Сыртқы экономикалық қызмет
Кредиттер
Дебеттік карталар
Кредит карталар
Депозиттер мен инвестициялар
Сақтандыру
Қызметтер
Басқа өнімдер
Архивтік өнімдер
HCB Business
Қосымша шот ашу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Қосымшаның басты бетіне өтіңіз.
2. «Шоттар» бөлімінің жанындағы «+» белгішесін басып, тізімнен қажетті валютаны таңдаңыз.
Шот бірден ашылады, қызмет тәулік бойы қолжетімді.
Валюталық операцияларды HCB Business мобильді қосымшасы немесе интернет-банкинг арқылы жылдам әрі ыңғайлы түрде жасауға болады. Валюталық аударым жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Валюталық шотты ашыңыз
2. Келісімшартты тіркеңіз (егер сома 10 000 АҚШ долларынан артық болса)
3. Валютаны айырбастаңыз
4. Аударымды инвойспен жіберіңіз немесе тізімнен келісімшартты таңдаңыз
HCB Business қосымшасында валютаны айырбастау бірден сол сәтте жүреді.
Иә, айырбастау процесінде «Жеке бағамды сұрау» батырмасын басыңыз. Баламасы 20 000 АҚШ долларынан артық сома үшін жеке айырбастау бағамын сұрау мүмкіндігі Мобильді қосымшада және Интернет-банкингте қолжетімді болады.
Ең алдымен тізімнен есепке алу мақсатын таңдау керек, сондай-ақ келісімшартты көрсету керек (егер аударым келісімшарт шеңберінде түссе), қажет болған жағдайда аударым жүзеге асырылған құжаттарды тіркеу және растау қажет.
HCB Business мобильді қосымшасында немесе Интернет Банкингте Операциялар → Келісімшарттар бойынша операциялар → Келісімшартты тіркеу қойындысына өту керек. Әрі қарай, келісімшартты тіркеп, тексеруге жіберу керек. Егер келісімшартқа есептік нөмір беру қажет болса, онда сізге қол қоюға өтініш жіберіледі. Өтінішке SMS-пен келген код арқылы қол қойылады. Осыдан кейін келісімшартқа есептін нөмір беріледі және ол бойынша төлемдерді бірден жасауға болады.
Келісімшарт туралы толық ақпарат HCB Business мобильді қосымшасында қолжетімді.
HCB Business қосымшасындағы валюталық бақылау — бұл клиенттердің валюталық операцияларының заңнамаға сәйкестігін тексеру және бақылау процедураларының кешенін жүзеге асыратын банк бөлімі. Валюталық бақылаудан өту үшін келісімшартты есепке қою немесе операция жүргізілетін инвойсты тексеруге жіберу қажет. HCB Business мобильді қосымшасында инвойсты жіберу үшін төлемді жіберу кезінде сканерленген құжатты тіркеу жеткілікті. Келісімшартты тексеруге жіберу және оны тіркеу үшін сканерленген құжаттарды Операциялар → Келісімшарттар бойынша операциялар → Келісімшартты тіркеу қойындысына тіркеу қажет.