Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Tau премиалды картасы

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
VIP клиент болуға және Tau картасын қалай ашуға болады?

VIP клиент болу үшін келесі шарттарды орындау қажет: 

  1. Жалпы сомасы 15 000 000 ₸ немесе оның $ не € баламасына тең және одан артық соманы депозиттерге, депозиттік сертификаттарға немесе облигацияларға салу
  2. VIP мәртебесін алу

 

VIP мәртебесін қалай алуға болады:

  1. 15 000 000 ₸ немесе оның баламасындағы депозитіңіз болған жағдайда, қосымшада VIP мәртебесін белсендіру ұсынысы бар баннер пайда болады
  2. Баннерді басып, өз өңіріңізді және қызмет көрсету бөлімшесін таңдаңыз
  3. VIP қызмет көрсету шарттарымен танысыңыз
  4. Өтінішке Face ID, Touch ID арқылы қол қойыңыз немесе құпия кодты енгізіңіз
  5. VIP мәртебесін алыңыз
  6. Home.kz қосымшасының интерфейсі жаңартылады
  7. Басты бетте жеке менеджердің деректері пайда болады

 

Tau виртуалды картасын қалай ашуға болады: VIP мәртебесін алу үшін Home.kz қосымшасында «Мен үшін» бөлімінде «Карталарды» таңдаңыз → «Дебет картасын ашу» → Home Card Tau қойындысын басыңыз.

 

Tau пластикалық картасын қалай ашуға болады: VIP мәртебесін алу үшін бөлімшеге барып, картаны жеке менеджер немесе Бөлімше басқарушысы арқылы ресімдеңіз

Картаның шарттары қалай өзгереді және егер депозиттер мен инвестициялар сомасы 15 000 000 теңгеден кем болса, кешбэк қалай есептеледі?

Егер төлем кезінде депозиттердің, депозиттік сертификаттардың және инвестициялардың жалпы сомасы 15 000 000 ₸ кем болса, кешбэк есептелмейді. Бірақ VISA артықшылықтары сақталады 

15 000 000 ₸–ден асатын депозиттер мен инвестициялар кешбэк төлеу кезінде қалай есептеледі?

Төлем жасау кезінде депозиттер, депозиттік сертификаттар мен облигациялардың сомасы 15 000 000 ₸ немесе оның $ не € баламасына тең және одан артық болса, кешбэк есептеледі. Облигациялар сатып алынған күннен бастап өтелген күнге дейін есептеледі

Айына бонустардың максималды сомасы қандай?

Бонустардың максималды сомасы — айына 100 000 бонусқа дейін, егер депозиттер мен инвестициялардың сомасы 15 000 000 ₸ немесе оның $ не € баламасына тең және одан артық болса. Кешбэк бірден есептеледі.

Егер депозиттер мен инвестициялардың сомасы бұдан кем болса, онда кешбэк есептелмейді

Кешбэкті ақшаға қалай аударуға болады?

Кешбэк 1 бонус = 1 ₸ болып есептеледі. 

Бонустарды ақшаға аудару үшін Home.kz қосымшасындағы Басты бетте «Менің шоттарым» бөлімінде Tau картасын таңдаңыз → Төменде «Карта бойынша бонустар» бөлімінде «Картаға аудару» батырмасын басып → Кешбэк сомасын енгізіңіз

Бонустардың жарамдылық мерзімі қандай?

Бонустардың жарамдылық мерзімі – есептелген сәттен бастап 18 ай

Ақша алу үшін қандай комиссия есептеледі?

Бүкіл әлем бойынша айына 3 000 000 ₸ дейін ақша алу үшін комиссия жоқ, ал кейін — ақша алу сомасынан 2%, мин. 100 ₸

Бизнес залға қандай жағдайларда тегін кіруге болады?

Әлемнің әуежайларындағы бизнес залдарға тегін кіру үшін айына кемінде 300 000 ₸ жұмсау керек. Есепке бизнес залға кіру күніне дейінгі 5 күнді қоспағанда соңғы 35 күнде жасалған операциялар алынады. Осы мерзім ішінде қайтарым болған жағдайда, қайтарылған сома жалпы сомадан алынып тасталады. 

Google Pay, Apple Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы смартфондар немесе смарт сағаттар арқылы жасалған төлемдер ғана есептеледі

Карта ашылғаннан кейін 5 күннен кем уақыт өтіп, 300 000 ₸–ден кем ақша жұмсалса, әуежайдағы бизнес залға баруға бола ма?

Жоқ. Әлемнің әуежайларындағы бизнес залдарға кіру үшін осы шартты орындау керек: соңғы 35 күнде 300 000 ₸ жұмсалуы тиіс. Бизнес залға кіру күніне дейінгі 5 күн есепке алынбайды

«Консьерж» қызметі дегеніміз не?

«Консьерж» қызметі — тәулік бойы қолдау көрсететін көмекші. Консьерж:

  • билеттердің бар–жоғын, бағасын және көліктің жүру кестесін анықтайды
  • мейрамханада үстелді брондайды
  • мәдени және ойын-сауық іс–шаралар афишасын ұсынады
  • тауарды немесе қызметті табады
  • жеткізілімге тапсырыс береді және т.б

 

Толық ақпарат Visa сайтында қолжетімді