Жарияланды 13.06.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
Бизнесті бастамас бұрын ЖШС мен ЖК арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет.
Әкімшілік-құқықтық мәртебе. ЖК — бұл жеке тұлға, ал ЖШС — заңды тұлға, яғни компания. Жеке кәсіпкер бизнесті жалғыз иеленеді. ЖШС-ның бірнеше құрылтайшылары (жеке де, заңды тұлғалар да) болуы мүмкін. Олар пайданы бір-бірімен бизнеске қатысу үлесіне пропорционалды түрде бөледі. Бұл жарғылық капиталға енгізген сома мөлшерімен айқындалады. Егер жарғылық капитал болмаса, қатысушылар компанияның құрылтай шарты мен жарғысында өз үлестерін анықтайды.
Салықтар. ЖК де, ЖШС де арнайы салық режимдерін, көбінесе салық салудың оңайлатылған жүйесiн қолдануы мүмкін. Салық салудың оңайлатылған жүйесiнде ЖК және ЖШС үшін үлкен айырмашылық жоқ. Бірақ қызмет түріне немесе бизнес ауқымына байланысты жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істеу керек болса ЖШС ЖК-ге қарағанда артық төлейді. Жеке кәсіпкерге салынатын салықтар туралы біздің басқа мақаламызда оқуға болады.
Кредиторлар алдындағы жауапкершілік дәрежесі. ЖШС өз міндеттемелері бойынша компанияның мүлкімен және қатысушылардың үлестерімен жауапты болады. Егер бизнес жабылса, құрылтайшылар компанияны және оған салынған ақшаны да жоғалтады. Жеке кәсіпкер міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді: кредиторлар алдындағы қарыздар үшін ол пәтерден, көліктен немесе басқа мүлкінен айырылуы мүмкін.
Бизнесті басқару. Жеке кәсіпкер тек меншік құқығын тапсырып, жеке бренд пен клиенттік базаны ешкімге бере алмайды. Заңға сәйкес ЖШС қатысушылары компаниядағы өз үлестерін сатуға құқылы емес.
ЖШС заңды тұлға ретінде Қазақстаннан тыс жерлерде филиалдар ашуы мүмкін. Егер ЖК халықаралық нарыққа шыққысы келсе, басқа елде тағы бір компания ашуға тура келеді. Бұл күрделі процесс болуы мүмкін.
Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. ЖК және ЖШС-ның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Олар келесі кестеде келтірілген.
| ЖК | ЖШС | ||
| Ресімдеу | ✅ оңай: қарапайым процедура | ❌ күрделі процесс: құрылтай шарты мен жарғыны әзірлеу, жалғыз құрылтайшының шешімімен немесе жалпы жиналыстың хаттамасымен ЖШС құруды бекіту қажет | |
| Құрылтайшылар саны | ❌ жалғыз адам | ✅ құқытары бірдей бірнеше құрылтайшы | |
| Салық жүктемесі: | жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі | ✅ жоғары, бірақ ЖШС-ге қарағанда төмен | ❌ табыс салығы ЖК-ге қарағанда екі есе жоғары |
| оңайлатылған салық салу режимі | ✅ төмен | ✅ төмен | |
| Жауапкершілік | ❌ міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді | ✅ тек компанияның мүлкімен жауап береді | |
| Бизнесті сату | ❌ шын мәнінде, компания жоқ, бизнесті сатуға болмайды | ✅ жеке үлестерді де, бүкіл компанияны да сатуға болады | |
| Халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі | ❌ филиалдарды тек Қазақстанда ашуға болады | ✅ бизнесті шетелде де жасауға болады | |
Яғни келесі жағдайларда ЖШС ашқан дұрыс:
1-қадам: Компанияның атауын таңдау. Толық және қысқа нұсқаларды ойлап табу керек. Мысалы, «Архитектурно-строительное проектирование» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Архстройпроект» ЖШС.
Бірақ компанияның атауы тіркелген компаниялардың аттарымен бірдей болмауы тиіс, әйтпесе ЖШС тіркелмейді. Оны egov.kz электрондық үкімет порталында тексеруге болады.
2-қадам: Тіркеу мекенжайын таңдау. Үй-жайды сатып алу немесе жалға алу міндетті емес. Егер сізге кеңсе қажет болмаса, компанияны құрылтайшының тұрғылықты жері бойынша тіркеуге немесе дайын заңды мекенжайды сатып алуға болады.
3-қадам: Қызмет түрін таңдау. Тіркеу кезінде компанияның жұмыс бағытына сәйкес келетін ЭҚЖЖ жіктеуішіндегі кодты көрсету қажет. Мысалы, егер компания жобалаумен айналысатын болса, 41.10 «Құрылыс жобаларын әзірлеу» кодын таңдау керек.
Бизнес бірнеше қызмет түрлерімен айналысқан жағдайда қосымша қызмет бағыттарын таңдауға болады.
