Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Карталар мен төлемдер
10 минут

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы: оны қалай ресімдеуге және алуға болады, төлемдердің максималды мөлшері, жұмыссыз мәртебесі

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы: оны қалай ресімдеуге және алуға болады, төлемдердің максималды мөлшері, жұмыссыз мәртебесі

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы дегеніміз не?

Жәрдемақының ресми атауы — жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемдер. Оларды есептеу тәртібін ҚР Әлеуметтік кодексі реттейді.

Егер ресми түрде жұмыс істеп жатсаңыз, ай сайын жұмыс беруші сіз үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасайды. Жеке кәсіпкерлер өздері үшін төлейді. Жұмысынан айырылған жағдайда қор сізге жәрдемақы төлейді.
 

Онлайн кредит
8 650 000 ₸ дейін кредит рәсімдеңіз. Home Credit Bank–пен қалаған сыйлықтарыңызды алып, өзіңізді және жақындарыңызды қуантыңыз
Жылдам ресімдеу

3 минутқа дейін

Толығырақ
img credit-online


Әлеуметтік төлемдердің мақсаты — адамдарға жаңа жұмыс іздеу кезеңінде көмектесу. Бұл уақытша қолдау шарасы: төлем алу кезінде адам белсенді түрде жұмыс іздеу қажет.

Әлеуметтік төлемдерді кім алуы мүмкін?

Жәрдемақыны Қазақстан азаматтары, қандастар мен шетелдіктер алуы мүмкін. Бірақ оның белгілі бір шарттары бар. Кем дегенде алты ай бойы ресми түрде жұмыс жасап, жұмыссыз мәртебесін алу қажет.

Бірақ кейбір адамдараға бұл мәртебе берілмейді. Оларға зейнеткерлер, студенттер және сотталған адамдар жатады.

Жұмыссыз мәртебесі мен жәрдемақыны қалай алуға болады?

Әлеуметтік төлемдерді алу үшін ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелу керек. Өтінімді үш жолмен беруге болады:

  • жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып;
  • enbek.kz «электрондық еңбек биржасы» арқылы;
  • egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы.

Онлайн тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

Мансап орталығының маманы бір күн ішінде құжаттар мен дербес деректерді тексереді. Бәрі жақсы болса, ол сізді «Еңбек нарығы» ААЖ-ға ізденуші ретінде тіркеп, жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Бірақ ол кепіл емес. Сіздің одан бас тарту құқығыңыз бар — сонда сізге жұмыссыз мәртебесі беріледі.

ҚР Әлеуметтік кодексінде «лайықты жұмыс» деген ресми түсінік бар. Ол өтініш берушінің тәжірибесі мен біліктілігіне, оның денсаулық жағдайына, көлік қолжетімділігіне сәйкес келуі керек. Шарттардың толық тізіміӘлеуметтік кодекстің 101-бабында келтірілген. Мансап орталығы осы шарттарды қарастырады. 

 

Сайтта кредитті онлайн ресімдеңіз
Картаға 10 000 ₸-ден бастап 8 650 000 ₸-ге дейін алыңыз
Жылдам ресімдеу

3 минутқа дейін

Толығырақ
img credit-online


Сізге жұмыссыз мәртебесі берілген кезде сіз әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы боласыз. Оны проактивті қызмет арқылы ресімдеу оңай. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін сіздің телефон нөміріңізге Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен төлемдерді есептеу туралы CMC-сұрау келеді. Сізге жауап ретінде растау кодын жіберу керек.

Жәрдемақыны басқа тәсілдермен де ресімдеуге болады: тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтініш беру, ХҚКО-ға жүгіну, egov.kz немесе enbek.kz порталдары арқылы.

Төлем мөлшерін қалай есептеуге болады?

Жұмыссыздық бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері келесі формула бойынша есептеледі: соңғы екі жылдағы орташа айлық табыс орнын басу коэффициентіне және сақтандыру төлемдері жүйесіне қатысу өтілінің коэффициентіне көбейтіледі.

Орташа айлық кірісті есептеу оңай: ол үшін соңғы екі жылдағы ресми жалақы 24 айға бөлінеді.

Орнын басу коэффициенті — тұрақты шама. Ол 0,45 шамасында болады.

Еңбек өтілінің коэффициенті жұмыс берушінің әлеуметтік төлемдер жасаған ресми жұмыс мерзіміне байланысты болады. Оның мәндері кестеде көрсетілген.

Ресми жұмыс өтіліКоэффициент
6 айдан бір жылға дейін0,7
1–2 жыл0,75
2–3 жыл0,85
3–4 жыл0,9
4–5 жыл0,95
5–6 жыл1

 

Әр келесі жылы 5 жыл жұмыс істегеннен кейін коэффициентке 0,02 қосылады. Оның максималды мәні — 1,3.

Төлем сомасын мысал негізінде есептеп көрейік.

Сіз ресми түрде 25 жыл жұмыс істедіңіз делік. Демек, сіздің еңбек өтіліңіз — 1,3. Соңғы екі жылда сіз орта есеппен 400 000 ₸ алдыңыз. Жәрдемақы мөлшері:

Бірақ есіңізде болса, есепке тек ресми табыс алынады. Егер жалақының бір бөлігі қолыңызға берілсе, ол есепке алынбайды.

 

Жәрдемақы қанша уақыт төленеді?

Әлеуметтік төлемдер жұмыссыз мәртебесі алынған алғашқы күннен бастап есептеледі. Оның ұзақтығы ресми еңбек өтіліне байланысты болады.

Жұмыс өтіліТөлемдердің ұзақтығы
6 айдан бір жылға дейін1 ай
1–2 жыл2 ай
2–3 жыл3 ай
3–4 жыл4 ай
4–5 жыл5 ай
5 жыл және одан да артық6 ай


Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің максималды мерзімі — алты ай. Бірақ егер сіз осы уақыт ішінде жұмыс таппасаңыз, бір айдан кейін төлемдерге тағы бір рет өтінім беруге болады. Бірақ оның мөлшері аз болады. Қайта жүгінген кезде әлеуметтік аударымдар өтілі жәрдемақыны есептеу ұзақтығына пропорционалды түрде азаяды: әр ай үшін минус жыл. Мысалы, егер сіз үш ай төлем алсаңыз, коэффициентті есептеу кезінде еңбек өтілі үш жылға қысқарады.

Заң жәрдемақы алу үшін өтініштер санына шектеу қоймайды. Бірақ егер сіз екі жыл бойы төлем алсаңыз, келесі жолы өтініш қабылданбайды, өйткені осы уақыт ішінде әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті аударымдар жасалған жоқ.

Жұмыстан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер минималды қажеттіліктерді қамтамасыз етуге көмектеседі, бірақ бұл барлық шығындарды өтеу үшін жеткіліксіз болады. Қаржылық қорғауды ресімдеп, өзіңізді қорғаңыз. Қиындықтар пайда болса, банк сізге төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады. Ал сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандыру компаниясы қалған қарыздың 110%-на дейін төлейді.

Төлемдер қандай жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін?

Мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Басты себеп — жұмыссыз мәртебесін жоғалту. Бұл мәртебеден тек жұмысқа орналасқан кезде ғана емес, ұсынылатын жұмыстар сәйкес келетін жағдайда үшінші рет жұмыстан бас тартылған жағдайда айырылуға болады.

Мансап орталығымен ынтымақтастық ережелерін бұзған жағдайда да жұмыссыз мәртебесі алынып тасталады. Өйткені ізденуші белгілі бір уақытта келіп, әлеуетті жұмыс берушілермен байланысқа шығуға және жұмысқа қатысты шешімдерді хабарлауға міндетті.

Қорытынды

  • Ресми түрде кем дегенде алты ай жұмыс істеген тұлғаларға ғана төленеді.
  • Төлем мөлшері жеке есептеледі: ол адамның еңбек өтіліне және орташа айлық табысына байланысты болады.
  • Жәрдемақы алудың максималды мерзімі — бірінші рет 6 ай және жалпы алғанда 2 жылға дейін.
  • Төлемдерді алу үшін белсенді түрде жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығымен ынтымақтасу керек.
Кез келген жерде 0-0-6 бөліп төлеу
Ozen бөліп төлеу картасын ресімдеп, барлық сатып алуларды 6 айға бөліп төлеңіз
Карта онлайн ашылады

Home.kz қосымшасында

Толығырақ
img credit-online

 

1. Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы дегеніміз не?

