• Артықшылықтар
  • Ресімдеу
  • Кешбэк
  • Шарттар
  • Маңызды ақпарат
  • Сұрақтар

Артықшылықтар

Картаны қосымшада ресімдеңіз

Такси мен коммуналдық қызметтер үшін кешбэк

Басқа төлемдер үшін кешбэк — 5%-ға дейін

Шарттар

Картаны шығару және оған қызмет көрсету0 ₸
Home.kz арқылы ақша аудару

0 ₸ 

Аударымдар туралы толығырақ

SMS-хабарламалар0 ₸
Home Credit Bank банкоматтарынан ақша алу0 ₸
Бүкіл әлем бойынша банкоматтардан ақша алу5 ретке дейін — 0 ₸. Кейін — ақша алу сомасынан 2%, минимум 100 ₸
Кешбэкайына 15 000 ₸ дейін
Бонустардың жарамдылық мерзімі18 ай
Шот түрітеңгедегі ағымдағы шот

Home Credit Bank–те тек 4 дебет картасын ашуға болады

5–ші картаны ашқыңыз келсе – жүйе ресімдеуден бас тартады

Елдер тізімі

Home Credit Bank дебет карталарымен төлем жасауға және банктің дебет карталарын ашуға тыйым салынған елдер тізімі

FAQ
Arna картасын қалай ашуға болады?

Қазақстан азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер үшін картаны ашудың бірнеше тәсілі бар: 

  1. Сайтта картаға жеткізумен тапсырыс беру: байланыс үшін телефон нөмірін енгізіңіз → кеңесшінің қоңырауын күтіңіз
  2. Мобильді қосымшада: виртуалды картаны ашу үшін келесі қадамдарды жасаңыз - Мен үшін → Карталар → Arna Card → Виртуалды картаны ашу → Жеке деректерді толтыру → Ресімдеуді аяқтау
  3. Банк бөлімшесі арқылы. Өзіңізбен бірге жеке куәлікті немесе тұруға ықтиярхатты алып келіңіз

 

Тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік тұлғалар картаны тек банк бөлімшесінде аша алады. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алыңыз:   

  1. Егер паспортта орыс тіліне аударма болмаса, нотариалды аудармасы бар паспорттың түпнұсқасы
  2. Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлік — ЖСН
  3. Келесі құжаттардың бірі өзіңізбен болуы қажет: 
  • Оқу шарты
  • Еңбек шарты
  • Туристік визадан басқа Қазақстан Республикасының визасы
  • Уақытша келген жері бойынша тіркеу
  • Дипломатиялық қызметкердің картасы 
Картаны пайдаланған кезде қандай кешбэк есептеледі?

Максималды бонус — 5%

 

5% — қосымшада такси мен коммуналдық қызметтер үшін әрдайым, ешқандай шартсыз. Бірден есептеледі
1% — Home.kz қосымшасында жасалған төлемдер үшін, картадағы және салымдардағы қалдықтарды есепке алмағанда

 

Барлығына 5%-ға дейін:

  1. Кепілдендірілген бонус — 1% Картамен жасалған кез келген сатып алулар мен төлемдер үшін және Home.kz арқылы төлем жасаған кезде есептеледі. Кешбэк бірден есептеледі
  2. Транзакциялық бонус — 2%. Төлем кезінде картада кем дегенде 100 000 ₸ қалдық бар болса есептеледі. Кешбэк бірден негізгі картаға есептеледі
  3. Депозиттік бонус — 2%. Егер өткен айда депозиттерде немесе инвестицияларда 500 000 ₸–ден артық сома болса есептеледі. Кешбэк ай сайын негізгі картаға 1–і мен 3–і аралығында есептеледі

 

Кешбэк бойынша ерекшеліктер

Картаға өтінім сайт арқылы берілді, оператор қашан қайта қоңырау шалып, карта жеткізіледі?

Оператор сізге өтінім қабылданғаннан кейін бір сағат ішінде хабарласады. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9:00–21:00, демалыс және мереке күндері 10:00–20:00.

Карталар күнде, сондай–ақ мереке күндері де жеткізіледі. Жеткізу уақыты: жұмыс күндері 9:00–21:00, демалыс және мереке күндері 10:00–20:00

Картаны қалай белсендіруге болады?

Home.kz мобильді қосымшасында Arna картасын таңдаңыз да, «Картаны белсендіру» батырмасын басыңыз

Картаны толықтырудың қандай жолдары бар?

