Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
6 минут

Кредиттік досьені дербес түрде тексеру жөніндегі қадамдық нұсқаулық

Кредиттік досьені дербес түрде тексеру жөніндегі қадамдық нұсқаулық

 

Кредиттік тарих — бұл банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қаржылық бейнеңіз. Ол кредиттің берілуіне, оның пайыздық мөлшерлемесіне және бөліп төлеу мүмкіндігіне әсер етеді. Сондықтан оның бар екенін білу ғана жеткіліксіз, сонымен қатар оны тексере білу де маңызды. Бұл мақалада ЖСН бойынша кредитіңіз, қарызыңыз немесе мерзімі өткен төлемдеріңіздің бар-жоғын қалай анықтауға болатынын және өз кредиттік есебіңізді қалай тегін алуға болатыны туралы айтатын боламыз. 

 

Кредиттік тарих дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Кредиттік тарих — бұл белсенді және өтелген кредиттер, микрокредиттер, ипотекаларға қатысты барлық міндеттемелердің жиынтығы. Ол банктер мен микроқаржы ұйымдары ҚР кредиттік бюросына беретін деректер негізінде қалыптастырылады. 

Қазақстанның әрбір азаматы өзінің төлем тәртібін көрсететін кредиттік рейтингке ие. Егер сіз төлемдерді уақытында жасасаңыз, онда рейтингіңіз жоғары, және керісінше, егер төлем мерзімін кешіктіріп, қарыздарыңыз болса, төмен болады. Кредиттік тарихыңызды тек кредитке өтініш берген кезде ғана емес, сондай-ақ қателердің жоқтығына көз жеткізіп, жалпы ақпарат алу үшін тексеру қажет. 

Заңнамаға сәйкес әр адам жылына бір рет өзінің кредиттік тарихын тегін алуға құқылы. Бұл құқықты міндетті түрде пайдалану керек. 

 

Сізде кредиттер немесе қарыздардың бар-жоғын қалай тексеруге болады: қадамдық нұсқаулық

Показ изображения imageArticle

Сізде кредиттер немесе қарыздардың бар-жоғын Қазпоштаның кез келген бөлімшесінен білуге болады. Ол үшін операторға жеке куәлікпен жүгініп, кредиттік бюродан есеп сұрау қажет. Қазпошта қызметкері үзінді көшірмені жүктейді. Онда қолданыстағы кредиттер, олардың сомалары, мерзімдері, мерзімі өткен төлемдер (бар болса), сондай-ақ ағымдағы кредиттік жүктеме туралы ақпарат болады. Бұл қызмет Қазпоштаның Қазақстанның ресми кредиттік бюроларымен интеграциясы негізінде ұсынылады және кредиттік тарихты дербес түрде тексерудің ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып табылады. 

Егер сізде ашық кредиттердің немесе микрокредиттердің бар-жоғына сенімді болмасаңыз, оларды онлайн да тексеруге болады. Ол үшін ЖСН және бұл қызметтерге қолжетімділік болуы қажет. Төменде толық қадамдық нұсқаулық келтірілген. 

 

1-қадам. ЖСН және цифрлық қызметтерге қолжетімділікті тексеріңіз

Сізде ЖСН мен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе мобильді қолтаңба бар екендігіне көз жеткізіңіз. Бұл деректер ҚР кредиттік бюроларымен жұмыс істейтін порталдарда авторландыру үшін қажет болады. 

Маңызды ақпарат: кредиттік тарих туралы ақпарат алу үшін міндетті түрде авторландыру қажет. Деректер тек тегі бойынша ұсынылмайды. Сондықтан «тегі арқылы кредиттер бойынша ақпаратты тегін білу» деген сөздер шындыққа сәйкес келмейді.

 

2-қадам. Кредиттік тарихыңызды сұратыңыз

Жүйеге кіргеннен кейін сіз кредиттік тарихыңызды алу үшін ресми сұрау жібере аласыз. Есепте келесі ақпарат болады: 

  • белсенді кредиттер туралы ақпарат;
  • бұрын болған кредиттер туралы ақпарат;
  • кредиттер бойынша қарыздар туралы ақпарат; 
  • микрокредиттер бойынша мерзімі өткені төлемдер туралы ақпарат;
  • сіздің ағымдағы кредиттік рейтингіңіз. 

Яғни, ЖСН бойынша барлық кредиттер, оның ішінде микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар бойынша толық ақпаратты алуға болады. Бұл Қазақстанда ЖСН бойынша кредиттерді тексерудің сенімді жолы. 

