Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
5 минут

Қазақстаннан қанша қолма-қол ақша әкетуге болады: белгіленген лимит, қажетті құжаттар

Қазақстаннан қанша қолма-қол ақша әкетуге болады: белгіленген лимит, қажетті құжаттар

Қазақстаннан теңгемен қандай соманы әкетуге болады? 

Ұлттық валютада шекара арқылы кез келген соманы тасымалдауға болады. 

Бірақ егер сіз Қазақстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аймағынан кетіп, өзіңізбен бірге 10 мың доллардан астам қолма-қол ақша алсаңыз, бұл ақшаны декларациялау, яғни бұл ақша туралы мемлекетке хабарлау керек. Бұл туралы ҚР Кеден кодексінің 343-бабының 1-тармағында айтылған. Валюта бағамын біліңіз: қазір 10 мың доллар — бұл шамамен 4 463 млн ₸. Ұлттық ақша құнының өсуіне немесе төмендеуіне байланысты рұқсат етілген сома да өзгереді.

Бірақ егер сіз Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің біріне барсаңыз, ақшаны декларациялаудың қажеті жоқ. 


Егер ЕАЭО шекарасын өту кезінде қолма-қол ақша сомасы 100 мың доллардан асса, декларацияны толтыру жеткіліксіз болады. Бұл ақшаның шығу көзін құжаттармен растау қажет. Мысалы, бұл жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты, банктік чек, кредит шарты болуы мүмкін. Мұндай шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия 2019 жылғы тамызда қабылдады және ол 2020 жылғы ақпанда өз күшіне енді.
 

Онлайн кредит
8 650 000 ₸ дейін кредит рәсімдеңіз. Home Credit Bank–пен қалаған сыйлықтарыңызды алып, өзіңізді және жақындарыңызды қуантыңыз
Жылдам ресімдеу

3 минутқа дейін

Толығырақ
img

 

Показ изображения imageArticle

Кедендік декларацияны қалай тапсыруға болады?

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қағаз түрінде тікелей әуежайда толтыруға немесе бұдан бірнеше күн бұрын онлайн тапсыруға болады. egov.kz сайтындағы Азаматтарға/Кеден және салықтар/ Кеден бөлімінен «Жолаушыларға арналған декларация» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет.

Декларацияда «Қолма-қол ақша және (немесе) жол чектері…» тармағын белгілеп, соманы жазып, сондай-ақ бұл ақшаның шығу көзін және оны қалай пайдалануды жоспарлап жатқаныңызды көрсету керек. Мысалы, бұл жалақы немесе бизнестен түскен пайда,  жылжымайтын мүлікті сату немесе жалға беру, кредит немесе мұра болуы мүмкін. Пайдалану әдісі ретінде ағымдағы шығындарды, инвестицияларды, қайырымдылықты таңдауға болады.

Кейде қолма-қол ақша қажет, бірақ ақшаны картада сақтаған жөн. Сонымен қатар одан қосымша пайда алуға болады. Мысалы, Home Card Lite дебет карточкасын ашып, супермаркеттерде, жанармай құю станцияларында және коммуналдық қызметтерге төлем жасау үшін 10%-ға дейін кэшбэк алуға болады. Карта бойынша жасалған барлық басқа төлемдер үшін шотыңызға 1% қайтарылады.

Қазақстаннан шетел валютасында қандай соманы әкетуге болады?

2023 жылғы 14 наурызда ҚР Президентінің №830 Жарлығы шықты, ол Қазақстаннан валюта әкетуге қатаң шектеулер қойды. Ол елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

 

Жарлыққа сәйкес 10 мың доллардан артық соманы Қазақстаннан әкетуге тйым салынды.

Егер қолма-қол ақша мөлшері бұдан артық болса, сот шешімі бойынша бұл ақша мемлекетке өтуі мүмкін. Сонымен қатар сізге айыппұл салынуы мүмкін.

Ұлттық валютада сияқты, шектеу тек қолма-қол ақша немесе монеталарға ғана қатысты емес. Ол жол және банктік чектерге, бағалы қағаздарға, вексельдерге қатысты қолданылады.

Бұл шектеу ЕАЭО шекарасынан өткен кезде ғана қолданылмайды. 10 мың доллардан астам сомаға қолма-қол шетел валютасын Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында саяхаттау кезінде кедендік бақылаудан өтудің қажеті жоқ. Бірақ кеден қызметкерлері сізбен бірге қанша ақша бар екенін сұрауы мүмкін. Сонымен қатар олардың тексеріс жасауға құқығы бар. Сонда лимиттен артық соманың бар болуы анықталса, қиындықтар пайда болуы мүмкін. Сондықтан өтірік айтпаған дұрыс.

