Картаның бұғатталуы дегеніміз не?
Егер карта бұғатталған болса, одан қолма-қол ақша алу және төлем жасау мүмкін емес. Банкомат немесе терминал операциядан бас тартылғаны туралы хабарлайды.
Ең алдымен шот әлде карта бұғатталғанын анықтау қажет. Егер карта жұмыс істеме, ол дегеніміз клиент оны уақытша пайдалана алмайды. Бұл ретте шоттан ақша алу, ақша аудару, төлемдерді қабылдау сияқты операциялар қолжетімді болады. Бірақ картаның өзін қолдану мүмкін емес. Операцияларды жасау үшін банк бөлімшесіне бару қажет.
Бірақ шот бұғатталса, ондағы ақшаны пайдалану мүмкін болмайды. Әдетте, шот бойынша операциялар сот шешімімен тоқтатылады — мысалы, міндетті төлемдер бойынша қарыздар болса.
Қандай жағдайларда банк картаны бұғаттайды және бұғаттауды қалай жоюға болады?
Көбінесе карта бойынша операцияларды тоқтату — бұл клиенттің ақшасын қорғау тәсілі. Банк картаны келесі жағдайларда бұғаттайды:
Картаның жарамдылық мерзімінің аяқталуы. Кейде клиенттер бұл туралы ұмытып кетеді де, карта бұғатталады. Картаның жарамдылық мерзімі оның сол жағында көрсетілген.
Бұл жағдайда картаны қайта шығару керек. Банкке және төлем құралының түріне байланысты бұл процесс әртүрлі уақыт ішінде жасалынуы мүмкін. Кейде жаңа картаны бірден алуға болады, ал кейде екі аптаға дейін күту керек.
Пин-кодты бірнеше рет қате енгізу. Банк пин-кодты енгізудің рұқсат етілген максималды санын белгілейді: әдетте бұл үш немесе бес рет. Егер пин-код қатарынан бірнеше рет қате енгізілсе, ол дегеніміз клиент оны ұмытып қалды немесе картаны біреу ұрлап алды.
Бірақ банк оны нақты білмейді. Пин-кодты енгізетін адам клиент пе әлде зиянкес пе - бұны білу мүмкін емес. Сондықтан банк картаны бұғаттайды. Бұл туралы SMS немесе push-хабарлама жіберіледі. Бірақ кейбір жағдайларда хабарлама келмеуі мүмкін.
Егер карта бойынша операциялар пин-кодтың қате енгізілуі салдарынан тоқтатылса, карта бұғаттан келесі күні шығарылады.
Күдікті операциялар. Картадағы кейбір әрекеттер банктің қауіпсіздік қызметіне күдікті болып көрінуі мүмкін. Мысалы, өте үлкен сома аударылса, аударым уақыты күдікті болса немесе алушы сенімсіз болса.
Мұндай жағдайларда банк алаяқтық орын алды деп күдіктенсе, төлемді тоқтатып, картаны бұғаттауы мүмкін. Сонда қызметкер сізге операцияны кім жасап жатқанын тексеру үшін хабарласады. Байланыс әдісі шартта жазылған: көбінесе қызметкерлер телефон арқылы қоңырау шалады немесе SMS жібереді.
Сізден соңғы операциялар туралы сұрақтарға жауап беру немесе код сөзін (шартты жасасу кезінде белгіленген) айтуды сұрайды. Тексеріс сәтті болса, карта бұғаттан шығарылып, төлем өтеді. Картаны қалпына келтіру мерзімі банктің ережелеріне байланысты болады, бірақ әдетте екі күннен аспайды.
Сақ болыңыз! Егер сізге банк атынан хабарласып, біреулер картаңыздан ақша алғысы келетіні туралы айтып, SMS-кодты немесе басқа құпия деректерді айтуды сұраса, мұндай ақпаратты ешкімге бермеңіз. Бұл алаяқтар болуы мүмкін. Деректерді тексеру үшін әңгімені аяқтап, банктің байланыс орталығына қайта қоңырау шалыңыз. |
Бұл алаяқтар екендігі анықталса, банк операцияға тыйым салып, картаны бұғаттайды. Бұл ретте оны қайта шығару қажет болады.
Клиенттің өтініші бойынша картаны бұғаттау. Егер сіз картаны жоғалтып алсаңыз, банкке дереу қоңырау шалып, бұл туралы хабарлаған жөн. Карта бұғатталып, оны ешкім пайдалана алмайды. Бұл жағдайда да оны қайта шығару қажет болады.
Картаны бұғаттан шығару тәсілдері төмендегі кестеде келтірілген.
Себебі | Бұғаттан шығару жолы | Мерзімі | |
Пин-кодты қате енгізу | Карта автоматты түрде бұғаттан шығарылады | Тәулік ішінде | |
Күдікті операциялар | клиент тарапынан | Операцияны растау | Жүгінген кезде |
алаяқтар тарапынан | Бұғаттаудан кейін картаны қайта шығаруға өтінім беру | 2 аптадан артық емес, банкке және карта түріне байланысты болады | |
Клиенттің өтініші бойынша немесе жарамдылық мерзіміне байланысты бұғаттау | Картаны қайта шығаруға өтінім беру | 2 аптадан артық емес, банкке және карта түріне байланысты болады |
Карта бұғатталған болса, ал ақша дәл қазір керек болған жағдайда не істеу керек?
Карта бұғатталып, ақшы шұғыл түрде қажет болса, ақшаға екі жолмен қол жеткізуге болады:
- паспортпен банк бөлімшесіне хабарласу;
- мобильді қосымшада немесе сайттағы жеке кабинетте ақшаны картадан басқа шотқа, оның ішінде үшінші тарап қаржы ұйымына аударып, қажет болған жағдайда одан қолма-қол ақша алу.
Көбінесе сыртқы аударымдар үшін комиссия есептеледі, бірақ бәрі банкке байланысты болады. Кепілдендірілген кешбэгі бар Home Card дебет картасынан мобильді қосымшаның көмегімен ақшаны басқа банктерге тегін аударуға болады. Басқа банкоматтардан ақшаны 5 ретке дейін комиссиясыз алуға болады.
Қорытынды
- Банк картаны клиенттің ақшасын қорғау үшін бұғаттайды.
- Бұғаттаудың ең көп тараған себептері — пин-кодты бірнеше рет қате енгізу және күдікті операциялар.
- Егер карта пин-кодты енгізудегі қателіктерге байланысты бұғатталған болса, бір күннен кейін ол автоматты түрде бұғаттан шығарылады.
- Егер банк алаяқтық орына алды деп күдіктенсе, картаны бұғаттан шығару үшін байланыс орталығына хабарласып, төлемді растау қажет.
- Басқа жағдайларда картаны қайта шығару қажет болады. Бұл әдетте екі аптадан аспайды.