Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Кредиттер мен қарыздар
6 минут

Неліктен Home Credit Bank кредит картасы мен бөліп төлеуді мақұлдамайды?

Неліктен Home Credit Bank кредит картасы мен бөліп төлеуді мақұлдамайды?

 

Қазақстанда тұрмыстық техника, жиһаз немесе тіпті киімді бөліп төлеу арқылы сатып алу қалыпты жағдайға айналды. Бұл – ыңғайлы, тез және барлығына қолжетімді тәсіл. Алайда көп адамдар күтпеген жағдайға тап болып жатады: банк бөліп төлеуді мақұлдамайды. Бұған не себеп болуы мүмкін және егер банк бөліп төлеуді ұсынудан бас тартса не істеу керек? Осы мақалада толығырақ қарастырамыз. 

 

Банк бөліп төлеуді мақұлдамауының негізгі себептері

Показ изображения imageArticle

Нашар кредиттік тарих

Кредиттік тарих — бұл қаржы әлеміндегі сіздің «абыройыңыз». Ол сіздің бұрынғы қарыздар бойынша тәртібіңізді көрсетеді: төлемдерді уақытында жасау, мерзімі кешіктірілген төлемдер, кредиттерді толық өтеу. Егер тарихыңызда қарыздар болса, банк тәуекелге бармауы мүмкін. 

 

Тіпті сіз ұзақ уақыт кредит алмаған болсаңыз да, тарихтың жоқтығы — ақпараттың жеткіліксіздігі ретінде бағалануы мүмкін. Сондықтан «неге бөліп төлеуді мақұлдамады?» деген сұрақ туындаса, бірінші тексеретін нәрсе — бұл кредиттік тарихыңыз. 

 

Төмен табыс немесе жоғары қарыз жүктемесі

Банк сіздің төлем қабілетіңізді келесі формула бойынша есептейді: табыс минус бұрыннан бар міндеттемелер. Тұрақты жұмысыңыз болса да, ай сайынғы төлемдеріңіз (жалға алу, басқа кредиттер және т.б.) шектен асып кетуі мүмкін. 

Мысалы: сіздің табысыңыз 300 000 теңге, ал төлемдеріңіз 150 000 теңге болса — бұл табыстың 50%-ын құрайды. Мұндай жағдайда банк өтінімді мақұлдамауы мүмкін. 

 

Қателер немесе толық емес деректер

Өтініштегі ұсақ қателіктер немесе қажетті құжаттардың болмауы да автоматты түрде бас тартуға әкелуі мүмкін. Кейде клиенттің сенімділігін бағалайтын скоринг жүйелері (алгоритмдер) толық емес ақпаратты күмәнді деп қабылдайды. 

Сондықтан өтініш берер алдында анкетаның дұрыс толтырылғанын және барлық қажетті құжаттардың қоса тіркелгенін мұқият тексеріңіз. 

 

Сатып алу мақсатына күмәннің болуы

Егер банк тауардың нақты мақсатта қолданылмайтынын немесе тәуекелдер барын сезсе (мысалы, сіз қымбат тауар алғыңыз келеді, бірақ тұрақты табыс көзі көрсетілмеген) — бөліп төлеуді мақұлдамауы мүмкін. 

Кейде автоматтандырылған жүйе сатып алуды «стандарттан тыс» деп бағалап, қолмен тексеруді талап етеді — бұл да банктің шешіміне әсер етуі мүмкін. 

 

Кредит берілмесе не істеу керек?

Показ изображения imageArticle

 

1-қадам. Кредиттік тарихыңызды тексеріп жақсартыңыз

Кредиттік тарихыңызды Қазақстанның Бірінші кредиттік бюросының сайты арқылы тегін сұрата аласыз. Тарихта қателер жоқ екенін тексеріп, қарыздарыңызды ретке келтіріңіз: 

  • Қарыздарыңызды жабыңыз. 
  • Пайдаланылмайтын кредит карталарын жабыңыз. 
  • Кредитті жауапкершілікпен пайдалануды бастаңыз (мысалы, шағын лимиті бар картаны пайдаланыңыз). 

 

2-қадам. Қарыз жүктемесін азайтыңыз

Егер сізде қазірдің өзінде бірнеше кредит болса, оларды қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастырыңыз. home.kz арқылы бірнеше қарызды біріктіріп, ай сайынғы төлемдерді азайтуға болады. 

Сондай-ақ жеке шығындарыңызды талдап, оларды қалай азайтуға болатынын қарап көріңіз. 

 

3-қадам. Қаржылық беделіңізді жақсартыңыз

Картаға төлемдердің тұрақты түрде түсуі, шоттарды кешіктірмей төлеу, қарыздардың болмауы — мұның бәрі банктер үшін сіздің «рейтингіңізді» арттырады. Депозит ашыңыз, қызметтерді онлайн төлеңіз және home.kz ұсынатын OZEN картасын пайдаланыңыз — ол шығындарыңызды бақылауға, әрі жақсы кредиттік тарихты қалыптастыруға көмектеседі. 

 

Шарттар ұнамаса, бөліп төлеуден/кредиттен қалай бас тартуға болады?

Кейде банк бөліп төлеуді мақұлдап, үстеме пайыз немесе қажетсіз қосымша қызметтерді қосады. Мұндай жағдайда із құқылысыз: 

  • Шартқа қол қоюдан бас тартуға; 
  • Басқа банктердің ұсыныстарымен салыстыруға; 
  • Кеңесшіге сұрақтар қоюға.

Есте сақтаңыз: мақұлдау — бұл шартты міндетті түрде қабылдау деген сөз емес. Егер талаптар сізге сәйкес келмесе, қол қоюдан бас тарта аласыз. 

 

Балама нұсқалар мен қосымша қолдау

Бөліп төлеудің орнына келесі мүмкіндіктерді қарастыруға болады: 

  • Жеңілдікті кезеңі бар кредит. 
  • Пайызсыз кезеңі бар кредит картасы (мысалы, home.kz ұсынатын OZEN картасы). 
  • Бұрынғы қарыздарды қайта қаржыландыру. 

Сондай-ақ home.kz блогын оқуға кеңес береміз — онда жеке қаржыны басқару мен қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған пайдалы кеңестер үнемі жарияланып тұрады. 

 

Қорытынды

Показ изображения imageArticle

 

Банк бөліп төлеуді немесе кредитті мақұлдамады ма? Уайымдаудың қажеті жоқ. Көп жағдайда бұл техникалық немесе уақытша факторлар болуы мүмкін. Ең бастысы – неге мақұлданбағанын түсіну, себептерді жою және қайта әрекет ету. 

 

Есіңізде болсын: қаржылық сауаттылық – сіздің басты көмекшіңіз. Кредиттік тарихыңызды тексеріңіз, табыстарыңыз бен шығындарыңызды бақылаңыз, жеке бюджетті тиімді басқару және мақұлдану мүмкіндігін арттыру үшін home.kz өнімдерін пайдаланыңыз. Ал егер ұсынылған шарттар сізге сай келмесе — бөліп төлеуден қалай бас тартуға болатынын біліңіз және өзіңізге тиімді балама табыңыз. 

Алина Алиева
Блог авторы
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер