
Облигациялар
— бұл банк шығаратын бағалы қағаздар

Дисконттық – облигация түрі
тұрақты пайыз төлемдері жоқ: номиналды құнынан төмен бағамен сатып алынып, номиналды құны бойынша өтеледі

Банк кепілдігі
облигацияларды өтеу кезінде салынған соманы қайтарып, табысты төлейді

Жылдық 6,5%
Облигациялар бойынша кіріс

12 айға дейін
Облигациялар өтелгенге дейінгі мерзім

Номиналды құны – 1 000 $
Сатып алу бағасы мен номинал арасындағы айырма есебінен табыс алыңыз
| Эмитенттің рейтингі, Fitch Ratings | «BB-», болжамы «Тұрақты» |
| Облигация түрі | дисконттық |
| Облигациялар валютасы | АҚШ доллары |
| Облигацияларды өтеу мерзімі | 12 айға дейін |
| Облигациялардың номиналды құны | 1 000 $ бастап |
| Өтеуге дейінгі кірістілік | жылдық 6,5% |
| Негізгі соманы және сыйақыны төлеу мерзімі | мерзімнің аяқталу күні |
| Қосымша арқылы облигацияларды сатып алу уақыты | жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін |
| Бөлімшеде облигацияларды сатып алу уақыты | жұмыс күндері сағат 09:00-ден 14:30-ға дейін |
Облигациялар — бұл банк шығаратын бағалы қағаздар. Облигация өтелген кезде банк салынған ақша сомасын қайтаруға және кірісті белгіленген мерзімде төлеуге кепілдік береді
Облигацияларды Home.kz қосымшасында сатып алуға болады: «Мен үшін» бөлімінде → «Облигациялар» батырмасын басыңыз → Облигациялар санын енгізіп, оларды сатып алыңыз. Облигацияларды қосымша арқылы сатып алу жұмыс күндері 9.00-17.00 аралығында қолжетімді.
Облигацияларды банк бөлімшелерінде сатып алуға болады. Облигацияларды бөлімшеде жұмыс күндері 9.00-14:30 аралығында сатып алуға болады
Сатып алынғаннан кейін облигациялар 3-5 жұмыс күнінен кейін қосымшада көрсетіледі. Бұл мерзім банктің өтінімді қарап, мәмілені аяқтауы үшін қажет. Облигациялардың қосымшада пайда болуы мәміленің аяқталуын білдіреді
Облигациялар бойынша кіріс сатып алу бағасы мен номиналды құн арасындағы айырмашылық есебінен белгіленеді.
– Бір облигацияның номиналды құны - 1 000 $
– Нақты бағасы әрқашан номиналды құнынан төмен болады
Олардың арасындағы айырмашылық сіздің табысыңыз болып табылады.
Облигацияларды өтеу кезінде банк 1 000 $ қайтарады: кіріс = номиналды құны – сатып алу бағасы.
Мысалы:
Егер сіз облигацияны 950 $-ға сатып алсаңыз, облигация өтелген кезде 1 000 $ аласыз. Сіздің кірісіңіз 50 $ болады
Кіріс пен облигациялардың номиналды құны оларды өтеу күні төленеді. Банк төлемді кейін жасау мүмкін — өтеу күнінен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде. Бұл шарттың талаптарында көзделген
Қазақстан азаматтарына: Жеке куәлік.
Азаматтығы жоқ адамдарға: Азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе паспорты.
Шетелдіктерге: Нотариалды куәландырылған аудармасы бар паспорт, егер ол шет тілінде болса, немесе Тұруға ықтиярхат пен ЖСН
Жоқ, облигацияларды сенімхат бойынша сатып алуға болмайды. Сіз оларды тек өзіңіз сатып ала аласыз
Иә. Алғашқы облигацияларды бөлімшеде сатып алу керек, содан кейін оларды қосымша арқылы сатып алуға болады.
Өзіңізбен бірге нотариалды куәландырылған аудармасы бар паспорт, егер ол шет тілінде болса, немесе тұруға ықтиярхат пен ЖСН болуы қажет
Иә. Алғашқы облигацияларды бөлімшеде сатып алу керек, содан кейін оларды қосымша арқылы сатып алуға болады.
Өзіңізбен бірге азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе паспорты болуы қажет
Облигациялар электронды форматта шығарылады
Жоқ. Бірақ жаңа облигацияларды сатып алуға болады
Жоқ.
Облигация — бұл Home Credit Bank-ке қарызға ақша бергеніңізді растайтын банктің қарыз міндеттемесі. Ал біз өз тарапымыздан ақшаны қайтаруға және кірісті төлеуге кепілдік береміз
Жоқ, сатып алынатын облигациялар санына шектеу жоқ.
Бір күнде 1 000 000 $ дейінгі сомаға облигацияларды сатып алуға болады
Жоқ, облигацияларды мерзімінен бұрын сату немесе қайтару мүмкін емес. Табыс облигациялар өтелген кезде ғана төленеді