Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
  • Артықшылықтар
  • Ресімдеу
  • Шарттар
  • Төлемі әдістері
  • Сақтандыру
  • Пайдалы ақпарат
  • Сұрақтар

Артықшылықтар

Қарыз калькуляторы

Өтеу тәсілі:

Кредит сомасы
Кредит сомасы
Ай сайынғы төлем
0 ₸
Пайыздық мөлшерлеме|ЖТСМ
от 38% | от 46%
Артық төлем сомасы
0 ₸
Есептеу алдын ала жасалған және кредит бойынша соңғы ұсыныс болып табылмайды

Қарызды бірнеше минут ішінде аласыз

Құжаттарға қол қойылғанға дейін қарыз ресімдеуден кез келген уақытта бас тарта аласыз

Қарыз алу шарттары

Қарызды төлеу әдістері

Мобильді қосымша арқылы

Бөлімшеге бармай онлайн төлем жасаңыз

Біздің банктің терминалдары

Ең жақын терминалды таңдаңыз

Қаржылық қорғау

Қарыз ресімдеу барысында қаржылық қорғауды қосуға болады, ол мыналарды қамтиды:

 

  • Қарыздық демалыс – төлемді 1 айға кейінге шегеру мүмкіндігі

  • Уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде өтемақы – қарыз сомасының 4%-на дейінгі төлем (3 күннен бастап – жазатайым оқиға, 21 күннен бастап – ауру салдарынан)

  • Мүгедектік жағдайында қорғау – сақтандыру бағдарламасына байланысты қарыздың 80%-на дейін өтеледі

  • Өмірден өткен жағдайда сақтандыру – қарыздың 80%-на дейінгі сомасы өтеледі

Пайдалы ақпарат

Егер Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, Банк Қағидаларға сәйкес келесі әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы:

  • тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге
  • қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алуға
  • берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге
  • сотқа талап арызбен жүгінуге

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.07.2017 жылғы № 136 қаулысымен бекітілген банк қызметтерін көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидалары

Құжаттар
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Онлайн кредит дегеніміз не және оны ресімдеу үшін не қажет?

Онлайн кредит - бұл банк бөлімшесіне баруды қажет етпейтін, интернет арқылы ресімделетін салым. Кредитті:

  • 10 000 ₸ бастап 8 650 000 ₸ дейінгі сомаға
  • және 6 айдан бастап 60 айға немесе 5 жылға дейінгі мерзімге алуға болады

 

Кредитті ресімдеу үшін:

  • Қазақстан азаматы немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдік болу және ЖСН қажет
  • Соңғы 3 ай үшін зейнетақы аударымдары болуы тиіс.
  • Жасыңыз 23-75 аралығында болуы қажет
Кредитті онлайн түрде қалай ресімдеуге болады?

Оның үш тәсілі бар:

  1. Home.kz қосымшасы арқылы: Қосымшаны ашыңыз → «Мен үшін» бөлімінде «Кредиттерді» таңдаңыз → «Кредитті ресімдеу» батырмасын басыңыз → Шарттарды таңдаңыз және өтінімді жіберіңіз → Өтінімді растап, кредиттің мақұлдануын күтіңіз → Құжаттарға қол қойғаннан кейін, ақша шотқа немесе картаға түседі
  2. Сайт арқылы: Сайттың жоғарғы оң жағында «Кредитке өтінім беру» батырмасын басыңыз → Телефон нөміріңізді және ЖСН енгізіңіз → Шарттарды таңдаңыз және өтінімді жіберіңіз → Өтінімді растап, кредиттің мақұлдануын күтіңіз → Ақша шотқа немесе картаға түседі
  3. Бөлімшеде: Банк бөлімшесіне барыңыз → Өзіңізбен бірге Жеке куәлікті немесе Тұруға ықтиярхатты және ЖСН алып келіңіз → Кредитті ресімдеу үшін кеңесшіге жүгініңіз
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі дегеніміз не?

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі, СЖТМ — бұл комиссиялар мен басқа шығындар ескерілген кредиттің толық құны. Оған пайыздық мөлшерлеме және барлық төлемдер бойынша пайыздар кіреді

Кредиттің мақұлдану мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

Жаңа өтінімді 1 күнтізбелік айдан кейін беруге болады. Кредиттің мақұлдану деңгейін арттыру үшін: 

  • Kaspi Bank, Halyk Bank, RBK, Alatau City Bank, Center Credit, Forte, Altyn Bank немесе Bereke Bank-тен соңғы 6 айдағы карта бойынша үзінді көшірмені жүктеп алыңыз
  • Бұл үзінді көшірмені WhatsApp арқылы құжат ретінде жіберіңіз. Суреттерден немесе скриншоттардан жасалған үзінді көшірмелер қабылданбайды
Егер кредитті онлайн ресімдеу процесін аяқтамасам, оған қайта оралуға бола ма?

