Қаражаттың шотқа түсуі

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу қағидалары

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Банк «Қаражатты аудару жөніндегі өтінішті» қашан сұрайды?

Егер төлем бойынша ақшаның не үшін түскені түсініксіз болса, өтініш беру қажет. Көбінесе мұндай жағдай төлемнің мақсатында келесі ақпарат көрсетілмеген кезде туындайды:

  • төлем мақсаттары
  • негіздеме құжаттың нөмірлері мен күні Мысалы: шарт немесе шот деректері
Банк ақшаның шығу көзі туралы құжатты қашан талап етеді?

Құжат комплаенс-бақылау талаптарына сәйкес қосымша тексеру кезінде қажет болуы мүмкін. Сатып алу-сату шарты, қызмет көрсету шарты немесе басқа шарт, табыс туралы анықтама немесе сатуды немесе талап ету құқығының берілуін растайтын өзге құжаттар сияқты ақшаның шығу көзін растайтын құжаттар қабылданады

Банк қашан тұруға ықтиярхатты немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты талап етеді?

Құжаттар резиденттілік мәртебесін нақтылау қажет болған кезде сұратылады.

Бұл ақпарат банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберетін есептілік үшін қажет. Бұл реттеушінің талабы

Банк «Еңбек шартын» қашан талап етеді?

Төлем мақсатында жалақы көрсетілсе де, шарт нөмірі және күні көрсетілмесе, еңбек шарты талап етіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында резидентке жалақыны шетел валютасында төлеуге Еңбек кодексімен тыйым салынғанын ескеру маңызды

Ақша шотқа түскенге дейін қайда және қанша уақыт ішінде сақталады?

Егер төлемді бірден аудару мүмкін болмаса, ақша уақытша банктің транзиттік шотында сақталады, бірақ бұл мерзім 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Кейін ақша жіберушіге қайтарылады

Неліктен ақша теңгеде түскен кезде өтініш қажет болуы мүмкін?

Егер операция тараптарының бірі бейрезидент болса, төлем теңгеде жасалса да, операция валюталық болып саналады.

Бұл жағдайда растайтын құжаттар және «Ақшалай қаражатты есепке алу туралы хат» талап етілуі мүмкін