Саяхат — жаңа ел мен мәдениетті танып, ерекше әсер алудың тамаша мүмкіндігі. Дегенмен, сапар кезінде болатын қаржылық мәселелерді алдын ала шешу қажет. Кредит карталарыңыз бар болса, қолма-қол ақшаны өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, сондықтан сапарыңызды одан да қауіпсіз болады. Алайда кредит карталарын шетелде пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан күтпеген шығындар мен қиындықтарға тап болмас үшін алдын ала дайындалу маңызды.
Көптеген кредит карталары саяхатшыларға кэшбэк, тиімді айырбастау бағамы және қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін ұсынады. Шетелде кредит карталары қалай жұмыс істейді, қандай комиссиялар ұсталады және оларды қалай тиімді пайдалану керек? Осы сұрақтарға жауапты алдын ала біліп алған маңызды. Бұл мақалада біз кредит карталарының ерекшеліктерін, жасырып шарттарын, сонымен қатар Home.kz банк ұсынатын OZEN кредит картасының артықшылықтарын талқылайтын боламыз.
Кредит карталарын Қазақстаннан тыс жерлерде пайдаланудың өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен, төлемдер қалай жүзеге асатынын түсіну керек. Көбінесе шетелде төлем жергілікті валютамен жасалады, ал банк белгіленген бағам бойынша сатып алу сомасын автоматты түрде теңгеге айырбастайды. Бұл кезде айырбастау үшін қосымша комиссиялар ұсталуы мүмкін.
Сонымен қатар кейбір банктер айырбастау бағамына қосымша комиссия қосатынын ескеру қажет. Сондықтан сапарға аттанбас бұрын картаның шарттарын мұқият оқу қажет. Тағы бір ескеретін жайт – тариф таңдау. Халықаралық транзакциялар үшін комиссиясы төмен карталар шетелде шығындарды азайтуға көмектеседі.
Сапарға шығар алдында картаңыздың халықаралық төлемдерге жарамды екенін тексеріп алған дұрыс. Home.kz банк ұсынатын OZEN картасы – саяхатшылар үшін таптырмас шешім. Бұл картаны әлемнің кез келген нүктесінде пайдалануға болады және ол шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Оған қоса картаның лимиттері мен шетелде қолма-қол ақша алу бойынша шектеулер туралы біліп алу маңызды.
Сапардың сәтті өтуі қаржылық қауіпсіздікке тікелей байланысты. Транзакцияны қосымша түрде растауды талап ететін 3D Secure технологиясы картаңызды алаяқтардан қорғауға көмектеседі. Сондай-ақ картадағы CVV кодты қажеттіліксіз ешкімге айтуға болмайды. Шығындар туралы хабарламаларды қосып қойған жөн. Сонда сіз күмәнді төлемдер туралы біліп отырасыз.
Көп елдерде кредит карталары кеңінен қолданылады, дегенмен кей жерлерде тек қолма-қол ақша қабылданады. Мысалы, шағын дүкендерде, базарларда немесе қоғамдық көлікте картамен төлеу мүмкін емес болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізбен бірге жергілікті валютада қолма-қол ақша алып жүру артық болмайды.
Егер шетелде ақша шешу қажет болса, комиссия алынуы мүмкін екенін ескеріңіз. Сондықтан сенімді, ірі банктердің банкоматтарын пайдаланған дұрыс — олар тиімді шарттарды ұсынады. Сапарға шығар алдында картаңыз бойынша қолма-қол ақша шешу лимиттерін біліп алған дұрыс.
Шетелде кредит картасын пайдаланған кезде түрлі комиссиялар алынуы мүмкін. Бірақ олар кейде бірден байқалмайды. Мысалы:
- Валюта айырбастау комиссиясы.
- Банктің айырбастау бағамына қосылатын қосымша комиссия.
- Кейбір сауда нүктелері карта арқылы төлем жасау үшін қосымша комиссия ұстайды.
- Банкоматтардан қолма-қол ақша алу үшін комиссия.
Сапар алдында тарифтерді зерттеу артық шығындардан сақтап, тиімді шарттарды таңдауға көмектеседі.
Картаңыз бойынша күмәнді операциялар байқалса, банк картаңызды бұғаттап тастауы мүмкін. Егер клиент банкті сапар туралы алдын ала ескертпесе, ол шетелде картаны қолдануға автоматты түрде шектеу қоюы мүмкін. Сондықтан жолға шықпас бұрын банкке қайда, қанша уақытқа баратыныңызды хабарлаған дұрыс.
Егер карта бұғатталса, бұл мәселені қалай тез шешуге болатынын білу маңызды. Мұндай жағдайда банкке хабарласып, жасалған операцияларды растау керек. Сонда карта бұғаттан шығарылады.
Қаржылық мәселелерді алдын ала шешіп алсаңыз, сапар жайлы өтеді. Шетелде кредит картасын пайдалану – ыңғайлы әрі қауіпсіз төлем тәсілі. Бірақ комиссия, валюта айырбастау және кейбір шектеулерді ескерген жөн.
Home.kz ұсынатын OZEN бөліп төлеу картасы – саяхатшыларға арналған сенімді шешім. Картамен әлемнің кез келген жерінде төлем жасауға болады, ол тиімді шарттарды ұсынады. Алдын ала дайындалсаңыз, күтпеген шығындардан аулақ болып, сапардың әр сәтінен ләззат алуға болады.