Жарияланды 04.04.2024
Жаңартылды 14.05.2026
5 минут
Төлем мерзімін кейінге қалдыру — бұл банк қарыз алушыға ай сайынғы төлемдерді уақытша төлемеуге мүмкіндік беретін кредит шартының талаптарын өзгерту. Төлемдерді кейінге қалдырудың максималды мерзімі — жарты жыл.
Кейде банктер төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынуға міндетті болады. Бұл 2022 жылы орын алған төтенше жағдайда және одан бұрын «коронавирус» кезінде болды. Клиенттер белгіленген күндерде төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш беріп, қаржы ұйымдарының олардан бас тартуға мүмкіндіктері болған жоқ. Бірақ азаматтарды қолдаудың бұл шаралары уақыт бойынша шектеулі болды.
Әдетте банктер өз талаптарынан шегінуге міндетті емес. Бірақ егер қарыз алушының жағдайы қиын болса, банк өтінішті қарап, көмектесуі мүмкін. Өйткені банк өз ақшасын қайтаруға мүдделі.
Төлем мерзімін кейінге қалдыру шарттары кредит шартында белгіленуі мүмкін. Әр банктің өз шарттары бар, бірақ көбінесе келесі негіздер есепке алынады:
Қарыз алушы өзінің төлем қабілетсіздігі үшін кінәлі болмаса, банктер шешімді оның пайдасына қабылдауы мүмкін. Бірақ оны растау қажет. Мысалы, егер сіз ауруға немесе жарақатқа байланысты жұмыс істей алмасаңыз, дәлел ретінде медициналық мекемеден үзінді көшірме алу қажет, ал егер сіз жұмыс орындарын қысқарту салдарынан жұмыстан айырылсаңыз, онда жұмыс берушінің анықтамасы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі қажет болады.
Ол үшін банкке өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішті банкке барып немесе онлайн электрондық пошта, сайт немесе мобильді қосымша арқылы беруге болады.
Өтініш ерікті нысанда жазылады. Бірақ онда келесі ақпарат міндетті түрде болуы керек:
Өтінішке төлем қабілетсіздігінің себебін растайтын құжаттар қоса берілуі керек.
Банк бірнеше күн ішінде өтінішті қарап, өз жауабын ұсынады:
Егер банк төлем мерзімін кейінге қалдыруды мақұлдаса, кредитті өтеу кестесі өзгереді. Мұнда екі сценарий болуы мүмкін:
| Кредиттік демалыс туралы өтінішті қарыздың мерзімі кешіктірілген сәттен бастап 30 күн ішінде беруге болады. Бірақ оны алдын ала жасаған дұрыс. Бұл жағдайда мақұлдау мүмкіндігі жоғары болады және кредиттік тарихқа төлем мерзімін кешіктіру туралы ақпарат кірмейді. |
| ✅Төлем мерзімін кейінге қалдыру қарыз жүктемесін алты айға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде жаңа табыс көздерін немесе қаржылық жағдайды жақсартудың басқа жолдарын табуға болады. Төлемдер уақытында жасалса, банк айыппұл салмайды. Төлем мерзімін кейінге қалдыру кредиттік тарихқа әсер етпейді. Бірақ ол үшін қарыз алушы банкке өтінішпен алдын ала жүгінуі тиіс. | ⛔Қарыз бойынша артық төлем сомасы өседі. Бұл мәжбүрлі шара, өйткені кредитор өз-өзін сақтандыруы тиіс. Артық соманы төлемеу үшін төлем мерзімін ұзақ мерзімге кейінге қалдырмау жөн. |
Төлем мерзімін кейінге қалдыруды тиімді түрде пайдаланып, өз қаржылық жағдайыңызды одан әрі нашарлатпас үшін келесі ақпаратты есте сақтау жөн:
Ай сайынғы төлем мөлшері өзгеріссіз қалады, бірақ қарызды қайтару кезеңі ұлғаяды.