Қаржылық еркіндікке жету немесе ірі сатып алу жасау деген арман көбіне бір сұрақтан басталады: қалай 1 миллион теңге жинауға болады? Бірақ нақты мақсат қойып, дұрыс жоспар жасасаңыз — 1 миллион теңге жинау қолжетімді. Ең бастысы – табысыңызға сай ыңғайлы тәсілді таңдап, тәртіппен әрекет ету.
Бүгінде тауарлар мен қызметер қымбаттап жатқанда ақша жинау нағыз қажеттілікке айналды. Қаржылық қауіпсіздік қоры, баланың оқуы, үйге бастапқы жарна немесе автокөлік – бұның барлығы алдын ала ақша жинауды талап етеді. Миллион теңгені жинау әбден мүмкін. Айына 150 000 – 250 000 теңге табатын адам да миллион теңге жинай алады. Ол үшін ең бастысы – нақты жоспар жасап, соны ұстану.
Миллион теңге – қол жетпейтін арман емес, табысыңыз бен шығыныңызды дұрыс басқарсаңыз, жетуге болатын нақты мақсат.
Қалаған 1 миллион теңгеге жетудің жолы әр адамда әртүрлі — бәрі сіздің қаржылық мүмкіндігіңіз бен ақша жинауға қаншалықты дайын екеніңізге байланысты. Бастысы – өзіңізге ыңғайлы қарқынмен бастау.
Нақты мысалдарды қарастырайық. Ай сайын 50 000 теңге жинасаңыз — 1 миллионға 20 айда, яғни 1,5 жылда жетесіз. Егер 100 000 теңге жинасаңыз — миллион теңгені небәрі 10 айда жинайсыз. Бастапқыда кішігірім мақсаттан бастауға болады — мысалы, алдымен «100 000 теңге жинау» деген мақсат қойыңыз. Кейін табыс көбейсе немесе шығын азайса, жинайтын ақшаны көбейте аласыз. Тіпті сіз «50 000 теңге жинау» сияқты мақсаттан бастасаңыз да, бұл дұрыс қаржылық әдет қалыптастыруға көмектеседі
Қаржылық кеңесшілер табыстың белгілі бір бөлігін үнемі жинап отыруды ұсынады. Жалақыдан қанша ақша жинау керек екенін қарастырайық:
Табыстың 10%-ын жинау: Егер жалақыңыз 150 000 теңге болса — айына 15 000 теңге жинайсыз. Бұл жағдайда миллион теңге жинау үшін шамамен 67 ай (яғни 5,5 жыл) қажет. Ал егер табысыңыз 250 000 теңге болса — айына 25 000 теңге жинап, 40 айда (шамамен 3 жыл 4 ай) мақсатыңызға жетесіз.
Табыстың 20%-ын жинау: Егер жалақыңыз 150 000 теңге болса — айына 30 000 теңге жинайсыз. Бұл жағдайда миллион теңге жинау үшін шамамен 34 ай (яғни шамамен 3 жыл) қажет. 250 000 теңге табыспен 50 000 теңге жинау арқылы мақсатқа 20 айда (яғни 1 жыл 8 айда) жетуге болады.
Табыстың 30%-ын жинау: Егер 150 000 теңгеден 45 000 теңге жинасаңыз — миллион теңгеге 22–23 айда жетесіз. 250 000 теңгеден 75 000 теңге жинасаңыз — бар болғаны 13 айдан сәл аса уақытта мақсатыңыз орындалады.
Қанша пайыз жинау сіздің қазіргі қаржылық міндеттемелеріңіз бен өзіңізге ыңғайлы өмір сүру деңгейіне байланысты. Ең маңыздысы – тұрақтылық. Сондықтан жалақыдан үнемі және еркін түрде жинай алатын соманы белгілеп алған дұрыс.
Ақша жинауды бастау – ең қиын қадам. Бірақ бірнеше қарапайым қадам арқылы жинауды оңай бастап кете аласыз.
