Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Карталар мен төлемдер
5 минут

Транзакция: анықтамасы, түрлері, өту процесі, қателер, төлемдерді қауіпсіз жасаудың жолдары

Транзакция: анықтамасы, түрлері, өту процесі, қателер, төлемдерді қауіпсіз жасаудың жолдары

Транзакция дегеніміз не?

Бұл мақалада біз транзакциялар туралы айтатын боламыз. Бірақ жалпы алғанда, бұл дерекқордағы операциялардың бір түрі. Олар банктер өз жұмыстарын онлайн түрде жүргізе бастаған кезде пайда болды. 

 

Мысалы, банктік аударым — бұл екі әрекет: бір шоттан ақшаны есептен шығару және екіншісіне аудару. Яғни, бір шоттың балансын азайтып, ал екіншісін сол сомаға арттыру қажет. Бірақ екінші шотқа аударым жасау мүмкін болмаса, мысалы серверде ақау болса, не істеу керек? Бұл жағдайда олар бірінші шоттан есептен шығарылмауы тиіс. Ол үшін транзакциялар ойлап табылды. Транзакциялар — ішіндегі барлық әрекеттер аяқталған кезде ғана орындалған деп саналатын операциялар. Егер әрекеттердің біреуі аяқталмаса, басқа барлық әрекеттер де жойылады. 

 

Қазір транзакциялар тек банктер мен ақша аударымдары үшін ғана қолданылмайды. Мысалы, форумның дерекқорында хабарламалар мен комментарийлер сақталса, онда пост жойылған кезде, оның комментарийлері де жойылуы тиіс. Бұл да транзакция болады.

Банкте транзакция қалай өтеді?

Офлайн дүкенде кредит картасынан төлем жасау мысалы негізінде қарастырайық. 

 

Транзакция процесінің қатысушылары:

 

  • Төлем жүйесі — атап айтқанда, оның операциялық орталығы. Оған осы жүйе жұмыс істейтін барлық банктер қосылған. 
  • Клиенттің картасын шығарған эмитент банк. 
  • Төлем терминалына қызмет көрсететін эквайер банк. 

 

Барлық қатысушылар интернет арқылы деректермен өзара алмасады.

 

Техникалық тұрғыдан процесс келесідей болады: 

 

  • Клиент картамен төлем терминалы арқылы төлейді. Ол POS терминалы деп те аталады. 
  • Терминал ақпаратты өз банкіне, ал банк төлем жүйесіне жібереді.
  • Төлем жүйесінің операциялық орталығы картаны тексереді. Шектеулер жоқ болса, ол ақпаратты әрі қарай эмитент банкке жібереді. 
  • Банк те өз тарапынан тексеріс жасайды: операцияны алаяқтар жасамайтындығын, пин-кодтың дұрыстығын, ақшаның жеткілікті болуын, ал бұл кредит картасы болса, кредиттік лимитті тексереді. 

 

Барлығы жақсы болса, ақпарат сол тізбек бойынша кері жіберіледі: эмитент банк деректерді төлем жүйесіне қайтарады, төлем жүйесі эквайер банкке, ал эквайер банк терминалға қайтарады. Операция өтсе, барлық әрекеттер жасалады. 

 

Показ изображения imageArticle

 

Бұл ұзақ болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде транзакция бір-екі секунд ішінде жасалады. Пин-код қате енгізілсе, ақша жеткіліксіз болса және т.б. ақау болса, бұл транзакция шегіндегі барлық әрекеттер жойылады.

 

Эквайер банк төлем жүйесі арқылы кім төлейтінін тексереді. Сондықтан, егер банк картаңыздың төлем жүйесімен жұмыс істемесе, төлем жасау мүмкін болмайды. 

 

Барлығы әрекеттер мақұлданған кезде:

 

  • Сатып алушының шотынан ақша алынады. Егер ол кредит картасын пайдаланса, оның қолжетімді кредиттік лимиті азаяды.
  • Сатып алушының картасын шығарған банк эквайер банкке (яғни төлем терминалы мен компанияның шотына қызмет көрсететін банкке) сатып алу сомасын аударады.
  • Эмитент банк төлем жүйесінің комиссиясын төлейді.
  • Эквайер-банк компанияның шотын сатып алу сомасына толықтырады (қызмет көрсету шарттарына байланысты комиссия бұл сомадан алынуы мүмкін). 

Транзакциялардың қандай түрлері бар?

