Жарияланды 30.04.2024
Жаңартылды 04.05.2026
5 минут
IBAN — бұл әріптер мен сандардан тұратын код. Оның ұзындығы белгілі бір елге байланысты болады, бірақ ол әдетте 34 таңбадан аспайды. Қазақстандық IBAN нөмірі жиырма таңбадан тұрады.
Код таңбаларының әр тобы белгілі бір ақпаратты қамтиды:
Бұл халықаралық кодтың негізгі құрылымы. Кейбір елдерде оған қосымша таңбалар қосылады, мысалы, бөлімше коды, валюта, шот түрі.
IBAN нөмірінің әріптері мен сандары әдетте банк картасының нөмірі сияқты бөлек-бөлек жазылады. Бірақ құжаттарды толтырған кезде бөліктерге бөлудің қажеті жоқ, әйтпесе жүйе оны қате деп танып, төлем өтпейді.
Банктік шоттарды таңбалаудың бірыңғай халықаралық стандарты енгізілгенге дейін трансшекаралық аударымдарды жасау ұзақ уақытты алатын. Оператор әрдайым елді, банкті, филиалды және алушы клиентті жеке анықтауға мәжбүр болатын. Сонымен қатар қателерге байланысты транзакциялар қабылданбай, төлемдер кешіктірілетін.
Біртұтас IBAN жүйесі енгізілгеннен кейін шетелге ақшаны оңай, жылдам әрі қауіпсіз түрде аудару мүмкіндігі пайда болды. Бірегей код арқылы алушыны бірден анықтап, ақшаны дұрыс мекенжайға жіберуге болады.
Бастапқыда IBAN нөмірі Еуропалық Одақ пен Еуропалық экономикалық аймақ үшін әзірленген болатын. Бірақ бірте-бірте оны қолданатын мемлекеттердің тізімі өсе бастады. Бүгінгі таңда 100-ден астам елде банктік шоттар халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейді. Кейбір елдерде IBAN нөмірі ел ішіндегі аударымдар үшін де қолданылады.
Халықаралық банктік шот нөмірі әртүрлі елдер арасында ақша аудару үшін қажет. Ол екі қаржылық операция түрі бойынша қажет болуы мүмкін.
Егер алушы IBAN нөмірі қолданылмайтын елде мысалы, Ресейде болса - ешқандай нөмірді енгізу қажет емес. Бірақ егер Ресейдегі кез келген туысыңыз немесе серіктесіңіз сізге Қазақстанға ақша жібергісі келсе, оған сіздің халықаралық шот нөміріңіз қажет болады.
| Басқа елге ақша аударғанда немесе сізге шетелден ақша жіберілген кезде валюталардың ағымдағы бағамын бақылау маңызды, өйткені ол үнемі өзгеріп отырады. Доллар, еуро және рубль бағамдары туралы ақпарат кез келген уақытта Home Credit банкінің сайтында қолжетімді. Ал мобильді қосымшаның көмегімен валютаны онлайн түрде айырбастауға болады. |
Егер халықаралық шоттарды сәйкестендіру жүйесі жұмыс істейтін елге ақша жіберген кезде IBAN нөмірі көрсетілмесе, банк төлемді қабылдамауға, ақшаны қайтаруға және қайтару комиссиясын алуға құқылы. Сондықтан уақыт үнемдеп, ақшаны жоғалтпау үшін алушыдан халықаралық стандарт бойынша шот нөмірін алдын ала біліп алған дұрыс.
Шетелге ақша аударған кезде көбінесе SWIFT нөмірін енгізу қажет. Осыған байланысты олар ұқсас болып көрінуі мүмкін.
SWIFT код бұл шот нөмірін білдірмейді. Ол халықаралық банкаралық жүйесіне қатысатын қаржы ұйымының идентификаторы болып табылады. Ал IBAN нөмірінде банк туралы ақпараттан басқа да мәліметтер бар. Сондықтан SWIFT нөмірі банк шотының коды ретінде қолданылмайды. Қажет болған жағдайда екі идентификаторды да енгізу керек.
Егер сізде Қазақстанның кез келген банкінде шот ашылған болса немесе карта ресімделген болса, онда халықаралық нөмір де бар — ол автоматты түрде беріледі. IBAN нөмірін үш жолмен білуге болады:
Сіз шетелдегі туысқаныңызға немесе досыңызға ақша аударғыңыз келеді немесе тауарды басқа елден сатып алғыңыз келеді делік. Алушы сізге IBAN нөмірін айтты. Бірақ егер деректемелер қате енгізілсе, банк төлемді қабылдамайды. Сондықтан нөмірді алдын ала тексерген дұрыс.
Мұны арнайы сайтта жасауға болады. Сайтқа кіріп, алушының IBAN нөмірін тиісті өріске енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз. Жүйе нөмірді тексеріп растайды. Яғни ақшаны уайымдамай аударуға болады.