Долларлық облигациялар

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Калькуляторлар

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Долларлық облигациялар дегеніміз не?

Облигациялар — бұл банк шығаратын бағалы қағаздар. Облигация өтелген кезде банк салынған ақша сомасын қайтаруға және кірісті белгіленген мерзімде төлеуге кепілдік береді

Облигацияларды қайдан сатып алуға болады?

Облигацияларды қосымша арқылы сатып алу жұмыс күндері 9.00-17.00 аралығында қолжетімді.

  1. «Мен үшін» бөлімінде «Облигациялар» батырмасын басыңыз
  2. Облигациялар санын енгізіп, оларды сатып алыңыз
Облигациялар сатып алынды. Сатып алынғаннан кейін олар қосымшада қашан пайда болады?

Сатып алынғаннан кейін облигациялар 3-5 жұмыс күнінен кейін қосымшада көрсетіледі. Бұл мерзім банктің өтінімді қарап, мәмілені аяқтауы үшін қажет. Облигациялардың қосымшада пайда болуы мәміленің аяқталуын білдіреді

Облигациялар бойынша табысты қалай есептеуге болады?

Облигациялар бойынша кіріс сатып алу бағасы мен номиналды құн арасындағы айырмашылық есебінен белгіленеді.

– Бір облигацияның номиналды құны - 1 000 $

– Нақты бағасы әрқашан номиналды құнынан төмен болады

Олардың арасындағы айырмашылық сіздің табысыңыз болып табылады.

 

Облигацияларды өтеу кезінде банк 1 000 $ қайтарады: кіріс = номиналды құны – сатып алу бағасы.

 

Мысалы:

Егер сіз облигацияны 950 $-ға сатып алсаңыз, облигация өтелген кезде 1 000 $ аласыз. Сіздің кірісіңіз 50 $ болады

Облигациялар бойынша кіріс қашан төленеді?

Кіріс пен облигациялардың номиналды құны оларды өтеу күні төленеді. Банк төлемді кейін жасау мүмкін — өтеу күнінен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде. Бұл шарттың талаптарында көзделген

Облигацияларды сатып алу үшін қандай құжаттар қажет?

Қазақстан азаматтарына: Жеке куәлік

Облигацияларды сенімхат бойынша сатып алуға бола ма?

Жоқ, облигацияларды сенімхат бойынша сатып алуға болмайды. Сіз оларды тек өзіңіз сатып ала аласыз

Долларлық облигациялардың форматы қандай?

Облигациялар электронды форматта шығарылады

Облигациялар бойынша қосымша жарналар енгізуге бола ма?

Жоқ. Бірақ жаңа облигацияларды сатып алуға болады

Облигациялар Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған ба?

Жоқ. 

Облигация — бұл Home Credit Bank-ке қарызға ақша бергеніңізді растайтын банктің қарыз міндеттемесі. Ал біз өз тарапымыздан ақшаны қайтаруға және кірісті төлеуге кепілдік береміз