Бірінші қадам – шешім қабылдау. Егер сіз осы мақаланы оқып отырсаңыз, демек, бірінші қадам жасадыңыз. Енді ең маңыздысы — қалай ақша жинауға болатынын түсіну және оны жүйелі әдетке айналдыру.
Бюджет жасаңыз: Бір ай бойы барлық табысыңыз бен шығындарыңызды жазып отырыңыз. Бұл қаражатыңыз қайда кетіп жатқанын түсінуге және қажетсіз шығындарды азайтуға көмектеседі. home.kz мобильді қосымшасында шығындарды талдауға арналған ыңғайлы құрал бар — ол сіздің ақша ағыныңызды анық көрсетіп береді.
Қажетсіз шығындардан бас тартыңыз: Жұмысқа бара жатып күн сайын алатын кофе, күтпеген сатып алулар немесе қажетсіз жазылымдар — осындай ұсақ-түйектер айдың соңында едәуір сомаға айналуы мүмкін. Бұл шығындарды бақылауға алуға тырысыңыз. home.kz мобильді қосымшасындағы автоматты жинақтауды пайдаланыңыз. Бұл — ең тиімді тәсілдердің бірі. Жалақы түсетін картаңыздан «Жинақ ақша» жинақ шотына белгілі бір соманың автоматты түрде аударылуын баптаңыз. Ыңғайлы күнді таңдаңыз — мысалы, жалақы түсетін күн. Сонда ақша жұмсалмай жатып, «өздігінен» жинақтала береді.
Home Credit Bank жинақ процесін жеңіл әрі тиімді ету үшін бірнеше ыңғайлы құрал ұсынады:
Толықтыруға болатын депозит: Депозитті тікелей мобильді қосымша арқылы ашуға болады — бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Бұл — сіздің жеке «қаржы сейфіңіз», мұнда ақшаңыз жинақталып отырады.
Жалақыдан автоматты түрде ақша аудару: Негізгі картаңыздан депозитке белгілі бір соманың автоматты түрде аударылуын баптаңыз. Бұл тәсіл ақша жинау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Мобильді қосымшадағы шығындарды талдау құралы: Шығындарды бақылаңыз, қай жерде ақша үнемдеуге болатынын анықтаңыз және артық ақшаны жинақтап отырыңыз.
Шотты 1000 теңгеден бастап толықтыру мүмкіндігі: Ақша жинауды кішкентай сомадан бастауға болады. Ең бастысы — тұрақты түрде жинау. Уақыт өте келе салым көлемін ұлғайта аласыз.
Ақша жинауды бастау — істің жартысы ғана. Ең қиыны — сол жолдан таймай, тәртіпті сақтап, үнемі жинақ жасау дағдысын қалыптастыру.
Жинақ процесін ойынға айналдырыңыз. Мысалы, мобильді қосымшадағы депозитке мақсатқа сай атау беріңіз: «100 000 теңге жинау» немесе «50 000 теңге жинау». Бұл сіздің миллионға апарар жолдарыңыз болады. Осындай шағын мақсаттарға жету сізге қосымша мотивация береді. Үлкен мақсатты бірнеше кішкентай мақсатқа бөлген дұрыс — сонда ол қолжетімді болып көрінеді.
Егер мақсатыңыз — 1 миллион теңге жинау болса, тәртіп пен тұрақтылық — басты кілт. Тәртіпті сақтауға көмектесетін бірнеше кеңес:
Прогресс кестесін жүргізіңіз: Ақша салған әр кезді белгілеп жүріңіз. Бұл қарапайым Excel кестесі де, арнайы қосымша да болуы мүмкін.
Үлкен сатып алуларды кейінге қалдырыңыз: Жоспарланбаған сатып алу жасамас бұрын өзіңізге кемі бір апта уақыт беріңіз. Көп жағдайда бұл зат сізге қатты қажет еместігі анықталады — ал үнемделген ақшаны жинай аласыз.
