Қолма-қол ақшаның артықшылықтары мен кемшіліктері.
Біздің ата-әжелеріміз карталардың не екенін білмеді. Олар үйде қолма-қол ақшаны сақтайтын. Негізінде бұл ыңғайлы, өйткені қажетті сома әрқашан қолжетімді болады. Қазіргі уақытта да көптеген адамдар қолма-қол ақшаны пайдаланады. Бұл төлем әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
✅ Қолма-қол ақшамен барлық жерде төлем жасауға болады.
Базардан көкөніс немесе су сатып алғыңыз келсе, қолма-қол ақшамен еш қиындықсыз төлеуге болады. Ол үшін карта, гаджет және интернет қажет емес. | ⛔ Қашықтан төлеуге жарамайды. Интернет-дүкенде сатып алу үшін қолма-қол ақшамен төлеу немесе басқа қаладағы туыстарға ақшаны конвертке салып жіберу ыңғайсыз. Оған қоса, мемлекет қолма-қол ақшаны қабылдау және жіберу бойынша шектеулер қояды. |
✅ Ақша әрқашан қолжетімді.
Техникалық ақау пайда болады, аударым жасаған кезде интернет жұмыс істемеді, банк картаны бұғаттады деп алаңдаудың қажеті жоқ. Ақшаны кез келген уақытта пайдалануға болады. | ⛔ Жоғалту оңай. Егер әмиян бір жерде жоғалса, ақшаны қайтару қиынға соғады. Есеп айырысу кезінде соманы үнемі бақылауға тура келеді: дүкенде сатушылар қателесуі мүмкін. |
✅ Қолма-қол ақшамен жасырын түрде төлем жасауға болады.
Мұндай төлемдер еш жерде тіркелмейді және сақталмайды. | ⛔ Қолма-қол ақша жалған болуы мүмкін. Жалған ақша жиі түрде кездесуі мүмкін. Қолма-қол ақшамен төлем жасаған кезінде әр банкноттың түпнұсқалығын тексеру қажет. |
✅ Ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Біріншіден, қолма-қол ақшаны жұмсау психологиялық тұрғыдан қиынырақ деп саналады. Сондықтан адам автоматты түрде аз ақша жұмсауға тырысады. Екіншіден, төлемдер немесе аударымдар үшін және банк картасына қызмет көрсету үшін банкке комиссия төлеудің қажеті жоқ. Үшіншіден, шығындарға шектеу қоюға болады: шығар кезде белгілі бір соманы ғана алып шығыңыз. | ⛔ Ақша құнсызданады. Жалақы немесе қауіпсіздік қор ақшасы үйде сақталса, ол біртіндеп өзінің сатып алу қабілетін жоғалтады. Біраз уақыттан кейін сол ақшаға сатып алуға болатын тауарлар саны азаяды. |
⛔ Сақтау қиын. Купюралар көп орын алады. Ірі сатып алулар үшін сөмке алу керек. Бұл ұрылар мен алаяқтардың назарын аударатыны сөзсіз. Үлкен соманы сақтау тиімсіз болып табылады. Ақшаны банкке апару немесе сенімді сейф сатып алу керек. |
Банк карталарының артықшылықтары
Банк карталары — әмбебап төлем құралы. Олар екі түрге бөлінеді:
💳 Дебет картасы. Бұл электронды әмиян: дебет картасына жалақы, зейнетақы, жәрдемақы алуға болады. Кассада кезекте тұрудың немесе пошташыны күтудің қажеті жоқ, ақша автоматты түрде шотыңызға түседі. Оны қалауыңызша жұмсауға немесе жинауға болады — кейбір банктер шоттағы қалдыққа пайыздар есептейді.
💳 Кредит картасы — бұл сіз қарызға алған және белгілі бір мерзімде қайтаруыңыз керек банктің ақшасы. Бірақ белгіленген мерзім ішінде өтесеңіз, онда банкке пайыз төлемейсіз. Кредит картасы — бұл көмекке келетін карта. Ол үлкен сатып алулар үшін немесе ақша тез қажет болған кезде керек.
Негізгі артықшылықтары:
✅ Қауіпсіздік. Картадан ақша ұрлау қиын — олар PIN және CVC кодтары, екі факторлы сәйкестендіру арқылы қорғалған. Карта жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны бұғаттауға немесе транзакциялар бойынша қарсылық білдіруге болады.
✅ Ыңғайлы қызмет. Сіз автоматтты түрде жасалынатын төлемді қосуға болады: осылайша коммуналдық төлемдерді немесе салықтарды төлеуді ұмытпайсыз. Картаның көмегімен картадан картаға немесе телефон нөмірі бойынша ақша аударуға болады — ақшаны басқа қалаға немесе тіпті басқа елге жіберуге болады. Картамен төлеу кезінде валюта бағамдары әдетте айырбастау пункттеріне қарағанда тиімдірек болады;
✅ Шығындарды бақылау. Шот бойынша барлық операциялар мобильді қосымшада немесе онлайн-банкте көрсетіледі. Сіз ақшаның қайда жұмсалатынын талдап, бюджетті жоспарлай аласыз.
✅ Қосымша пайда. Карталар бойынша транзакциялар үшін банктер бонустар мен кешбэк есептейді.
Банк карталарының кемшіліктері
Банк карталары — қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы тәсілі. Алайда, кез келген технология сияқты, олардың да кемшіліктері бар:
- Банктер картаны ашу және оған қызмет көрсету, картадан ақша алу немесе басқа карталарға аударым жасау үшін төлем алуы мүмкін. Кейде карта бойынша шектеулер қойылады: мысалы, ақша алу сомасына лимит белгіленеді.
- Егер карта деректері алаяқтарға белгілі болса, олар ақшаны ұрлауы мүмкін. Сондықтан сақ болу керек — сенімсіз сайттардан тауарларды сатып алмаңыз және картаның жарамдылық мерзімін, PIN және CVC кодты ешкімге бермеңіз.
- Банк күдікті әрекеттерге байланысты немесе жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін картаңызды бұғаттай алады. Банктің келісімінсіз сіз өз қаражатыңызды ала алмайсыз.
- Төлем жүйесінде кейде ақаулар болады. Осы кезеңде сіз картаны пайдалана алмайсыз.
Шопинг жасаған кезде шоттағы қалдық байқалмай кетеді. Купюраларды қайта санаудың қажеті жоқ. Смартфонды терминалға қойып, төлем жасауға болады. Әдетте жоспарлаған сомадан артық ақша жұмсалады. Бұл да банк картасының кемшілігі: ол төлемді жеңілдетеді, бірақ күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін.
Қайсысы тиімді: қолма-қол ақша әлде карта?
Бұл жерде нақты жауап беру қиын. Картаны пайдалану ыңғайлы, бірақ кейде тек қолма-қол ақша қажет болады.
Мысалы төлем жасап жатқан жерде терминал жоқ болса және басқа төлем әдісін таңдай алмасаңыз, онда қолма-қол ақшамен төлеу қажет. Тұрақты интернет жоқ жерде төлем жасау кезінде де қолма-қол ақша пайдаланылады.
Басқа жағдайларда карталарды қолданған дұрыс: бұл оңай, қауіпсіз әрі тиімді. Мысалы, Home Card Lite дебет картасымен супермаркетте, жанармай құю станциясында, коммуналдық қызметтер үшін төлем жасап, 10% кэшбэк алуға болады. Картаны ашу және оған қызмет көрсету тегін.
Кейде төлемді тек картамен жасау қажет болады. Мысалы, интернет арқылы төлем жасаған кезде тек карта пайдаланылады. Сіз интернет-дүкенде немесе маркетплейсте қолма-қол ақшамен төлей алмайсыз. Картамен саяхаттау, үлкен сатып алулар жасау ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Кейде картаны да, қолма-қол ақшаны да бірге алып жүрген дұрыс.