Жарияланды 15.04.2025
Жаңартылды 14.05.2026
5 минут
Тұрақты және жоғары табыс отбасылық қаржылық тұрақтылықтың кепілі емес. Артық шығындар мен бюджетті тиімсіз жоспарлау ақшаның жетіспеушілігіне әкеп соғады. Мұндай отбасылардың қауіпсіздік қоры да болмайды. Отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлауды үйренгеннен кейін күтпеген шығындарға дайын болып, ақша жинау мүмкін болады.
Отбасылық бюджеттің бірнеше түрі бар. Оның әрқайсысы қаржыны басқарудың әртүрлі нұсқасын ұсынады.
Отбасы мүшелерінің табыстары біріктіріліп, жалпы және жеке қажеттіліктерге жұмсалады. Бұл жерде бір отбасы мүшесі көп ақша жұмсауы мүмкін, ал екіншісі оған шектеу қояды. Сол себепті келіспеушіліктер туындайды.
Әркім өз табысын өзі жұмсайды, бұл қаржылық еркіндікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ ортақ шығындар бойынша келіспеушіліктер туындауы мүмкін: коммуналдық қызметтер, азық-түлік және басқа да отбасылық қажеттіліктер үшін кім және қанша төлейдІ?
Табыстың бір бөлігі ортақ бюджетке жұмсалып, ал қалғаны жеке қажеттіліктерге қалады. Мұнда ортақ бюджетке кім және қанша ақша қосады деген сұрақ жиі туындайды. Бұл ең тиімді бюджет түрі деп есептеледі.
Отбасындағы жеке және ортақ табыс, оның ішінде жұбайларымен бірге тұратын ата-аналардың зейнетақысы есепке алынады. Бюджетке міндетті түрде салымдардан/депозиттерден алынатын, пәтерлерді жалға беруден түсетін және т.б. ақша қосылады.
Айлық табыстың кем дегенде 5-10%-ын сақтау қажет. Бұл күтпеген жағдайларда қажет болатын қауіпсіздік қорын қалыптастыруға көмектеседі.
Отбасылық бюджетті дұрыс жүргізудің негізгі шарты – кіріс пен шығын арасында дұрыс сәйкестікті табу.
Әр отбасылық бюджет түрі бойынша ақша әртүрлі тәсілмен жоспарланады:
Бұған қарамастан ортақ қаржылық мақсаттар маңыздылығы бойынша бірге анықталады.
Отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлау кезінде келесі қателіктер орын алмауы керек:
Барлық отбасылық шығындар алдын ала жұбайыңызбен және үлкендермен талқылануы керек. Сонымен қатар отбасыңызды күтпеген жағдайлардан қорғау үшін сақтандыру қызметін пайдаланған жөн болады.
Қаржылық қиындықтарға тап болмас үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: