Жинақ Хоум+

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Калькуляторлар

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Депозит жабылғаннан кейін депозит сомасы қанша уақыт ішінде келіп түседі?

Ол депозит түріне байланысты болады: 

  • Егер депозиттерді қосымшада жабатын болсаңыз, онда «Оңай», «Оңай Плюс» депозиттерінен ақша бірнеше минутта түседі
  • Жинақ депозиттерінен ақша өтініш бергеннен кейін 30 күн өткен соң түседі
Депозит жабылғаннан кейін ақша түспесе не істеу керек?

Өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдаңыз:

  1. Home.kz қосымшасындағы чатқа жазыңыз: Басты беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы сұрақ белгісін басыңыз → «WhatsApp-қа жазу» деп таңдаңыз → Мәселені сипаттап, бізге сұрау жіберіңіз
  2. Қолдау қызметіне 7979 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
Сыйақы сомасын қалай білуге болады?
  1. Home.kz қосымшасын ашыңыз 
  2. Қажетті депозитті таңдаңыз 
  3. Есептелген пайыздар сомасы «Депозиттен келген пайда» блогында көрсетіледі
Депозит бойынша үзінді көшірмені онлайн қалай алуға болады?

PDF-тегі үзінді көшірмені Home.kz қосымшасында тегін жүктеп алуға болады: 

  1. Депозитіңізді ашыңыз 
  2. «Кезең бойынша сома өзгерісі» бөлімінде «Барлық транзакциялар және PDF» функциясын таңдаңыз
  3. «PDF форматындағы үзінді көшірме» батырмасын басыңыз 
Визаны рәсімдеу үшін депозит бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Шоттың болуы және баланс туралы анықтама орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде тегін ұсынылады: 

  • Home.kz қосымшасында: депозитіңізді ашыңыз → «Шоттың болуы туралы анықтама» батырмасын басыңыз → Тілді таңдап, сұрауыңызды растаңыз
  • Бөлімшеде. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келіңіз
Депозитті автоматты түрде толықтыру функциясын қалай баптауға болады?

Автотолықтыруды Home.kz қосымшасында баптауға болады:

  1. Депозитіңізді ашыңыз
  2. «Әрекеттер» бөлімінде «Автотөлем» функциясын таңдаңыз
  3. Соманы, мерзімді және есептен шығару шотын таңдаңыз
  4. Параметрлерді растаңыз

Автотолықтыру параметрлерін кез келген уақытта өзгертуге болады

Депозиттің аяқталу күнін қалай білуге болады?

Шарттың аяқталу күнін қосымшада білуге болады: депозитіңізді ашыңыз → «Жинақтау бойынша болжамдар» блогында шарттың аяқталу күні көрсетіледі

Жабық депозит бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Жабық салым бойынша үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне жеке куәлікпен келу қажет. Сізге ең жақын бөлімшені картадан көруге болады