Қорытынды: Қазақстаннан қолма-қол ақша түрінде қандай соманы әкетуге болады?

Теңгемен ЕАЭО шекарасынан кез келген соманы әкетуге болады, бірақ 10 мың доллардан артық соманы декларациялау қажет. Бірақ ЕАЭО елдеріне саяттау кезінде мұндай шектеулер жоқ және декларация талап етілмейді.

Валютада Қазақстаннан кез келген басқа елге тек 10 мың доллардан аспайтын соманы ғана әкетуге болады.

 

1. Қазақстаннан теңгемен қандай соманы алып шығуға болады?

Қазақстаннан кез келген соманы теңгемен алып шығуға болады. Алайда, егер қолма-қол ақшаңыздың жалпы сомасы (шетел валютасын қоса алғанда) 10 000 АҚШ долларынан асса, кедендік декларация толтыру қажет болады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне (ЕЭО) бару кезінде талап етілмейді.

 

2. Қолма-қол ақшаны алып шығу үшін кедендік декларацияны қалай тапсыруға болады?

Кедендік декларацияны әуежайда қағаз түрінде немесе сапардан бірнеше күн бұрын egov.kz порталында онлайн толтыруға болады. Декларацияда қолма-қол ақшаның сомасын, оның қайдан алынғанын және қандай мақсатта пайдаланылатынын көрсету қажет.

 

3. Қазақстаннан шетел валютасымен қандай соманы алып шығуға болады?

2023 жылғы 14 наурыздағы № 830 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны және ақша құралдарын алып шығуға тыйым салынады. Лимиттен асқан жағдайда, артық сома тәркіленіп, айыппұл салынады. 

 

4. Қазақстаннан алып шығу кезінде қолма-қол ақшаның қайдан алынғанын қандай құжаттар растайды?

Егер алып шығатын сома 10 000 АҚШ долларынан асса, ақшаның шығу көзін растайтын келесі құжаттарды ұсыну қажет: Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу кшарты, банктен үзінді көшірмелер, кредит шарттары немесе басқа да ресми құжаттар.

 

5. ЕАЭО елдеріне сапар кезінде қолма-қол ақшаны алып шығу бойынша қандай шектеулер бар?

ЕАЭО елдеріне (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) сапар барысында 10 000 АҚШ долларына дейінгі соманы декларацияны тапсырмай алып шығуға болады. Бірақ егер қолма-қол ақша сомасы 100 000 АҚШ долларынан асып кетсе, оның шығу көзін растайтын құжаттар талап етіледі. 

 

6. Қолма-қол ақша шығару ережелерін бұзудың салдары қандай?

Егер белгіленген лимиттен асатын соманы декларациясыз немесе қажетті растайтын құжаттарсыз алып шығуға әрекет жасалса, артық сома тәркіленуі мүмкін, ал бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.

 

7. Қолма-қол ақша шығару бойынша шектеулер жол чектері мен бағалы қағаздарға да қолданыла ма?

Иә, шектеулер тек қолма-қол ақшаға ғана емес, сонымен қатар жол және банк чектеріне, бағалы қағаздар мен вексельдерге қолданылады. 

 

8. Шетелге сапар кезінде қолма-қол ақшаның орнына банк картасын пайдаланудың қандай артықшылықтары бар?

Шетелге сапар кезінде банк картасын пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алып шығу шектеулерінен аулақ боласыз, қаражатты қауіпсіз түрде сақтайсыз және кешбэк сияқты қосымша бонустар аласыз. Мысалы, Home Card Lite дебет картасы супермаркеттерде, ЖҚС және коммуналдық төлемдер үшін 10%-ға дейін кешбэк ұсынады. 

 

9. Қазақстанға кірген кезде қолма-қол ақшаны декларациялау қажет пе?

Қазақстанға кірген кезде, егер қолма-қол ақша сомасы 10 000 АҚШ долларынан асатын болса, оны декларациялау міндетті.

 

10. Қазақстаннан қолма-қол ақшаны алып шығу ережелері туралы қосымша ақпаратты қайдан табуға болады?

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан немесе egov.kz электрондық үкімет порталынан табуға болады.

image
Ирина Волкова
Блог авторы

Танымал өнімдер мен қызметтер