Жинақ ақшаға тиіспеңіз: Мақсатқа жеткенге дейін жинақ ақшаға тиіспейтініңізді (аса маңызды себептер болмаса) өзіңіз үшін нақтылап алыңыз. Күтпеген жағдайларға бөлек қауіпіздік қорын ашқан жөн. Миллион жинау деген үлкен мақсатыңызды есте сақтаңыз. Егер өзіңізге сенімсіз болсаңыз — Home Credit Bank 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ашылатын, ақша алуға болмайтын депозиттерді ұсынады. Мұндай депозит шынымен де ақша жинауға көмектеседі.
Құттықтаймыз! Сіз мақсатыңызға жеттіңіз — шотыңызда 1 миллион теңге бар. Енді не істеу керек? Бірнеше нұсқа бар:
Депозитке салыңыз: Ақша әрі қарай көбейгенін қаласаңыз — оны тиімді депозитке салыңыз. Home Credit Bank жинағыңызды сақтап қана қоймай, көбейтуге көмектесетін түрлі депозиттік және инвестициялық өнімдер ұсынады.
Қаржылық қауіпсіздік қоры ретінде сақтаңыз: Бұл миллион күтпеген жағдайларда сіздің сенімді тірегіңіз бола алады.
Оқуға, жөндеу жұмыстарына немесе армандаған демалысқа пайдаланыңыз: Ақшаны біліктілікті арттыру, үйді жөндеу немесе есте қаларлық саяхатқа аттану сияқты көптен бері жоспарлап жүрген арманыңызға жұмсаңыз.
Қай жолды таңдасаңыз да, ең бастысы — сіз қаржылық мақсатқа жетуді үйрендіңіз. Home Credit Bank жинағыңызды қауіпсіз түрде сақтап, тиімді пайдалануға көмектесетін сенімді құралдарды ұсынады. Қаржылық тұрақтылыққа апарар жолыңыз сәтті болсын!
Пайдалы кеңестер мен жаңа қаржылық идеялардан забардар болу үшін home.kz блогын оқыңыз.
Сұрақ: Home Credit Bank маған 1 миллион теңге жинауға көмектесу үшін қандай нақты құралдар ұсынады? Ай сайынғы жалақыдан қаражатты жүйелі түрде жинап отыру үшін не істей аламын?
Жауап: Home Credit Bank банктің мобильді қосымшасында оңай ашылатын толықтыру мүмкіндігі бар тиімді депозиттерді ұсынады. Сонымен қатар, жалақы түскен күні негізгі картаңыздан депозитке белгілі бір сома немесе пайыз мөлшерінде автоматты аударым жасауға болады. Бұл тәсіл ақшаны «өздігінен» жинауға мүмкіндік береді
Сұрақ: Home Credit Bank мобильді қосымшасында менің шығындарымды бақылап, ақша үнемдеуге болатын санаттарды анықтауға көмектесетін функциялар бар ма?
Жауап: Иә, мобильді қосымшада шығындарыңызды талдайтын арнайы құрал бар. Ол қаржы ағынын нақты көрсетеді — қай санатқа қанша ақша жұмсалып жатқанын анық көре аласыз.
Сұрақ: Егер мен әзірге аз ғана соманы жинай алсам, Home Credit Bank арқылы миллион теңгеге жинай аламын ба?
Жауап: Әрине, бастау үшін үлкен сома қажет емес. Home Credit Bank сізге небәрі 1000 теңгеден бастап депозитті толықтыру мүмкіндігін ұсынады. Ең бастысы — жинақтау процесінің тұрақты болуы. Аз-аздан бастап, біртіндеп аударым сомасын арттыра отырып, сіз пайдалы қаржылық әдет қалыптастырып, үлкен мақсатқа қарай сенімді түрде қадам баса аласыз.
Сұрақ: Егер мен миллион теңге жинасам, Home Credit Bank сол қаражатпен не істеуді ұсынады?
Жауап: Сіз өз мақсатыңызға жеткен кезде Home Credit Bank бұл қаражатты жай ғана сақтамай, оны әрі арттыруды ұсынады. Жиналған соманы банк ұсынатын тиімді депозиттік немесе инвестициялық өнімдерге орналастыру арқылы сіз өз жинағыңызды инфляциядан қорғап қана қоймай, оны көбейтуге де мүмкіндік аласыз.