1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жарияланған жылы

Жарияланған айы

қазан

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 25 Өзгерістер мен толықтырулар. 30.09.2026 ж. № 22/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет көрсету шарты жаңартылды — Шарттың жаңа нұсқасын қарау . Шарттың алдыңғы нұсқасын қарау .

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 28 Өзгерістер мен толықтырулар. 22/2026 от 30.09.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының жалпы талаптары жаңартылды — Шарттың жаңа нұсқасын қарау . Шарттың алдыңғы нұсқасын қарау .

2026 жылғы 5 қазаннан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 5 қазаннан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер: Атауы Мерзімі (ай) Сыйақы мөлшерлемесі Айырмашылығы 05.10.2026 дейін 05.10.2026 бастап Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Жинақ Хоум+ 3 17,90% 19,60% 17,40% 19,00% -0,60% 6 17,40% 19,00% 16,98% 18,50% -0,50% Жинақ Хоум 6 16,98% 18,50% 16,55% 18,00% -0,50% Қалған шарттар өзгеріссіз қалады . Өзгерістер 2026 жылғы 2 қазан № 49 хаттамаға сәйкес енгізілді.

қыркүйек

Клиенттік тәжірибе үшін марапаттар: Home Credit Bank — GCCI Kazakhstan 2026 сараптамалық бағалауының нәтижелері бойынша үздіктер қатарына енді

InteriseGroup компаниясы Global Customer Choice Index (GCCI) Kazakhstan 2026 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Зерттеуге ҚР-ның 23 екінші деңгейдегі банкі қатысып, клиенттердің банкпен байланысының негізгі кезеңдері бағаланды. Онда онлайн да, офлайн да арналар есепке алынды. Алматыда өткен сарапшылар кездесуінде GCCI Kazakhstan 2026 зерттеуінің нәтижелері жарияланып, Home Credit Bank екі марапатқа ие болды: 1 орын — «Ең үздік цифрлық тәжірибе» 2 орын — «Ең үздік жиынтық клиенттік тәжірибе» (онда онлайн және офлайн арналар бағаланды) «Ең үздік цифрлық тәжірибе» номинациясындағы бірінші орын Банктің клиенттерге ыңғайлы цифрлық сервистерді дамытуға басымдық беретінін көрсетеді. Қосымша мен сайттағы әрбір әрекеттің қарапайым, жылдам әрі түсінікті болуы — клиенттік тәжірибенің маңызды бөлігі. «Ең үздік жиынтық клиенттік тәжірибе» номинациясындағы екінші орын — онлайн және офлайн арналарды қамтитын бірнеше бағыттағы жұмыстың нәтижесі. Банк цифрлық сервистерді дамытып, бөлімшелердегі қызмет көрсетуді жетілдіру арқылы клиенттердің Home Credit Bank-пен әр қадамдағы өзара әрекеттесуін ыңғайлы етуге ұмтылады. «Бұл марапат — командамыздың клиенттермен тиімді байланыс орнату және банкпен өзара әрекеттесудің әр кезеңін ыңғайлы ету жолындағы еңбегіне берілген баға. Біз қазіргі заманғы клиенттің күтулеріне сай келетін, тіпті олардан асып түсетін түсінікті әрі ыңғайлы тәжірибе ұсынуға ұмтыламыз. Біз үшін цифрлық сервистер, бөлімшелер және қызметкерлеріміздің клиенттердің өтініштерімен жұмысы бірдей маңызды. Сондықтан сарапшылардың екі бағыт бойынша да еңбегімізді жоғары бағалағаны бізде ерекше қуантады. Бұл марапаттар клиенттермен жұмыс істеудегі жүйелі әрі кешенді тәсіліміздің нәтижесін көрсетеді», – деп айтты Home Credit Bank-тің маркетинг және стратегия жөніндегі атқарушы директоры Сино Ализода. Клиенттік тәжірибе саласындағы марапаттар Банктің клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және цифрлық шешімдерді дамыту стратегиясының табысты жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

2026 жылдың 14 қыркүйегінен бастап облигацияларды қалай сатып алуға болады

2026 жылдың 14 қыркүйегінен бастап банк бөлімшелерінде облигацияларды сатып алу қолжетімсіз болады. Облигацияларды қосымшада сатып алу үшін: «Мен үшін» бөлімін ашыңыз «Облигациялар» қойындысын таңдаңыз Облигациялар санын енгізіп, сатып алуды растаңыз Облигацияларды офлайн сатып алу үшін BCC Invest бөлімшесіне жеке басыңызды растайтын құжатпен келіңіз

«Оңай Плюс» депозиті бойынша мөлшерлемелердің өзгеруі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 16,75%-дан 16,25%-ға дейін төмендетті. «Оңай Плюс» депозитінің мөлшерлемесі құбылмалы болғандықтан, оның шарттары да өзгереді. Егер сізде депозит болса Сіздің пайыздық мөлшерлемеңіз келесі жұмыс күні автоматты түрде жаңартылады. Сізге ешқайда барудың және құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ — бәрі автоматты түрде жасалынады. Егер сіз жаңа депозит ашсаңыз Біз жинақтарыңызды қорғау үшін шарттарды жақсарттық. Ұлттық Банктің мөлшерлемесі мен депозит мөлшерлемесі арасындағы айырмашылықты -1,99%-дан -1,49%-ға дейін қысқарттық. Базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан, «Оңай Плюс» жаңа депозиттері бойынша табыстылық өзгермейді — СЖТМ 15,90% болып қалады.

2026 жылғы 4 қыркүйектен бастап АҚШ долларындағы дисконттық облигацияларды сату басталады

тамыз

Архивтік депозиттер бойынша мөлшерлемелердің өзгеруі

2026 жылдың 19 тамызынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін ашылған және қазір ашуға қолжетімсіз депозиттер бойынша шарттар өзгереді. Бұл депозиттер бойынша мөлшерлеме 4%-ға төмендейді . Жаңа шарттар депозит мерзімі ұзартылған кезде ғана күшіне енеді. Ағымдағы мерзімнің соңына дейін мөлшерлеме өзгермейді. Бұл өзгеріс қазір банкте ашылатын жаңа депозиттерге әсер етпейді. Депозиттер туралы толық ақпарат

Депозит жабылғаннан кейін ақшаны тегін алу

2026 жылғы 17 тамыздан бастап депозит жабылғаннан кейін банк кассасынан қолма-қол ақшаны комиссиясыз алуға болады. Ақшаны тегін шешіп алу үшін келесі шарттар орындалуы керек: Депозит жабылған күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс Жабық депозиттің бүкіл сомасы алынуы тиіс Ақша депозит жабылған кезде түскен ағымдағы шоттан алынуы тиіс. Ақша басқа шоттарға аударылған жағдайда стандартты комиссия алынады Бұл сома сіздің қолма-қол ақшаны тегін алу лимитіңізді төмендетпейді (айына 500 000 ₸) — ол өзгеріссіз қалады

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 24 Өзгерістер мен толықтырулар. 31.07.2026 ж. № 18/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет көрсету шарты жаңартылды — Шарттың жаңа нұсқасын қарау . Шарттың алдыңғы нұсқасын қарау.

2026 жылғы 5 тамыздан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 5 тамыздан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер: Атауы Мерзімі (ай) Сыйақы мөлшерлемесі Айырмашылығы 05.08.2026 дейін 05.08.2026 бастап Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Жинақ Хоум+ 3 18,24% 20,00% 17,90% 19,60% -0,40% Жинақ Хоум+ VIP клиенттерге 6 18,24% 20,00% 17,90% 19,60% -0,40% Қалған шарттар өзгеріссіз қалады . Өзгерістер 2026 жылғы 4 тамыз № 40 хаттамаға сәйкес енгізілді.

шілде

Welcome Bonus акциясы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды

Welcome Bonus акциясының мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бонус депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін беріледі. Қатысушылар: Тек жаңа салымшылар Ашық депозиттер немесе депозиттік сертификаттар жоқ болса Депозиттер немесе депозиттік сертификаттар соңғы 12 ай ішінде ашылмаған болса Бонусты қалай алуға болады: Ақша толықтыру мүмкіндігі бар немесе жоқ «Жинақ Хоум», «Жинақ Хоум+» немесе «Акциялық Жинақ» депозитін кем дегенде 500 000 ₸ сомасына ашыңыз Немесе кем дегенде 500 000 ₸ сомасына «Стандартты» немесе «Стандартты 2.0» сертификатын сатып алыңыз Бастапқы сомадан 0,25 % мөлшерінде бонус алыңыз Бонусты картаға аударыңыз . 1 бонус = 1 ₸. Бонустардың жарамдылық мерзімі — 1 ай Бонус бірден қосымшадағы бонустық шотқа түседі. Бонустар бірінші енгізілген сома бойынша есептеледі. Бір клиент тек бір рет бонус ала алады. Депозиттік сертификат бойынша бонустардың лимиттері 100 000 ₸-ге дейін — егер сертификат 15 000 000 ₸-ден басталса 37 000 ₸-ге дейін — егер сертификат 500 000 ₸ – 14 999 999 ₸ аралығында болса Депозит бойынша бонустардың лимиттері 19 000 ₸-ге дейін — егер депозит кем дегенде 500 000 ₸ болса