Иә, болады. Егер кредит мақұлданса, бірақ сіз өтінім бойынша құжаттарға қол қоймасаңыз, онда:

  • Егер өтінім қосымшада басталса - оны қосымшада жалғастырыңыз
  • Егер мақұлдау сайт арқылы алынған болса - құжаттарға сайт арқылы қол қойыңыз
  • Егер өтінімді бөлімше арқылы жасасаңыз - оны бөлімшеде аяқтаңыз
Егер кредит беруден бас тартылса, жаңа өтінімді қашан беруге болады?

Жаңа өтінімді 1 күнтізбелік айдан кейін беруге болады. Кредиттің мақұлдану деңгейін арттыру үшін: 

  • Kaspi Bank, Halyk Bank, RBK, Alatau City Bank, Center Credit, Forte, Altyn Bank немесе Bereke Bank-тен соңғы 6 айдағы карта бойынша үзінді көшірмені жүктеп алыңыз
  • Бұл үзінді көшірмені WhatsApp арқылы құжат ретінде жіберіңіз. Суреттерден немесе скриншоттардан жасалған үзінді көшірмелер қабылданбайды
Басқа банктегі кредитті жабу үшін онлайн кредит алуға бола ма?

Иә, басқа банкте алған кредитті қайта қаржыландыруға болады. Өтінім беру үшін банк бөлімшесіне келіңіз немесе сайтта өтінім қалдырыңыз, біз сізбен байланысамыз

Мақұлданған кредиттік өтінім қанша уақыт ішінде жарамды болады?

Егер сіз кредит шартына қол қоймасаңыз, онда 3 күнтізбелік күн ішінде жарамды болады, содан кейін ол автоматты түрде жойылады

Кредитті онлайн түрде ресімдегеннен кейін ақшаны қалай алуға болады?

Ақша алудың үш жолы бар: 

  1. Басқа банктегі картаға аударуға болады
  2. Home Credit Bank-тің кез келген банкоматынан алуға болады 
  3. Бөлімшедегі касса арқылы алуға болады

Ақша ағымдағы шотқа немесе Home Credit Bank картасына түседі. Егер Сізде банк картасы болмаса, ағымдағы шот автоматты түрде ашылады

Банкте кредит ресімделгеннен кейін шоттан ақша алу немесе оны аудару үшін комиссия бар ма?

Жоқ, аударым жасау, ақшаны банкомат немесе бөлімшеде касса арқылы алу үшін комиссия — 0 ₸

Tañ зейнетақы картасы бойынша ақшалай кредитті төлеу үшін 2% кешбэкті қалай алуға болады?
  1. Tañ зейнетақы картасын ресімдеп, оны белсендіріңіз
  2. Картаға зейнетақы алыңыз
  3. Tañ картасынан ай сайынғы төлемді кешіктірмей жасаңыз
  4. Келесі айдың 10-на дейін бонустар алыңыз

 

Ақшалай кредит үшін бонус есептеу шарттары:

  • Бонус кез келген кредит үшін беріледі
  • Кредитті уақытында төлеңіз: егер сіз ай сайынғы төлемді өткізіп алсаңыз, онда сол ай үшін бонус есептелмейді
  • Кредит мерзімінен бұрын толық өтелсе, бонус есептелмейді

 

Tañ картасы туралы толық ақпарат

Кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді қалай жасау керек?

Кредитті комиссиясыз және комиссиямен төлеуге болады: Комиссиясыз:

  • Ең ыңғайлы әрі жылдам әдіс — Home.kz мобильді қосымшасы арқылы: 
  1. Home Credit Bank картасымен, төлем сол күні түседі
  2. Басқа банктің картасымен, төлем 3 жұмыс күні ішінде түседі. Қосымшада комиссия жоқ, бірақ екінші банк тарапынан комиссиялар болуы мүмкін
  • Home Credit Bank бөлімшелерінде, шағын кеңселерінде және терминалдарында


Комиссиямен:

  • QIWI, Yurta, Pay Dala терминалдары — комиссияның мөлшері жеткізушіге байланысты және әдетте 500 ₸ дейінгі мөлшерде болады
  • Халық банкінің қосымшасы арқылы шарт нөмірі бойынша — сомадан 1%-ға дейін
  • Qazpost — сомадан 2%, мин. 200 ₸
Аннуитеттік төлем дегеніміз не?

Аннуитет — бұл кредит бойынша тең ай сайынғы төлемдер. Төлем екі бөліктен тұрады: негізгі қарыз және пайыздар. Алдымен төлемнің көп бөлігі пайыздарды, содан кейін негізгі қарызды құрайды

Бір адамның қанша кредиті болуы мүмкін?

Бір клиент бір банкте 5 кредитке дейін ресімдей алады