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, ресми атауы – жұмыстан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем — бұл жұмыстан айырылған азаматтарды уақытша қолдау шарасы болып табылады. Ол жаңа жұмыс іздеу кезеңінде олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. 

 

2. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны кім ала алады?

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны кемінде 6 ай ресми жұмыс істеген және жұмыссыз ретінде тіркелген Қазақстан азаматтары, қандастар мен шетелдіктер ала алады. Бірақ бұл төлем зейнеткерлерге, студенттерге, оқушыларға және сотталған тұлғаларға берілмейді. 

 

3. Жұмыссыз мәртебесі мен жәрдемақыны қалай алуға болады?

Жұмыссыз мәртебесін алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелу қажет. Мұны дербес түрде egov.kz электронды үкімет порталы және enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жасауға болады. Тіркелгеннен кейін бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығы мамандары жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер 3 күн ішінде сізге сәйкес келетін жұмыс табылмаса, сізге жұмыссыз мәртебесі беріледі. 

 

4. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мөлшері қалай есептеледі?

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 0,45 коэффициентіне және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты коэффициентке көбейту арқылы есептеледі. Өтіл коэффициенті ресми жұмыс істеген мерзімге байланысты және 0,7-ден (жұмыс өтілі 6-12 ай аралығы) 1,3-ке (жұмыс өтілі 60 айдан артық уақыт) дейін өзгереді. 

 

5. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақының максималды мөлшері қандай?

Жәрдемақының максималды мөлшері 7 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлемімен шектелген. Егер сіздің еңбек өтіліңіз 6 жылдан асса және соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысыңыз 7 ЕТЖ немесе одан жоғары болса, жәрдемақының максималды сомасы 224 910 теңгеге дейін жетуі мүмкін. 

 

6. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы қанша уақыт төленеді?

Жәрдемақы төлеу уақыты әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады: 

• 6 айдан 12 айға дейін — 1 ай; 

• 12 айдан 24 айға дейін — 2 ай;

• 24 айдан 36 айға дейін — 3 ай; 

• 36 айдан 48 айға дейін — 4 ай; 

• 48 айдан 60 айға дейін — 5 ай;

• 60 айдан артық — 6 ай.

 

7. Жұмыссыздық бойынша төлемдер қандай жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады?

Төлемдер егер азамат жаңа жұмыс тапса, жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстардан үш рет бас тартса немесе орталыққа келмесе, ұсыныстарды елемесе немесе серіктестік ережелерін бұзса тоқтатылады. 

 

8. Жұмыспен қамту орталығы алдындағы жұмыссыз ааматтың міндеттері қандай?

Жұмыссыз азамат жұмыспен қамту орталығымен белсенді жұмыс істеуі керек: тұрақты түрде тіркеліп отыру, ұсынылған жұмыстарды қарастыру, қайта даярлау бағдарламаларына қатысу және жұмысқа орналасу немесе бас тарту туралы уақтылы хабарлау. 

 

9. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қайта алуға бола ма?

Заңнамаға сәйкес жәрдемақыны қайта алу санына шектеу жоқ. Алайда, іс жүзінде қайта жәрдемақы алу бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Егер азамат соңғы екі жыл ішінде ресми жұмыс істемеген болса және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасамаған болса, төлемдер тағайындалмауы мүмкін. 

 

10. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар қажет?

Жәрдемақыны ресімдеу үшін жеке басын куәландыратын құжат, білімі мен алдыңғы жұмыс орны туралы мәліметтер және жұмыссыз мәртебесін растайтын құжаттар қажет. Егер өтініш egov.kz немесе enbek.kz арқылы онлайн берілсе, электрондық цифрлық қолтаңба қажет болады. 

Танымал өнімдер мен қызметтер