Банктік транзакциялар онлайн және офлайн болып бөлінеді. Мәселе дүкенге барып және интернет арқылы төлем жасауда емес, мәселе банктер мен төлем жүйесі қажетті мәліметтермен қалай алмасатынында. 

 

Онлайн транзакция кезінде бәрі бірден, яғни нақты уақыт режимінде өтеді. Мысалы, дүкендерде төлем жасау кезінде онлайн транзакциялар орын алады. 

 

Офлайн транзакциялар — бұл «кейінге қалдырылған» транзакциялар. Мысалы, сіз поезде жүріп, станциялар арасында интернет жоқ болған кезде кофе үшін төлем жасасаңыз, бұл офлайн транзакция болып табылады. Терминал деректерді қабылдап, байланыс пайда болған кезде оны банкке және одан әрі серверге жібереді. Сол кезде транзакция өтеді (немесе одан бас тартылған болса, транзакция өтпейді). 

 

Интернеттегі сатып алуларды төлеу кезінде жасалынатын транзакциялар бөлек болады. Өйткені транзакциялардың бұл түрі үшін ерекше шифрлау және екі факторлы аутентификация қолданылады. Екі факторлы аутентификация — екі кұпия сөздің енгізілуін талап ететін деректерді қорғау жүйесі. Мысалы, төлемді растау үшін банк коды бар СМС жібереді. 

Төлемдерді қорғау жолдары

Қауіпсіздік хаттамалары, СМС арқылы келетін құпия сөз және пин-код — бұл шотыңыздың қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан СМС-кодты және карта деректемелерін, әсіресе жарамдылық мерзімі мен үш таңбалы кодты ешкімге айтпау қажет. Карта нөмірі аударымдар үшін қажет болуы мүмкін, ал картаның басқа деректері төлем жасау үшін ғана қажет. Сақ болыңыздар — банк қызметкерлері бұл ақпаратты сұрамайды. 

 

Әдетте СМС немесе push хабарламаларында картадан қандай сома және қайдан алынғаны туралы ақпарат болады. Егер сізге операцияның жойылғаны туралы хабарлама келсе, банкке хабарласып, картаны бұғаттауды сұраңыз. 

Банк транзакцияны қандай жағдайларда болдырмауы мүмкін?

❌ Картада ақша жеткіліксіз болды. Егер дебет картасын қолдансаңыз, онда шотта ақша жеткіліксіз, ал кредит картасын қолдансаңыз, онда кредиттік лимит таусылды деген сөз. 

 

❌ Шотқа тыйым салынды. Бұл жағдайда ақшаны пайдалану мүмкін емес. 

 

❌ Күдікті транзакция. Мысалы, сіз бұрын аудармаған адамға үлкен соманы аударсаңыз немесе басқа клиенттерден шағым түскен сайтта төлем жасасаңыз. Мұндай транзакцияны әдетте банкке хабарласып растауға болады.

 

❌ Онлайн төлем жасау кезінде деректемелер қате енгізілді. Банк мұндай транзакцияны мақұлдай алмайды. Ол растау кодын енгізу қажет кезеңіне дейін жетіп, содан кейін қате енгізілген деректемелерге немесе пин-кодқа байланысты жойылады.

 

❌ Қате пин-код енгізілді. Бұл жағдайда қате пин-кодқа байланысты бас тарту туралы хабарлама келеді. 

 

❌ Картаның мерзімі өтіп кетті. Егер картаның мерзімі өтіп кетсе, онымен төлем жасау мүмкін болмайды. 

 

Егер сіз транзакцияның жойылу себебін білмесеңіз, банкке хабарласыңыз. 

 

Дебет картасын Home Credit Bank-те ресімдеңіз: біздің клиенттер үшін картаны шығару және оған қызмет көрсету тегін. 

 

💳  Home Card — максималды пайда беретін карта. Бұл карта бойынша барлық транзакциялар бойынша 1% кешбэк, ал картадағы қалдық кем дегенде 100 мың ₸ болса, күн сайын қосымша 2% есептейміз.

 

💳  Home Card Lite. Азық-түлік дүкендерінде, жанармай құю станцияларында сатып алулар жасау, коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде 10%-ға дейін кешбэк алуға мүмкіндік береді.

 

Ақша шұғыл түрде қажет болса, OZEN бөліп төлеу картасына назар аударыңыз. Төлемдерді қазір жасап, оларды 6 ай ішінде төлеңіз. 

image
Мария Бондарева

Танымал өнімдер мен қызметтер