бола ма: оны қалай және кім жасай алады, қандай мерзімге тоқтатуға болады, қандай құжаттар қажет?

Жеке кәсіпкерлік қызметін кім тоқтатуы мүмкін?

ҚР Салық кодексі бұл рәсімді барлық кәсіпкерлерге жүргізуге рұқсат береді. Бірақ келесі жеке кәсіпкерлер өз қызметтерін тоқтата алмайды:

📌 Бірыңғай жер салығы бар арнайы режимдегі жеке кәсіпкерлік;

📌 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы режимдегі жеке кәсіпкерлік;

📌 ойын бизнесі саласындағы жеке кәсіпкерлік.

ТБЖ бойынша тәуекел деңгейі жоғары жалпы салық режиміндегі кәсіпкерлердің қызметін тоқтату мүмкін емес. Ол салықтар мен жарналарды уақытында төлемейтін, салық жүктемесі төмен (заңсыз схемалардың белгісі) күмәнді контрагенттермен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тағайындалады. Өзіңіздің тәуекел санатыңызды Салық төлеушінің кабинетінен білуге болады.

Жеке кәсіпкерлік қызметін қандай мерзімге тоқтатуға болады?

ҚР СК-нің 213-бабында қызметті тоқтатдың мүмкін болатын ең ұзақ кезеңі салық міндеттемесі бойынша талап қою мерзімімен сәйкес келетіні айтылған. Жеке кәсіпкерлік үшін ол әдетте 3 жылды құрайды.

Бұл жағдайда минималды мерзім шектелмейді: бизнесті жарты жылға да тоқтатуға болады. Егер осы уақыт ішінде бизнесте қиындықтар болса, жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату кезеңін ұзартуға рұқсат етіледі. Бірақ жалпы мерзім 3 жылдан аспауы керек. Егер сіз тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін жұмысты ертерек бастағыңыз келсе, кез келген уақытта жаңартуға болады.

Показ изображения imageArticle
Есеп беру кезінде тауарларды сатуға, қызмет көрсетуге болмайды.. Егер Мемлекеттік кірістер комитеті сіздің коммерциялық қызметпен айналысып жатқаныңызды анықтаса, ол автоматты түрде кәсіпкерлікті тоқтатудан бас тартады және сол сәттен бастап сіз декларацияны тапсыруға міндетті боласыз. Және бұл ретте салық органы өз шешімі туралы айтпайды.

Жеке кәсіпкерлік қызметін қалай тоқтатуға болады?

Ол үшін жергілікті Мемлекеттік кірістер комитетіне келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:
 

📃 Тоқтату күніне дейінгі ағымдағы кезең үшін салық декларациясын. Мысалы, оңайлатылған режиміндегі жеке кәсіпкер 2024 жылдың 1 мамырынан бастап жұмысын уақытша тоқтатқысы келеді. Демек, салық кезеңі тамыз айында аяқталатынына қарамастан, ақпан-сәуір айлары аралығындағы кезең үшін декларация тапсыру қажет.

📃 Салық есептілігін ұсынуды тоқтату (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініш. Бұл құжаттың белгіленген үлгісі бар, оны Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жүктеуге болады. Өтініште қажетті тармақты (тоқтата тұру) белгілеп, декларацияны тапсыруды уақытша тоқтату мерзімін көрсетіңіз.

📃 ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш. Егер сіз қосылған құн салығын төлемесеңіз, бұл тармақты өткізіп жіберуге болады.

Патенттегі жеке кәсіпкерлер үшін рәсім оңай: олардан есептеуді тоқтату туралы өтініш қана қажет.

Құжаттарды қосымшадағы «Салық төлеушінің кабинеті» немесе egov.kz порталы арқылы онлайн тапсыруға болады, бірақ бұл үшін ЭЦҚ қажет. Сондай-ақ оларды қағаз түрінде жергілікті салық бөлімшесіне немесе ХҚКО-ға тапсыруға болады.

Салық органы өтініш бойынша шешімді бір жұмыс күні ішінде қабылдайды. Жеке кәсіпкерлік мәртебесін «Салық төлеушінің кабинетінде» көруге болады.

Тоқтатудан қай кезде бас тартылуы мүмкін?

Салық органы қызметті тоқтату туралы өтінішті келесі жағдайларда қабылдамайды:

❌ салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздар болса;

❌ қажетті құжаттар жеткіліксіз болса — мысалы, салық декларациясы немесе ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш болмаса;

❌ кәсіпкер Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлама алды, бірақ оларды орындамады;

❌ Жеке кәсіпкерлік әрекетсіз деп танылса (бұл үшін негіздер тізімі ҚР СК 91-бабында келтірілген).

Соңғысынан басқа, осы жағдайлардың барлығында бас тарту себебін жоюға және қайтадан өтініш беруге болады.

Қандай салықтарды төлеу керек болады?

Қызметті тоқтату табыс және әлеуметтік салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден уақытша босатады. Бірақ кәсіпкер сонда да ай сайын міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлеуі керек. Ол минималды жалақының 1,4-ке еселенген мөлшерінен 5% мөлшерлемесі бойынша есептеледі, ол 2024 жылы 85 000 теңгені құрайды. Яғни қазір МӘМСЖ:

🧮 85 000 х 1,4 х 5% = 4 409 ₸ құрайды.

Бұл ретте егер кәсіпкер жұмысқа орналасса, ол сонда да жеке кәсіпкер ретінде МӘМСЖ төлеуі керек.

Одан бөлек, қызметті тоқтату жер, мүлік және көлік салығын төлеуден босатпайды.

Заң бойынша жеке кәсіпкерлікті тоқтату кезеңінде банк шотының жабылуы талап етілмейді. Оны салық төлеу үшін және басқа да мақсаттарға пайдалануға болады. Егер сізде Home Credit банкінде шот ашылған болса, сіз қосымшаның көмегімен бюджетке төлемдерді тез әрі оңай жасай аласыз. Сондай-ақ картасыз ақша алуға және ЖСН бойынша шотты толықтыруға болады. Қосымша қаржыны басқаруды жеңілдетеді: барлық ақпарат смартфонда қолжетімді.

Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатуды қалай ұзартуға немесе жұмысты қалай қайта бастауға болады?

Сіз есеп беруді бір жылға тоқтаттыңыз делік. Сіз осы уақыт ішінде қаржылық жағдайды түзетуді жоспарладыңыз. Бірақ мерзімнің соңына қарай бизнес жұмысын қайта бастауға дайын емес екені анықталды. Сол кезде сіз салық органына сол өтініш бере аласыз, тек «салық есептілігін ұсынуды тоқтату мерзімін ұзарту» тармағын белгілейсіз. Тиісінше үзілістің басталу және аяқталу күндерін енгізу керек. Бірақ есіңізде болсын, алдыңғы тоқтату уақытымен бірге жалпы мерзім 3 жылдан аспауы керек.

Немесе керісінше: бизнесті бастауға дайынсыз, бірақ тоқтату мерзімі әлі аяқталған жоқ. Бұл жағдайда өтініште «салық есептілігін ұсынуды қайта бастау» тармағын белгілеу қажет. Күн өрісінде қайта бастағыңыз келетін күнді көрсетіңіз.

Танымал өнімдер мен қызметтер