Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank өз салымшыларына 62 миллиард теңгеден астам сыйақы төледі

Бөлісу

HCB жылдың қорытындыларын шығарды 

Өткен жыл Home Credit Bank үшін жемісті болды: банк жаңа мобильді қосымшаны іске қосты, филиалдар санын арттырып, қызмет түрлерін кеңейтті. Нәтижесінде қаржылық көрсеткіштер өсті. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2024 жылдың желтоқсан айының басына қарай Home Credit Bank активтері 1 триллион теңгеден асты. Бұл көрсеткіш 11 айда 220 миллиард теңгеге артты. Бұл көрсеткіш банкке активтер көлемі бойынша 12-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. 

Home Credit Bank депозиттерінің көлемі 2024 жылда 11 ай ішінде 170 миллиард теңгеге өсіп, жарты триллион теңге көрсеткішінен асты. 2024 жылдың желтоқсан айының басында бөлшек салымдары 432 миллиард теңгені құрап, жыл басына қарағанда 128 миллиард теңгеге өсті. Осының арқасында банктің нарықтағы үлесі 1,9%-дан 2,3%-ға дейін ұлғайды. Жыл бойы банк нарықтағы жағдайды қадағалап, салымшылардың депозиттерге деген қызығушылығын қолдау үшін өз салымдарының сыйақы мөлшерлемелерін жаңартып отырды. Home Credit Bank клиенттерінің көбісі сертификаттар бойынша ҚДКБҚ кепілдігінің болмауына және депозитті толықтыру мен одан ақша алу шектеулеріне қарамастан жоғары сыйақы мөлшерлемелеріне байланысты жинақ депозиттері мен депозиттік сертификаттарды таңдады. 2024 жылдың қараша айының соңына қарай банктің жинақ салымдарының нарығындағы үлесі 9,1%-дан 9,8%-ға дейін ұлғайды. Банк 11 ай ішінде өз салымшыларына депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша шамамен 62 миллиард теңге сыйақы төледі. 

2024 жылдың қараша айының соңына қарай Home Credit Bank несиелік портфелі 768 миллиард теңгеге жетіп, жыл басымен салыстырғанда 154 миллиард теңгеге өсті. Банк үшін ең танымал бағыттардың бірі — ақшалай кредит беру. 2024 жылдың басынан бері клиенттер жалпы сомасы 456 миллиард теңгеден асатын 441 мыңға жуық ақшалай кредит алды. 

2024 жылы іске қосылған басқа банктердің кредиттерін қайта қаржыландыру қызметі банк клиенттері арасында жоғары сұранысқа ие болды. 2024 жылы жалпы сомасы 32,6 миллиард теңгені құрайтын 13,5 мыңнан астам шарт ресімделді. 

«Біз өткен жылы бірнеше жаңа бастамаларды іске қостық, олардың арқасында активтеріміз, несиелік портфель, банк табысы, жеке және заңды тұлғалардың депозиттері өсті. Ал ең маңыздысы — біздің адал клиенттеріміздің саны артты. Олардың 90%-ы банктің бірнеше өнімін пайдаланады. Бұл банктің клиенттердің күнделікті қаржылық мәселелерін шешуге көмектесетінін растайды. Клиенттеріміз Home Credit Bank қызметтерін ыңғайлы әрі жылдам түрде пайдалану үшін біз биыл жеке тұлғаларға арналған жаңа мобильді қосымша іске қосып, ШОБ үшін цифрлық банкіміздің мүмкіндіктерін кеңейттік. Сонымен қатар біз клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін банк бөлімшелерінің санын арттырдық. 2024 жылдың қараша айының соңына қарай Home Credit Bank-тің меншікті капиталы 190 миллиард теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша біздің банкіміз 21 банктың арасында алғашқы ондыққа кіреді. 2024 жылы іске қосылған жобалардың арқасында біз келер жылы да клиенттерімізге жоғары сапалы қызметтер мен тиімді өнімдер ұсына алатынымызға сенімдімін», — деді Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров. 

Цифрлық қызметтерді дамыту аясында 2024 жылы банк клиенттерінің қатысуымен жаңа Home.kz мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл мобильді қосымша клиенттерге депозиттер ашуға, үш минут ішінде кредит ресімдеуге, комиссиясыз аударымдар жасауға, салықтар мен айыппұлдарды және коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Home Credit Bank Қазақстанның банктері арасында (Kaspi-ден басқа) алғашқылардың бірі болып Kaspi QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін енгізді. Тағы бір ерекшелік — Kaspi QR арқылы төлем жасағанда пайдаланушылар 1% кешбэк алады. 

Мобильді қосымша шоттар мен карталарды бақылауға, депозиттер бойынша болжамдар жасауға мүмкіндік береді және жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті, бірегей өнімдер мен ыңғайлы қызметтерді ұсынады. 2024 жылдың желтоқсан айының соңына қарай қосымша Google Play дүкенінде 690 мыңнан, ал App Store-да 170 мыңнан астам рет жүктелді. 