4-қадам: Бизнес субъектісінің санатын анықтау. Олардың төрт түрі бар: микро-, шағын, орта және ірі. Санат түрін орташа жылдық табысқа, қызметкерлердің санына және қызмет түріне байланысты таңдау керек.
| Микробизнес | Шағын | Орта | Ірі | |
| Жылдық орташа табыс | 30 мың АЕК-ке дейін | 30 мыңнан 300 мың АЕК-ке дейін | 300 мыңнан 3 млн АЕК-ке дейін | 3 млн АЕК-тен артық |
| Қызметкерлер саны | 15-ке дейін | 15-100 | 100-250 | 250-ден артық |
| Рұқсат етілген қызмет түрлері | ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен басқа барлығы | Барлығы | ||
Салық режимі, жарғылық капиталдың мөлшері және мемлекеттік бажды төлеу қажеттілігі таңдалған санатқа байланысты болады.
5-қадам: Салық режимін таңдау. Оңайлатылған салық салу режимін қолдану тиімді болып табылады. Оны келесі жағдайларда қолдануға болады:
Егер осы шарттардың біреуі орындалмаса, ЖШС жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істейтін болады.
6-қадам: Құрылтай шарты мен жарғыны әзірлеу. Егер компанияны құруға бірнеше адам немесе заңды тұлғал қатысса, құрылтай шарты талап етіледі. Оған қол қойып, нотариуста куәландыру керек.
Жарғы банкте шот ашу, мемлекеттік қызметтерді пайдалану және мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қажет. Бірақ жарғыны ҚР Әділет министрлігі бекіткен редакциядағы үлгі негізінде жасауға болады. Оны еш жерде көрсетудің қажеті жоқ.
Орта және ірі бизнес кәсіпорындары жарғылық капиталды қалыптастыруы керек. Бұл әр қатысушының компанияға қосқан үлесі, яғни ақша, бағалы қағаздар немесе кез келген басқа мүлік болуы мүмкін. Жарғылық капиталдың минималды мөлшері — 100 АЕК.
Шағын және микробизнес жарғылық капиталсыз жұмыс істей алады.
7-қадам: ЖШС-ні салық органында тіркеу. Мұны ХҚКО-да немесе egov.kz сайтында қашықтан жасауға болады. Онлайн тіркелу ыңғайлы, сонымен қатар порталда бірден банкте шот ашып, жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыруға болады (бұл міндетті шарттар). Бірақ ЖШС-ны онлайн тіркеу үшін әрбір құрылтайшыға электрондық цифрлық қолтаңба қажет болады. Оны да egov.kz сайтында немесе ХҚКО-ға барып жасауға болады.
Қадамдық тіркеу кезіндегі әрекеттер тәртібі:
Өтініш 2 жұмыс күні ішінде өңделеді. Оның мәртебесін жеке кабинеттен көруге болады. Салық органы тарапынан мақұлдау келсе, ол заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама береді. Оны egov.kz порталында тегін алуға болады.
ЖШС офлайн тіркеу үшін ХҚКО-ға толтырылған өтініш пен мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті (ірі бизнес үшін) ұсыну қажет.
Заңды тұлғаны тіркеу жеткіліксіз. Компания жұмыс істей бастауы үшін келесі әрекеттерді орындау қажет.
Банктік шот ашу. Мұны екі жолмен жасауға болады:
| Банк қандай цифрлық құралдарды ұсынатынына назар аударыңыз — қызмет саны неғұрлым көп болса, бұл банкпен жұмыс істеу соғұрлым ыңғайлы болады. Home Credit Bank-те онлайн-шот ашуға, операцияларды, оның ішінде валюталық операцияларды жүргізуге және смартфон арқылы қаржыны басқаруға болады. Бөлімшеге барудың қажеті жоқ. |
Банкті таңдағаннан кейін сауалнаманы жүктеп, толтырыңыз. Оны тіркеу туралы өтінішке жарғымен және қолтаңба үлгілерімен бірге қоса жіберіңіз.
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу. Мұны да ЖШС-ны онлайн-тіркеу кезінде жасауға болады. Сақтандыру компаниясын таңдап, сауалнаманы толтыру қажет. Оған қызметкерлердің тізімі мен ЖШС жарғысын қоса беру қажет.
Салық органына салық салу режимі туралы хабарлама жіберіңіз. Бұл әрекет сізге оңайлатылған салық салу режимі қажет болса, міндетті болып табылады. Хабарлама тіркелгеннен кейін 5 күннен кешіктірілмей берілуі тиіс. Егер бұл шарт орындалмаса, салық органы компанияға жалпыға бірдей салық салу режимін тағайындайды.
ҚҚС бойынша есепке тұрыңыз. Қосылған құн салығын жылдық табысы 20 000 АЕК-тен асатын компаниялар төлейді.
Қажет болса, лицензия алыңыз. Лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізімін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 28-бабынан табуға болады.
Онлайн кассаны сатып алыңыз. Ол тек төлемдерді қабылдау үшін ғана емес, сонымен қатар салық төлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беру үшін қажет. Онлайн-кассаны Мемлекеттік кірістер комитетінің жергілікті бөлімшесінде тіркеу қажет.