Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Инвестициялар және жинақ ақша
10 минут

Акциялар мен облигациялар: айырмашылықтары және ақшаны қайда салған дұрыс?

Акциялар мен облигациялар: айырмашылықтары және ақшаны қайда салған дұрыс?

Маңызды ақпарат! Мақалаларды дайындау кезінде біз сарапшылармен кеңесеміз. Бірақ бұл жалпы ақпарат болып табылады және сипатталған шешімдерді инвестициялық ұсыныс деп санауға болмайды. Инвестиция — бұл күрделі тақырып, онда әртүрлі сараптамалық пікірлер бар. Сондықтан инвестицияның негіздері туралы түсінік болу қажет. Өйткені жіберілген қате салдарынан ақшаны жоғалтуға болады. Инвестицияны үйрене бастағанда, арнайы оқытудан өткен немесе маманға жүгінген дұрыс.

Акциялар дегеніміз не және олардан қалай ақша табуға болады?

Акциялар — бұл инвестицияларды тарту үшін акционерлік қоғамдар шығаратын бағалы қағаздар. Олар акциялар иесіне компаниядағы үлесті алуға құқық береді: егер сізде кем дегенде бір акция болса, онда сіз осы компанияның бір бөлігіне иелік етесіз.

Акциялардан дивидендтер мен бағамдық айырмашылықтар бойынша пайда алуға болады.

Дивидендтер бойынша табыс алуДивидендтер — бұл компания өз акционерлеріне үнемі (мысалы, жылына екі рет) төлеп отыратын пайданың бір бөлігі. Бұл пассивті табыс — оны алу үшін акцияларға иелік ету жеткілікті.

Бірақ дивидендтерді барлық компаниялар төлей бермейді. Ірі акционерлік қоғамдар өздерінің беделін арттыру және инвесторларды тарту үшін пайданы жиі түрде акционерлер арасында бөледі. Бірақ төлемдер тұрақты болмауы мүмкін. Егер компания есепті кезеңде (жыл, жарты жыл, тоқсан үшін) аз пайда тапса, директорлар кеңесі дивидендтер төлеуден бас тартуы мүмкін — ақша бизнеске қажет болады.

Төлем мөлшерін компанияның дивидендтік саясаты анықтайды — ол әдетте АҚ сайтында жарияланады. Оның мөлшері бизнестің орташа кірісіне, инвесторлардың мүдделеріне және басқа факторларға байланысты болады. Кейбір компаниялар акционерлер арасында барлық таза кірісті бөледі, ал басқалары тек белгілі бір пайызды ғана төлейді.

Дивидендтер мөлшеріне акциялардың мәртебесі әсер етеді. Акциялар жай немесе артықшылықты болуы мүмкін. Артықшылықты акциялардың иелері компанияның пайдасы кезең қорытындысы бойынша жеткіліксіз деңгейде болса са, төлемдерді бірінші болып алады. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер сомасы тұрақты болып келеді.


Дивидендтік акциялар көбірек табыс әкелуі үшін эмитент компанияны дұрыс таңдау маңызды. Төлемдердің тұрақтылығына және дивидендтердің кірістілігіне назар аудару қажет. Бұл көрсеткіш формула бойынша есептеледі:



 

Мысалы, акция құны 800 ₸ және дивидендтер 70 ₸ құрайды. Бұл жағдайда дивидендтердің кірістілігі келесідей болады:

Қазақстандық компаниялар акцияларының дивидендтік кірістілігінің орташа шамасы — 6-10%.

Дивидендтерден көбірек ақша табу үшін портфельде бірнеше компанияның бағалы қағаздары болу керек: егер олардың біреуі төлемдерді тоқтатса, басқа пассивті кіріс көздері қалады. Ал түскен ақшаны жаңа дивидендтік акцияларға қайта инвестициялауға болады.

Қайта сатудан табыс алу. Биржадағы акциялардың бағасы күн сайын өзгеріп отырады, кейде 10-20% шегінде өзгереді. Оған әртүрлі факторлар әсер етеді: әлемдегі экономикалық және саяси жағдай, нарық саласының жағдайы, компания жұмысы. Cұраныс артса, акциялардың бағамдық құны да өседі. Бағалы қағаздарды ешкім сатып алмайтын болса, олардың бағасы күрт төмендейді.

Егер акцияны арзан сатып алып, қымбат бағаға сатсаңыз, көп ақша табуға болады. Бірақ мәмілеге жақсы уақытты таңдау үшін қор нарығының жұмысын түсініп, жаңалықтарды үнемі бақылап отыру керек. Бірақ сонда да тіпті тәжірибелі трейдерлер де қателік жіберуі мүмкін. Акциялармен сауда жасау кезіндегі тәуекел деңгейі жоғары болады: көп ақша жоғалту оңай.

Акциялардың бағамдық құны өзгерген кездегі ақша табудың әртүрлі стратегиялары бар. Құны біртіндеп өсетін қағаздарды сатып алып, оларды бірнеше ай немесе жыл портфельде сақтауға болады. 

Немесе бағаның өзгеруін бақылап, бір күнде бірнеше сауда жасауға болады. Екінші стратегия тиімді, бірақ тәуекел деңгейі жоғары. Сондықтан оны әдетте тәжірибелі трейдерлер қолданады.

Облигациялар дегеніміз не және олардан қалай ақша табуға болады?

Облигацияларды тек жеке компаниялар ғана емес, мемлекет те шығарады. Мақсаты — қаржыландыруды тарту. Бірақ егер акционерлер компанияның меншік иелері болса, онда облигация ұстаушылар кредиторлар болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып алғанда, олар эмитентке белгілі бір мерзімге: бірнеше айдан бірнеше жылға дейін қарыз береді.

Облигациялар борыштық қолхат ретінде қызмет етеді. Олар эмитенттің, яғни компанияның немесе мемлекеттің сізге сыйақымен бірге ақшаны қайтаруын қамтамасыз етеді. 

Облигациялардан купондық төлемдер мен оларды қайта сату арқылы ақша табуға болады.

Купондық төлемдер — эмитент сіздің ақшаңызды пайдаланғаны үшін төлейтін пайыздар. Олар облигациялардың бүкіл айналым мерзімі ішінде — айына, тоқсанына немесе жылына бір рет жүйелі түрде есептеледі.

Айналым мерзімі аяқталғаннан кейін эмитент сізге бағалы қағаздың номиналды құнын қайтарады. Бірақ қаласаңыз, облигацияларды, мысалы, олардың нарықтық бағасын көтеру арқылы ақша табу үшін биржада ертерек сатуға болады.

Облигациялардың кірістілігі орташа есеппен 5-15% аралығын құрайды. Бірақ төлемдер тұрақты, ал тәуекел деңгейі төмен: ақшаны эмитент банкрот болған жағдайда ғана жоғалтуға болады. Бірақ егер сенімді компаниялардың облигацияларын немесе мемлекеттік бағалы қағаздарды таңдасаңыз, бәрі жақсы болады.

Бағаның өзгеруі: 

  1. Облигацияны жоғары бағамен сату. Инвестор облигацияны номиналды құны бойынша сатып алады. Егер бағалы қағаздың құны оның жарамдылық мерзімі ішінде көтерілсе, оны жоғары бағамен қайта сатуға болады.

     
  2. Облигацияны дисконтпен сатып алу. Кейде облигациялар жеңілдікпен сатылады — бұл дисконт деп аталады. Қағазды өтеу кезінде сіз қағаздың номиналды құнын аласыз: сатып алу бағасы мен номинал арасындағы айырмашылық инвестордың кірісі болып табылады. 

Home Credit Bank-тің дисконттық облигацияларының мысалында осы құралдың көмегімен қанша ақша табуға болатынын есептейік.

Сіз 1000 долларға (номиналды құны бойынша) айналым мерзімі 12 ай болатын бағалы қағаздарды сатып алдыңыз делік. Облигациялардың тұрақты кірістілігі — жылдық 7%. Қағаздың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сіз 1000 доллар және соманың 7%-ын, яғни тағы 70 доллар аласыз.

Акциялар мен облигациялар арасындағы айырмашылық

Акциялар да, облигациялар да — табыс әкелетін бағалы қағаздар. Бірақ олардың мерзімі, пайда алу тәсілдері, кірістілігі мен тәуекелдері бойынша бірқатар айырмашылықтары бар. Акциялар мен облигациялардың айырмашылығы салыстырмалы кестеде көрсетілген.

 

 АкцияларОблигациялар
Акцияларды шығарушы компанияТек компаниялар (АҚ)Компаниялар немесе мемлекет
Ұстаушы мәртебесіКомпания мүлкінің бір бөлігінің иесі акциялар санына пропорционалды түрде компанияны басқаруға қатыса аладыКредитор болып саналады, басқаруға қатыспайды
Иелік ету мерзімін шектеуЖоқБар
Құбылмалылық (нарықтық құнның ауытқуы)ЖоғарыТөмен
Ақша табу жолдарыБағаның өсуіДивидендтерКупондық кірісНарықтық құнның өзгеруі
ТабыстылықОрташа активтерден жоғарыТөменТөмен, дивидендтердің кірістілігімен салыстыруға келеді
ТәуекелЖоғарыҚарапайым акциялар үшін орташа, артықшылықты акциялар үшін төменМинималды

 

Показ изображения imageArticle

Инвестициялау үшін не таңдау керек?

Қаржы құралын таңдау кезінде ең алдымен кірістілік пен тәуекелді ескеру қажет. Пайда неғұрлым көп болса, ақшаны жоғалту тәуекелі де соғұрлым жоғары болады.

Акциялар әсіресеқ қор нарығында қысқа мерзімді табыс стратегияларын қолдану кезінде облигацияларға қарағанда кірісі және тәуекелі жоғары құрал болып табылады. Бұл әдіс арнайы білімді қажет етеді, сондықтан оны көбінесе тәжірибелі трейдерлер қолданады. Жаңадан бастап жатқан жандар сенімді компаниялардың дивидендтік акцияларына ақша сала алады. Бұл ретте үлкен пайда ала алмайсыз, бірақ тәуекел деңгейі әлдеқайда төмен болады.

Ең қауіпсіз стратегия облигацияларды сатып алу болып табылады. Купондық төлемдер аз, бірақ тұрақты және кепілдендірілген пассивті табыс әкеледі.

Бірақ бұл жағдайда да бірнеше қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық портфелді құрған жөн. Оған әртүрлі сала бойынша жұмыс істейтін компаниялардың акциялары мен облигацияларын қосу керек. Бұл тәсіл тәуекелдерді әртараптандыруға көмектеседі: егер активтердің біреуі арзандаса, басқа активтер пайда әкеліп отырады.

image
Ирина Волкова
Блог авторы
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер