Home Credit Bank Алматыда тұрғындар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге арналған жаңа бөлімшесін іске қосты. Ол банктың жаңа штаб–пәтерінде орналасқан және келушілерді Welcome Home деген жазумен қарсы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салтанатты іс-шараға Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров, Алматы қаласы филиалының директоры Кирилл Гусев, банк қызметкерлері мен тұрақты клиенттері қатысып, жаңа бөлімшелердің ашылуымен құттықтады.
Home Credit Bank басшысы бүгінде банктің Қазақстандағы белсенді клиенттер базасында 1 миллионнан астам адам барын және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келе жатқанын айтты.
«Өткен жылы біз «Өзіңізге не рұқсат етесіз?» деген жаңа ұстанымымызды іске қостық. Бұл ұстаным қазақстандықтарға өз армандарын жүзеге асыруға және біздің өнімдер мен қызметтердің көмегімен қаржылық тәуелсіздікке жетуге болатынын көрсетеді. Біз Алматыдағы бөлімшелерді көбейте отырып, тұрғындармен және кәсіпкерлермен қарым-қатынасымызды нығайтатынымызға қуаныштымыз. Home Credit Bank 19 жыл ішінде 5 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетті. Бүгінгі таңда белсенді клиенттер базасы 1 миллионнан асады, олардың 90%–дан астамы кем дегенде банктің екі өнімін пайдаланады. Бұл қазақстандықтардың әртүрлі қаржылық міндеттерін шешу үшін Home Credit Bank–ты таңдағанының дәлелі. Сонымен қатар, Алматыда депозиттік портфельдің және несие рәсімдеу көлемінің өсуі байқалуда. Биыл біз туризм саласына 10 миллиард теңгеден астам сомада несие бердік, бұл банк тарихындағы рекордтық көрсеткіш», — деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.
Жаңа филиалда Home Credit Bank клиенттерімен тікелей байланыс орната алады. Қала тұрғындары мен кәсіпкерлер қаржылық кеңес алып, Home Credit Bank және HCB Business өнімдеріне қатысты сұрақтарымен жүгіне алады.
Сондай–ақ, мұнда ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.
Жаңа филиалда жеке тұлғаларға арналған қызметтер мен өнімдер бар. Мәселен, ыңғайлы несиелік және жоғары кэшбек ұсынатын дебеттік карталар қызметін, ақысыз төлемдер мен аударымдарды, сондай–ақ депозиттер мен банктің долларлық облигацияларына қатысты қызметтерді ала аласыз.
«2,5 жылдан бері Home Credit Bank–тің Алматыдағы филиалында қызмет атқарып келемін. Жылдан-жылға біздің халықтың қажеттілігі артып келеді. Көптеген банк нарықтан кетіп, олардың бөлімшелерінің саны қысқарып жатыр. Біз де өз кезегімізде халықтың бөлімшелерге келіп, ақпарат алғаны ыңғайлы екенін көріп отырмыз. Біздің бөлімшелердің әрқайсысы күніне 350–ден 600 адамға дейін қабылдайды. Жаңа бөлімшені Бостандық ауданында ашып отырмыз. Себебі бұл жақта жұмыс берушілердің саны көп. Яғни, бұл жер ыңғайлы. Адамдар жұмыстан тыс уақытында, түскі ас уақытында келіп депозит немесе карта ашуына, басқа да қаржылық қызметтер алуына болады. Алматыда қазіргі уақытта 9 бөлімше жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері алматылықтар мен кәсіпкерлер үшін үш жаңа бөлімше мен екі кардшоп аштық. Жыл соңына дейін тағы бір бөлімше ашу ойымызда бар. Ол Розыбакиев көшесіндегі «MEGA» ойын–сауық кешенінде орналасады», — дейді Кирилл Гусев.
Сонымен қатар банктің нарықтағы ең үздік OZEN бөліп төлеу картасы туралы да айта кетейік. Оның көмегімен бүкіл әлем бойынша және интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді серіктестік желіге қосылмай бөліп төлеуге (0–0–6) сатып алуға болады. Оған қоса әлемдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға және мобильдік қосымша арқылы ақша аудара аласыз.
Банктің жеке тұлғаларға арналған Home.kz және кәсіпкерлерге арналған HCB Business мобильді қосымшалары бар.
Сондай–ақ банкте VIP бөлімшелер жұмыс істейді. Депозитінде 15 миллион теңгесі бар адамдар VIP деген статус алады. Банк қазақстандықтар үшін арнайы бұл статустың талаптарын жеңілдеткен. Сол үшін кез келген адам бұл қызметті пайдалана алады. PRIME сегментіндегі клиенттерге жеке және премиум қызметтер, жеке VIP–сервис ұсынылады.
«Мен банктің 2020 жылдан бері клиентімін. Бұл жерде жеке тұлғаларға көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, депозитке салынған ақшаны келесі күні шешіп алуға болады. Бұл қызмет басқа банктерде қарастырылмаған. Банктің барлық қызметтерін қолданамын. Пәтерімді сатудан түскен қаржыны депозитке салып, кез келген уақытта шешіп ала аламын. Шашкина көшесіндегі банк бөлімшесі өзіме ұнайды. Сондай–ақ банктің мобильді қосымшасы да ыңғайлы. Несие алуға, ақша аударымдарын жасауға, сақтандыру қызметтерін пайдалануға болады», —дейді көптеген жылдар бойы банктің қызметін пайдаланып жүрген клиент Әлия Динова.
Бөлімшеде кәсіпкерлерге қызмет көрсету мүмкіндігі де қарастырылған, мұнда олар бизнесті сәтті жүргізуге арналған кешенді қызметтер ала алады. HCB Business цифрлық банкингі заңды тұлғаларға онлайн режимде қызмет көрсетудің барлық түрін қарастырғанына қарамастан, менеджерлер шағын және орта бизнес клиенттеріне Home Credit Bank өнімдері мен қаржылық құралдарының әртүрлі мүмкіндіктерімен таныстыруға дайын екендерін жеткізді.
Айта кетсек, бүгінде Алматыда банктің 32 қызмет көрсету нүктесі бар. Қазақстан бойынша Home Credit Bank-тің 200-ден астам бөлімшесі мен микрокеңсесі жұмыс істейді. Алматы қаласында жаңадан ашылған бөлімше Шашкина 1/1 мекенжайында орналасқан. Сондай-ақ бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейтін терминалдармен және банкоматтармен жабдықталған.
Филиал таңғы сағат 9:00–ден кешкі сағат 18:00–ге дейін, сенбі 10:00–ден 14:00–ге дейін тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жексенбі — демалыс күні.
Банктің барлық қызметтері тек бөлімшелерде ғана емес, сонымен қатар Home.kz қосымшасында да қолжетімді. Шағын және орта бизнес үшін банк арнайы HCB Business қосымшасын ұсынады, оның көмегімен барлық бизнес-операцияларды онлайн түрде алуға болады.
2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Home Credit Bank активтері 1 триллион теңгеден асқан, бұл жыл басынан бері 200 миллиард теңгеге ұлғайғанын көрсетеді. Осы кезеңде банктің несие портфелі 142 миллиард теңгеге өсіп, 756 миллиард теңгені құрады. 2024 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) депозиттері 514,7 миллиард теңгеге жеткен, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 148,7 миллиард теңгеге артық.
Лицензияны №1.2.36/40 17.08.2022 ж., Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі берген.