Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Смартфонмен қалай төлеуге болады?

Home Credit Bank картасын Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay немесе Garmin Pay-ге қосуға болады. Содан кейін сатып алулар үшін NFC функциясы бар смартфонмен немесе сағатпен төлеуге болады.

 

Картаны қалай белсендіруге болады

Apple Pay

  1. iPhone-да Wallet қосымшасын ашыңыз
  2. Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз
  3. Дебет немесе кредит картасын таңдаңыз
  4. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз
  5. Карта деректерін қосып, нұсқауларды орындаңыз
  6. SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз

Төлем жасау үшін бұғаттау батырмасын екі рет басыңыз да, iPhone-ды бұғаттан шығарып, оны терминалға жақындатыңыз.

 

Samsung Pay

  1. Samsung смартфонында Samsung Pay қосымшасын ашыңыз
  2. Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз
  3. Картаны сканерлеңіз немесе карта деректерін енгізіңіз;
  4. Қызмет шарттарын қабылдаңыз
  5. SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз
  6. Экранға саусақпен немесе стилуспен қол қойыңыз

Samsung Pay баптауларында «Жылдам қол жеткізу» функциясын таңдап, картаны пайдалану опциясын таңдаңыз.

 

Google Pay

  1. Android-та «Google Кошелёк» қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз
  2. «Әмиянға қосу» батырмасын басыңыз
  3. «Төлем картасын» таңдаңыз
  4. Карта нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVV кодты енгізіңіз
  5. Деректерді сақтаңыз
  6. SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз

Карта қосылғаннан кейін кішігірім сома есептен шығарылуы мүмкін — ол автоматты түрде қайта оралады.

 

Garmin Pay

  1. Смартфонда Garmin Connect қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз
  2. Garmin Devices бөліміне өтіп, сағатты таңдаңыз
  3. «Garmin Pay» батырмасын басыңыз
  4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз

Төлем жасау үшін сағатта әмиянды ашып, оны терминалға жақындатыңыз

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі дегеніміз не?

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі, СЖТМ — бұл комиссиялар мен басқа шығындар ескерілген кредиттің толық құны. Оған пайыздық мөлшерлеме және барлық төлемдер бойынша пайыздар кіреді

Сайтта қандай валюта бағамдары бар?

Сайтта және қосымшада Home Credit Bank-те доллар, еуро және рубльді сатып алу және сату бағамдары бар

Кредитті қай зейнеткерлер рәсімдей алады?

Кредитті 75 жасқа дейінгі зейнеткерлер ала алады. Сізде:

  • Қазақстан азаматтығы немесе тұруға ықтиярхат;
  • ЖСН
  • соңғы 6 ай үшін зейнетақы аударымдары болуы керек
Онлайн кредит дегеніміз не және оны ресімдеу үшін не қажет?

Онлайн кредит - бұл банк бөлімшесіне баруды қажет етпейтін, интернет арқылы ресімделетін салым. Кредитті:

  • 10 000 ₸ бастап 9 500 000 ₸ дейінгі сомаға
  • және 6 айдан бастап 60 айға немесе 5 жылға дейінгі мерзімге алуға болады

 

Кредитті ресімдеу үшін:

  • Қазақстан азаматы немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдік болу және ЖСН қажет
  • Соңғы 3 ай үшін зейнетақы аударымдары болуы тиіс.
  • Жасыңыз 23-75 аралығында болуы қажет
Картаны шығару және оған қызмет көрсету қанша тұрады?

Картаны шығару және оған қызмет көрсету — 0 ₸

Жеке тұлғаларға арналған нөмір қандай?

Home Credit Bank операторларымен жедел байланыс орнату үшін 7979 нөміріне қоңырау шалыңыз — қажет болғанда кәсіби қолдау аласыз

Депозиттік калькулятор дегеніміз не?

Депозиттік калькулятор депозиттік кірісті алдын ала есептеуге және мерзімнің соңында депозитте қанша ақша болатынын көруге көмектеседі.

«Төлем шоты» үшін қандай комиссия бар?

Комиссия — 0%. Шот шығару мен төлем қабылдау — тегін.

Сақтандыруды рәсімдеу кезінде денсаулық жағдайы бойынша қандай шектеулер бар?

Сақтандыру қызметін рәсімдеу кезінде клиент:

– әрекетке қабілетті болуы тиіс
– оның 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі болмауы тиіс