DOS Pro кредиттік картасы
Кредиттер
Дебеттік карталар
Кредит карталар
Депозиттер мен инвестициялар
Сақтандыру
Қызметтер
Басқа өнімдер
Архивтік өнімдер
HCB Business
Кредитті толық мерзімінен бұрын өтеу төлем күні берешектің барлық сомасын енгізу жолымен жүзеге асырылады. Кредит картасы бойынша берешекті тексеру үшін «Операциялар» бөліміне кіріңіз және «Өзекті қарызды есептеу» батырмасын басыңыз
Кредит карточкасы бойынша төлем өтеу кезеңінде жүргізіледі, бұл ретте төлем 4, 14 немесе 24 күннен кешіктірілмей өтелуі тиіс. Әрбір клиент үшін белгілі бір өтеу кезеңі белгіленеді
Иә, сіз кредит картаңызға берешек сомасынан артатын соманы енгізе аласыз және кейіннен осы соманы өз қаражатыңыз ретінде пайдалана аласыз
Берешекті төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау кредиттік тарихтың нашарлауына және мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек/талап сомасының 0,5% мөлшерінде, бірақ Кредиттік шартты қолданылатын әрбір жылға берілген кредит сомасының 10% аспайтын тұрақсыздық айыбын есептеуге әкеп соғады
Кредит шартының талаптарына сәйкес міндеттемелер орындалмаған, тиісінше орындалмаған жағдайда Банк клиенттің кез келген банктік шоттарынан акцептсіз тәртіпте мерзімі өткен берешекті өндіріп алуға құқылы, бұл ретте клиенттің ағымдағы берешегі тек клиенттің ағымдағы шотынан өтеледі
Бұл кредиттік лимит шеңберінде кредит беру бойынша жақсартатын шарттар, ол жеңілдікті кезеңді белгілеу/сыйақы мөлшерлемесін азайту түрінде көрініс табады.
Сіз операция бойынша шарттар белгіленген кредит бойынша берешекті мерзімінен бұрын толық өтей аласыз, ол үшін болжанып отырған өтеу күніне дейін 3 жұмыс күні бұрын банк белгілеген нысанға сәйкес толтырылған жазбаша өтінішті беруіңіз қажет, бұл ретте минималды төлемдермен өтелетін берешек (болған жағдайда) өтелуі тиіс. Міндетті төлемдермен өтелетін операциялар бойынша берешекті ішінара өтеуге жол берілмейді.
Сіз 14 күн ішінде Банктің кез келген бөлімшесінде өтініш беру арқылы операция бойынша жақсартушы шарттардан бас тартуға құқылысыз
Банкоматтан арқылы қолма-қол ақша алу — 0 ₸
Басқа банктегі шотқа ақша аударудың комиссиясы — 0 ₸
Егер сіз картаны алған сәттен бастап оны белсендірмесеңіз, комиссия есептелмейді