Банкаралық QR
Кредиттер
Дебеттік карталар
Кредит карталар
Депозиттер мен инвестициялар
Сақтандыру
Қызметтер
Басқа өнімдер
Архивтік өнімдер
HCB Business
ҚР Ұлттық банкінің қолдауымен әзірленген Ұлттық төлем корпорациясының мезеттік төлемдер жүйесі. Бұл жүйе ҚР қатысушы банктердің мобильді қосымшалары арқылы QR-кодты сканерлеу жолымен төлем қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұл функция Home Credit Business қосымшасындағы Сату кабинетін пайдаланушыларына қолжетімді.
1. Сату кабинетін ашыңыз (егер ол әлі ашылмаған болса).2. Сауда нүктесін қосыңыз (егер ол әлі қосылмаса).3. Сауда нүктесінің баптауларында «Банкаралық QR» төлем қабылдау әдісін таңдаңыз.4. Төлемдерді бірден қабылдаңыз.
Екі түрлі QR форматын қолдануға болады: динамикалық (белгілі бір сомаға жасалынатын QR) және тұрақты («QR басып шығару» бөлімінде).
Сатушы сатып алу сомасын енгізеді, жүйе 200 секунд бойы жарамды болатын QR-кодты қалыптастырады. Клиент оны өз банкінің қосымшасы арқылы сканерлеп, төлем жасайды.
Код «QR басып шығару» бөлімінде жасалып, кассаға немесе басқа көрінетін жерге орналастырылады. Клиент кодты сканерлеп, төлем сомасын өзі енгізеді.
Иә, болады. Мерчант «QR басып шығару» бөлімінен тұрақты QR кодты сайтта, әлеуметтік желілерге немесе мессенджерлерге орналастыра алады. Клиент өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы кодты сканерлеп, төлем сомасын енгізеді.
Қайтарымдар тікелей Сату кабинетінде жүзеге асырылады. Жүйе қайтарылатын транзакциялар тізімін алғаннан кейін, сізге қайтарымды ресімдеу үшін 180 секунд беріледі. Операцияны растау үшін клиентке QR-ды көрсетіп, толық немесе ішінара қайтарым жасауға болады.
Ішкі операциялар (Home Credit Bank клиенттерінен) бойынша комиссия ұсталмайды. Сыртқы операциялар (басқа банктердің клиенттерінен) бойынша — операция сомасынан 1,3%.
Иә, терминал қажет емес. Барлығы смартфон және Home Credit Business қосымшасы арқылы жұмыс істейді.