Home Сredit Bank Prime

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Калькуляторлар

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Home Credit Bank Prime дегеніміз не және оған қандай қызметтер кіреді?

Бұл 15 000 000 ₸ басталатын сомаға депозиттері, депозиттік сертификаттары және облигациялары бар клиенттерге жеке қызмет көрсету сервисі. Оған кіретін артықшылықтар:

  • Тәулік бойы қолжетімді жеке менеджер
  • 5% кешбэк беретін Tau Visa Infinite премиум картасы
  • Депозиттер бойынша жоғары мөлшерлемелер
  • Тегін аударымдар
  • Саяхатта бүкіл отбасын сақтандыру
  • Бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы бизнес залдарға кіру
Home Credit Bank Prime қызметі қанша тұрады?

Home Credit Bank Prime қызметі, сондай-ақ Tau премиум картасын шығару және оған қызмет көрсету – тегін.

Оны қосу үшін жалпы сомасы 15 000 000 ₸ немесе оның $ не € баламасына тең және одан артық соманы депозиттерге, депозиттік сертификаттарға немесе облигацияларға салыңыз

Home Credit Bank Prime сервсисін Home.kz қосымшасында қалай қосуға болады?
  1. Home Credit Bank-ке 15 000 000 ₸ және одан артық соманы депозиттерге, депозиттік сертификаттарға немесе облигацияларға салыңыз
  2. Содан кейін Home.kz қосымшасының басты бетіндегі баннерді басыңыз
  3. Сізге ыңғайлы болатын бөлімшені және жеке менеджерді таңдаңыз
  4. Өтінімді Face ID немесе Touch ID арқылы растаңыз
  5. Болды, бәрі дайын! Қосымшаңыз Prime нұсқасына дейін жаңартылады
Home Credit Bank Prime профиліне қалай кіруге болады?

Бөлек кабинет қажет емес. Премиум мәртебесі белсендірілгеннен кейін қосымша Prime нұсқасына дейін автоматты түрде жаңартылады

Home Credit Bank Prime-ды қалай өшіруге болады?

Сервисті өшіру және Tau Visa Infinite картасын жабу үшін жеке менеджерге немесе банк бөлімшесіне хабарласыңыз

Tau, Özen және басқа Home Credit карталарының бір-бірінен айырмашылығы неде?

Tau — бұл барлық сатып алуларға 5% кешбэк және премиалды қызмет көрсетуді ұсынатын премиум дебет картасы.

Özen — бұл бүкіл әлем бойынша артық төлемсіз 6 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынатын кредит картасы.

Қалған дебет карталары күнделікті шығындарға арналған

Prime клиенттері үшін аударымдар мен төлемдердің лимиттері қандай?

Операция лимиттері:

  • Home Credit Bank клиенттеріне аударым жасау — күніне 3 000 000 ₸ дейін
  • Басқа банктердің карталарына аударым жасау — күніне 2 000 000 ₸ дейін, айына 4 000 000 ₸ дейін
  • Қосымшада және интернетте төлем жасау — күніне 10 000 000 ₸ дейін
Қосымшада лимиттерді қалай өзгертуге болады?
  1. Басты бетте Tau картасын таңдаңыз
  2. «Әрекеттер» бөлімінде «Карта бойынша лимиттер» қойындысын ашыңыз
  3. Төлем жасауға, ақша алуға және онлайн сатып алуларға лимиттерді баптаңыз
Басқа банктедің карталарына аударымдар жасау үшін қандай комиссия бар?

Для клиентов Home Credit Bank Prime переводы в другие банки в приложении Home.kz — 0 ₸

Tau картасынан ақшаны қалай комиссиясыз шешіп алуға болады?

Бүкіл әлем бойынша кез келген банкоматтардан, оның ішінде ForteBank банкоматтарынан айына 3 000 000 ₸ дейін ақша алу үшін комиссия жоқ. Одан артық соманы алу үшін комиссия – алынатын ақша сомасынан 2%, минимум 100 ₸