Оңай

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Калькуляторлар

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігі жоқ қандай депозиттер бар?

Егер сіз мерзім аяқталғанға дейін ақша алуды жоспарламасаңыз, онда «Жинақ Хоум», «Жинақ Хоум+» депозиттерін ашуға болады

Депозиттен ақшаны ішінара алуға бола ма?

«Оңай» және «Оңай Плюс» депозиттерінен ақшаны төмендетілмейтін қалдыққа дейін шешіп алуға болады. 

Ақшаны депозиттен қосымша арқылы алған кезде пайыздар сақталады

Депозит бойынша төмендетілмейтін қалдық дегеніміз не?

Бұл депозиттің ең төменгі сомасы. Банк пайыздарды есептеуі үшін оны бүкіл мерзім ішінде сақтау керек.

  • «Оңай», «Оңай Плюс» және «Жинақ Хоум+» депозиттерінде төмендетілмейтін қалдық — 1 000 ₸
  • «Жинақ Хоум» депозитінде төмендетілмейтін қалдық жоқ, өйткені одан ақша алуға және оны толықтыруға болмайды
Егер депозит мерзімі ұзартылса, мөлшерлеме өзгере ме?

Депозит мерзімі ұзартылған кезде ұзарту күні қолданыста болатын мөлшерлеме белгіленеді

Депозитті қысқа мерзімге — 3 немесе 6 айға ашуға бола ма?

Иә, болады. Ол үшін:

  • 3 немесе 6 айға «Жинақ Хоум+» депозитін
  • 6 айға «Жинақ Хоум» депозитін ашуға болады
Депозитті қалай онлайн ашуға болады?

Депозитті Home.kz қосымшасында ашуға болады: ол үшін «Мен үшін» → «Депозиттер» бөліміне өтіп → Қалайтын депозитті таңдап, оның ашылуын растаңыз

Шетелдік азамат Home Credit Bank-те депозит аша ала ма?

Иә, аша алады. Депозитті ашу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге:

  1. Орыс немесе қазақ тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспортты немесе тұруға ықтиярхатты
  2. ЖСН нөмірін алып келіңіз