 

3-қадам. Деректерді талдаңыз

Есепті алған кезде оны мұқият қарап шығыңыз. Онда көрсетілген барлық кредиттер сізге тиесілі екеніне көз жеткізіңіз. Кейде есепте ескі деректер немесе қателіктер болуы мүмкін. Егер сіз қате тапсаңыз, оны түзету үшін ҚР кредиттік бюросына өтініш беру құқығыңыз бар. 

Рейтинг бөліміне назар аударыңыз. Ол сіздің қарыз алушы ретінде қаншалықты сенімді екеніңізді көрсетеді. Кредиттік тарихыңыздың рейтингі неғұрлым жоғары болса, кредитті тиімді шарттармен мақұлдау ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. 

 

Кредиттік тарихты тегін алуға бола ма?

Иә, Қазақстанда әрбір азамат жылына бір рет өзінің кредиттік тарихын тегін ала алады. Бұл заңмен бекітілген ереже. Мұндай кредиттік тарихтың оның ақылы нұсқасынан ешбір айырмашылығы жоқ. Онда да белсенді және жабық кредиттер, қарыздар, микрокредиттер және кредиттік рейтинг туралы толық ақпарат бар. 

Home Credit Bank өз клиенттеріне кредиттік тарихтарын тексеріп отыруды ұсынады. Сонда қателіктер болса, оларды уақытында түзетіп, кредиттік рейтингті жоғары деңгейде сақтауға болады. 

Жиі қойылатын сұрақтар: аты-жөні, қателіктер, микрокредиттер

Көптеген адамдар қарыздарды тегі бойынша тегін білуге бола ма деп сұрайды. Жауабы — жоқ. Кредиттік тарихқа ЖСН және ЭЦҚ арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ол жеке деректерді қорғау үшін қажет. 

Кредиттік тарихтың нашар болуына банктік кредиттермен қатар, микрокредиттер де әсер ететінін түсіну маңызды. Сондықтан, егер Сіз Қазақстанның микрокредиттері бойынша барлық қарыздарыңызды білгіңіз келсе - ҚР кредиттік бюросының есебін жүктеу қажет. 

Егер кредиттік тарихыңызда сіз ресімдемеген кредитті немесе қате есептелген кешіктірілген төлемді байқасаңыз, міндетті түрді бюроға хабарласыңыз. Қателерді түзету қажет. Бұл сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз. 

 

Home Credit Bank клиенттерге өз кредиттерін бақылауға көмектеседі

Показ изображения imageArticle

Home Credit Bank клиенттерге кредиттерін бақылау үшін ыңғайлы құралдарды ұсынады. Мобильді қосымшада және home.kz сайтындағы жеке кабинетте: 

  • қолданыстағы кредиттер мен бөліп төлеу қызметтерін көруге; 
  • ай сайынғы төлем сомасы және төлем кестесін көруге; 
  • төлем мерзімі жақындағаны туралы хабарлама алуға; 
  • төлем мерзімінің ықтимал кешіктірілуі туралы ақпарат алып, оның алдын алуға; 
  • басты беттегі «Менің қаржым» бөлімін пайдалануға болады. Онда карта бойынша барлық кірістер мен шығындар көрсетіледі. Ол шығындарды бақылау және бюджетті жоспарлау үшін қажет.  

Сонымен қатар банк өз блогында қаржылық сауаттылық мәселелеріне қатысты сұрақтарды, кредиттерді басқару, бюджетті жоспарлау және алаяқтардан сақтану туралы кеңестерін үнемі жазып отырады. 

 

Қазақстандағы кредиттік тарих

Кредиттік тарихты тексеру — бұл қаржылық сауаттылықтың маңызды бөлігі. Кредиттер, қарыздар, кешіктірілген төлемдер туралы толық ақпаратты алу өте оңай. Ол үшін ЖСН білу және жүйеге кіру қажет. 

Қазақстанда кредиттік тарих әрбір азаматқа жылына бір рет тегін қолжетімді. Соны мұқият зерттеп, қажет болса, оны түзетіп, өз кредиттік рейтингіңізді көтеруге болады. 

Home Credit Bank-пен сіз әрдайым бір қадам алда боласыз: біз қаржыны бақылауға алып, дұрыс шешім қабылдауға көмектесеміз. Кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп, болашаққа сенімді болыңыз. 

image
Ирина Волкова
Блог авторы
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер