Отбасын қорғау

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
«Отбасын қорғау» қызметін қалай ресімдеуге болады?

«Отбасын қорғау» қызметін келесідей ресімдеуге болады:

  1. Банк бөлімшесінде: өзіңізбен бірге Жеке куәлік алыңыз. 
  2. Home.kz қосымшасында: «Мен үшін» бөліміне өтіңіз → «Сақтандыру» → «Отбасын қорғау» → «Полисті ресімдеу» қойындысын таңдаңыз → Полис нұсқасын таңдаңыз → Сақтандыру қызметі үшін төлеңіз. 

 

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік
«Отбасын қорғау» сақтандыру қызметіне не кіреді?

«Отбасын қорғау» қызметіне кіретін артықшылықтар:

  • Төлемдер — 2 000 000 ₸ дейін
  • Сақтандыру тәулік бойы бүкіл әлем бойынша жарамды
  • Күнделікті төлемдер — 5 000 ₸, ауырған кезде немесе жазатайым оқиға кезінде
  • Ауруға байланысты уақытша жұмыссыздар мен зейнеткерлерге төлемдер жасалынады
  • Мүгедектік белгіленген кезде төлемдер
Сақтандыру жағдайын қарастыру мен төлем мерзімі қандай?

15 жұмыс күніне дейін

Төлемнің максималды сомасы қандай?

Төлемнің максималды сомасы:

  • Шарттың бүкіл кезеңі ішінде 1 000 000 ₸ дейін
  • Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша 300 000 ₸ дейін

 

«Балалы отбасы» сақтандыру қызметі үшін төлемнің максималды сомасы:

  • Шарттың бүкіл кезеңі ішінде 2 000 000 ₸ дейін
  • Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша 400 000 ₸ дейін
Төлемдер қандай шотқа түседі?

Құжаттарды алғаннан кейін ағымдағы шотқа

«Отбасын қорғау» өнімін басқа өнімдермен бірге ресімдеуге бола ма?

Бір уақытта, өзіңізге немесе бірнеше адамға бірнеше сақтандыру қызметтерін ресімдеуге болады

Егер сақтанушының мүгедектігі болса, ол «Отбасын қорғау» қызметін ресімдей ала ма?

Иә. Егер сақтанушының 1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі болса:

  1. Сақтандыру жағдайына тек өлім жатады
  2. Егер сақтандырылған адам уақытша жұмыссыз немесе зейнеткер болса, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдер бар
Сақтандыру қай күннен бастап жарамды болады?

Төлемнен кейін келесі күні

Сақтанушының тегі өзгергені туралы қалай хабарлауға болады?

Сақтандыру шартының нөмірі және жаңа тегі бар жазбаша хабарламаны info@euroins.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз 

Сақтандыру шарты бұзылған кезде қандай төлемдер сомасы түседі?

Сақтандыру шарты 14 күнге дейінгі мерзімде бұзылса — сақтандыру сыйлықақысының толық сомасы.

14 күннен кейін — ақша қайтарылмайды.