Комиссиясыз:

  1. Мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасындағы аударым жасаңыз
  2. Home Credit Bank банкоматтары мен терминалдары арқылы
  3. Home Credit Bank бөлімшелеріндегі кассалар арқылы
  4. Qiwi терминалдары арқылы

Комиссиямен:

  1. «Astana–Plat» ЖШС
  2. «КиберПлат Казахстан» ЖШС
  3. Касса24

 

Картаны депозиттен толықтыру:

  • Home.kz мобильді қосымшасында: Arna Card картасын таңдау → Аударым жасау → Өнімді толықтыру → Қажетті шотты таңдау → Аударым сомасын енгізу → Аудару
  • Банк бөлімшелеріндегі касса арқылы

 

Картаны толықтырудың максималды сомасы: 

  • Банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы толықтыру кезінде шектеулер жоқ
  • Home Credit Bank терминалы арқылы — бір уақытта 2 000 000 ₸ дейін
  • Басқа банктердің карталарынан — 1 000 000 ₸ дейін
  • «Astana–Plat» ЖШС, «Касса 24» немесе «КиберПлат Қазақстан» ЖШС серіктестік желілері арқылы толықтыру кезінде шектеулер болуы мүмкін

Комиссияның мөлшері мен төлемдердің түсу мерзімі банкке байланысты емес себептер бойынша өзгеруі мүмкін. Комиссияның ағымдағы мөлшерін картаны толықтыру кезінде тексеріңіз

Банкоматтан ақша алу үшін қандай комиссия есептеледі?

Home Credit Bank банкоматтарынан ақша алу — 0 ₸. 

Бүкіл әлем бойынша банкоматтардан ақша алу: 5 ретке дейін — 0 ₸. Кейін — ақша алу сомасынан 2%, минимум 100 ₸

Егер карта атаусыз болса, онлайн сатып алу кезінде аты мен тегін қалай енгізу керек?

Паспортта көрсетілгендей атыңыз бен тегіңізді латын әріптерімен жазыңыз

Сатып алуды қайтару кезінде ақша қашан есептеледі?

3 жұмыс күні ішінде

Бонустар қашан есептелмейді?

Бонустар келесі операциялар үшін есептелмейді:

  • Ойын бизнесі және тотализаторлар
  • Егер тауар немесе қызмет қайтарылса
  • Барлық ақша аударымдары
  • Электрондық әмияндарды толықтыру
  • Кешбэк бойынша ерекшеліктер
Мен қанша бонус жинай аламын?

Бір күнтізбелік айда максимум 15 000 бонус алуға болады. Ол 15 000 ₸ тең

Егер Home Card және Arna карталары болса, депозиттер мен картадағы қалдық үшін кешбэк төленеді ме?

Депозиттер мен қалдық үшін кешбэк тек қосымшада негізгі болып таңдалған картаға есептеледі

Негізгі картаны қалай таңдауға болады?

Home.kz қосымшасын ашыңыз → Басты бетте немесе «Барлық шоттар» бөлімінде картаны таңдаңыз → «Әрекеттер» бөлімінде «Карта баптаулары» батырмасын басыңыз → Картаны негізгі етіп таңдаңыз

Егер мен айдың ортасында депозитті ашып, оны кем дегенде 500 000 ₸ сомасына толықтырсам, онда маған депозиттік кешбэк есептеле ме?

Жоқ. Кешбэк өткен айда депозиттерде немесе инвестицияларда 500 000 ₸–ден артық сома болса ғана есептеледі

Егер төлем айдың соңында жасалса, онда кешбэк келесі айдың бірінші күні түсе ме?

Сатып алулар мен төлемдер үшін кешбэк картаға бірден түседі. Егер операция қабылданса, ақша 3 жұмыс күніне дейін есептен шығарылуы мүмкін. Ақшаны есептен шығарғаннан кейін бонустар келеді.

Операцияның қабылданған күнін Home.kz қосымшасынан көруге болады: Arna Card картасын таңдаңыз → Төменде «Барлық транзакциялар және PDF–тегі үзінді көшірме» батырмасын басыңыз → Қажетті әрекетті тауып, оны таңдаңыз

Шетелде картамен төлеген кезде кешбэк есептеле ме?

Иә, өйткені МСС кодтар халықаралық болып табылады

Егер мен интернет–дүкендерде картамен төлесем, кешбэк есептеле ме?

Иә, есептеледі.

Сатушының МCC коды жоғары кешбэк есептелетін санаттарға сәйкес келсе, есептеледі

Транзакцияның күші жойылса бонустар есептеле ме?

Жоқ. Егер операция тоқтатылса, бонустар жойылады

Бонустардың жарамдылық мерзімі қандай?

1 бонус = 1 ₸. Жарамдылық мерзімі — бонустар есептелгеннен кейін 18 айға дейін.

Бонустарды картаға аудару үшін: Home.kz қосымшасында Arna картасын таңдаңыз → Төменде «Карта бойынша бонустар» батырмасының астындағы «Картаға аудару» батырмасын басыңыз → Аударым сомасын енгізіңіз

Картаға қызмет көрсету құны қандай?

Arna дебеттік картасына қызмет көрсету — 0 ₸

Arna арқылы жалақы алу үшін не істеу керек?

Сіз жұмыс істейтін компанияда жалақы жобасы болса да, жалақыны кез келген банк картасына алуға болады. 

Жалақыны Arna картасына алу үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет. Өтініште өзіңіздің деректеріңізді және шот нөмірін жазыңыз, ол арқылы бухгалтерия сізге жалақы жібереді

Бір клиент қанша Arna картасын аша алады?

Бір клиент бір Arna картасын ашуы мүмкін

Құжаттар