Home Credit Bank-тің миллионнан астам белсенді клиенті болғандықтан, банк қызметтерге қолжетімділікті арттыру мақсатында филиалдық желісін кеңейту жұмыстарын жалғастырды. 2024 жылы Home Credit Bank Қызылорда мен Шымкентте жаңа филиалдар ашып, сондай-ақ Түркістан, Тараз, Астана, Ақтөбе, Павлодар және Алматы қалаларында бөлімшелерін іске қосты. Қазіргі таңда Home Credit Bank-тің 200-ден астам қызмет көрсету нүктесі жұмыс істейді. Оның 32 нүктесі Алматыда орналасқан. 

2024 жылы Home Credit Bank зейнеткерлерге арналған TAN Cardкартасын шығарды. Бұл карта бойынша қызмет көрсету тегін және ол комиссиясыз қолма-қол ақша алу мүмкіндігін ұсынады. Бұл карта бойынша дәріханалардағы сатып алулар үшін 10% кешбэк, ал басқа барлық төлемдер үшін 3% кешбэк ұсынылады. 

Көптеген қазақстандықтар 5%-ға дейін кешбэк берілетін Home Card Lite және Home Card дебет карталарын, сондай-ақ эксклюзивті артықшылықтар мен VIP қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын Tau премиалды картасын таңдайды. Бұл карта орта тап өкілдері үшін де қолжетімді. 

Оған қоса, банк клиенттердің арасында танымал болып келе жатқан Ozen бөліп төлеу картасын ұсынады. Бұл карта арқылы бүкіл әлем бойынша тауарларды 0-0-6 бөліп төлеуге сатып алуға болады. Банк 2024 жылы шамамен 150 мың Ozen картасын шығарды. 

Home Credit Bank 2023 жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін HCB Business цифрлық қызметін дамытып келеді. 2024 жылы мобильді банк Қазақстандағы ең үздік 6 қосымшаға кіріп, App Store мен Google Play рейтингтері бойынша үздік 3 қосымша қатарына кіреді. 

«Цифрлық банк бастапқыда тек жеке кәсіпкерлер үшін шот ашу, тауарларды бөліп төлеуге және кредитке сату үшін жеке кабинет ашу, сондай-ақ теңгеде және шетел валютасында 50 мың долларға дейін төлемдер жасау сияқты шектеулі қызметтерді ұсынған болатын. Бүгінгі таңда ол толық функционалды цифрлық құралға айналды: веб-нұсқадан бөлек, ЖШС (LLP) қолдауы, тарифтік пакеттер, сату кабинетіндегі аналитика мен қайтарымдар, толық валюталық төлемдер, айырбастау, FX-платформа, келісімшарттарды қолдау және басқа да шешімдер кәсіпкерлерге банктік операцияларды тиімді әрі тез орындауға мүмкіндік береді. Цифрлық банк 2023 жылдың шілдесінде іске қосылғаннан бері, ШОБ клиенттерінің саны 2,5 есе өсті, ал клиенттердің шоттарындағы өтімділік 10 есе артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 22 млрд теңгеге өсіп, 63 млрд теңгені құрады. Мерчанттарға тауарлар мен қызметтерді 24 айға дейін бөліп төлеуге сату мүмкіндігі ұсынылатын жеке кабинетте біз портфельдің үлесін 15%-дан 40%-дан астам көлемге арттырдық», — деп мәлімдеді Кирил Бачваров.  

2024 жылы банк клиенттерге арналған жеке қызмет көрсету жүйесін дамыту аясында HCB Prime премиалды қызметін іске қосты. Жеке қызмет көрсетуді бағалайтын клиенттер үшін банк жеке менеджер, эксклюзивті карталар және Visa Infinite қызметін ұсынды. 

Home Credit Bank бизнесті дамытуға ғана емес, қызметкерлерінің дамуына да инвестиция салуды жалғастырды. Бұл жылы банк Алматыдағы жаңа бас кеңсесіне көшті. Оның ұраны: «Үйіңдей жайлы». 11 мың шаршы метр аумақты қамтитын штаб-пәтерде шамамен 1100 қызметкер жұмыс істейді. 

Банктың тұрақты және табысты дамуын Fitch Ratings рейтинг агенттігі де бағалап, оның шетелдік және ұлттық валюталардағы эмитент дефолт рейтингін BB- деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» болып табылады. 

Банк халықаралық PPF холдингіне тиесілі. 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 ж. №1.2.36/40 лицензия.

29.12.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

BES.MEDIA

Home Credit Bank 2024 жылы жеке тұлғалардың салымдарының өсуі бойынша жетекші орынға шықты

Өткен жылы қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерге 23 трлн теңге көлеміндегі соманы сеніп

FORBES.KZ

Жас көшбасшы цифрлық банкті жаңа деңгейге көтерді: банк 10 есе өсті және 2025 жылға қойылған мақсаттар

Home Credit Business өз-өзін ақтауға ұмтылып, шағын бизнес үшін таптырмас көмекшіге

FORBES.KZ

Home Credit Bank өз салымшыларына 62 миллиард теңгеден астам сыйақы төледі

HCB жылдың қорытындыларын шығарды Өткен жыл Home Credit Bank үшін жемісті болды: банк жаңа