Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank HCB Prime жеке қызмет көрсету қызметін іске қосты

Бөлісу

HCB Prime — бұл 15 000 000 ₸ басталатын салымдары бар Home Credit Bank клиенттеріне арналған жеке қызмет көрсету қызметі:

Жеке менеджер

Сізге ыңғайлы уақытта және кез келген жерде кездесуді ұйымдастыруға, барлық банктік мәселелерді шешуге, облигациялар, депозиттік сертификаттар және депозиттер арасында сіздің мақсаттарыңызға сәйкес келетін инвестициялық стратегия мен құралдарды таңдауға көмектеседі. Менеджер сізге жеке қызмет көрсетеді және тәулік бойы байланыста болады.

Эксклюзивті салымдар

HCB Prime клиенттеріне Prime депозиттік сертификаттары қолжетімді. Home Credit Bank-те СЖТМ 18% рекордтық мөлшерлемесі бар депозиттер және жылдық 7% мөлшерлемесі бар долларлық облигациялар бар. Оларды Home.kz қосымшасында немесе жеке менеджер арқылы ашыңыз.

Visa Infinite қызметтері

Visa Travel Insurance сақтандыру қызметі медициналық шығындарды, сапардан бас тарту, ауруханаға жату салдарынан пайда болған шығындарды өтейді және жеке мүлік пен ақшаңызды сақтандырады. Сақтандыру қызметі Tau картасымен билеттер немесе қонақ үй үшін төлем жасаған кезде әрекет ете бастайды. Visa консьерж қызметі сақтандыру төлемдерін алуға көмектеседі және сақтандыруға байланысты сұрақтарға жауап береді.

HCB Prime клиенттеріне әуежайлардағы бизнес залдарға кіре алады. Алматы, Астанада және бүкіл әлем бойынша 1300 бизнес залдар қолжетімді; ал Fast Track International қызметімен Еуропа, Түркия, Әзірбайжан және Беларусь әуежайларында рейстердің алдында тексерістерден өтпей келуге болады, ал әуежай қызметкерлері багажыңызды тегін орап  береді.

Visa консьерж қызметі арқылы турды таңдауға, сыйлықтарды сатып алуға, қонақ үйді немесе мейрамхананы брондауға, сондай-ақ Visa Infinite премиалды қызметтері бойынша кез келген сұрақтарға жауап алуға болады.

Tau премиалды картасымен Сізге сатып алулар үшін 5% кешбэк, бүкіл әлем бойынша банкоматтардан 3 000 000 ₸ дейін комиссиясыз ақша алу, ақшаны басқа банктердің карталарына тегін аудару қолжетімді болады.

HCB Prime клиенттері отбасынтұрғын үйді және саяхатты сақтандыруды немесе өздері мен отбасы мүшелері үшін онлайн дәрігер жазылымын ресімдей алады.

Егер сізде жалпы сомасы 15 000 000 ₸ болатын салымдар бар болса және сізге жеке қызмет көрсету қажет болса, HCB Prime клиенті болыңыз

16.09.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қосылды

Home Credit Bank Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ

Welcome Bonus: жаңа депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін бонус алыңыз

2025 жылғы 12 тамыздан 31 қазанға дейін депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін Welcome

2025 жылғы 12 тамыздан бастап қолданылатын дебет карталарын ресімдеу ережелері

2025 жылғы 12 тамыздан бастап бір клиентке ең көбі 4 дебет картасы ресімделеді. Егер