2026 жылғы 1 тамыздан бастап депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 1 тамыздан бастап депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша енгізілетін өзгерістер: Атауы Мерзімі (ай) Сыйақы мөлшерлемесі Айырмашылығы 01.08.2026 дейін 01.08.2026 бастап Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Депозиттер Жинақ Хоум+ 3 18,65% 20,50% 18,24% 20,00% -0,50% Жинақ Хоум+ VIP клиенттерге 6 18,65% 20,50% 18,24% 20,00% -0,50% Депозиттік сертификаттар Стандартты 2.0 12 19,5% 19,00% -0,50% 24 18,75% 18,25% -0,50% Қалған шарттар өзгеріссіз қалады. Өзгерістер 2026 жылғы 28 шілде № 38 хаттамаға сәйкес енгізілді.

Home Credit Bank Ұлттық төлем корпорациясының марапатына ие болды

ҚР Ұлттық төлем корпорациясы Home Credit Bank-ті Қазақстанның төлем инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі мен тиімді ынтымақтастығы үшін марапаттады. Банк Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінінің банкаралық QR-төлемдер қызметіне қосылған алғашқы банктердің бірі болды. Қазір Home Credit Bank клиенттеріне банктер арасындағы бірыңғай QR-код бойынша төлем жасау мүмкіндігі және телефон нөмірі бойынша жедел аударымдар қолжетімді. Банкаралық төлем инфрақұрылымының дамуы клиенттер мен бизнес үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді барынша ыңғайлы етіп, операцияға қатысушылар қай банктің қызметін пайдаланатынына қарамастан, сатып алулар үшін төлем жасауға және ақша аударуға мүмкіндік береді. Бұл марапат Home Credit Bank-тің заманауи цифрлық төлем қызметтерін дамытуға және Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қосқан үлесінің дәлелі болып табылады. Банк қаржылық қызметтерді қазақстандықтар үшін одан әрі ыңғайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған жаңа шешімдерді енгізуді жалғастырады.

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады, ал кәсіпкерлер әртүрлі банктердің клиенттерінен төлемдерді қабылдай алады. Home Credit Bank ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен Ұлттық төлем корпорациясы әзірлеген Бірыңғай QR ұлттық төлем сервисі аясында банкаралық QR төлемдерін дамытуды жалғастыруда. Home Credit Bank 2025 жылғы қыркүйекте банкаралық QR — төлемдерінің пилоттық жобасына қосылған Қазақстандағы алғашқы банктердің бірі болды. Қазір жүйе дамып, еліміздегі банктердің барлығы оған қосылған сайын, Бірыңғай QR клиенттер мен кәсіпкерлер үшін ыңғайлы әрі әмбебап төлем құралына айналып келеді. Бұл сервис Home Credit Bank клиенттеріне Home.kz қосымшасында жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтарын сканерлеп, тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасауға мүмкіндік береді. Сатып алушыға енді басқа банктің картасына ақша аударудың немесе басқа банк қосымшасые пайдаланудың қажеті жоқ: төлем тікелей таңдалған Home Credit Bank картасынан жасалынады. Төлем жасау үшін қажетті әрекеттер: Home.kz қосымшасын ашу. Басты бетте «QR-төлем» бөлімін таңдау. Сатушының QR-кодын сканерлеу. Соманы тексеріп, картаны таңдау және операцияны растау. Біріңғай QR арқылы Home Credit Bank дебет карталарымен және Özen бөліп төлеу картасымен төлем жасауға болады. Жүргізілген операция туралы ақпарат және электрондық чек Home.kz қосымшасының транзакциялар тарихында сақталады. Бірыңғай QR кәсіпкерлерге де жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Home Credit Business клиенттері банкаралық QR-ды «Сату кабинеті» арқылы қосып, жүйеге қатысушы банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлемдерді қабылдай алады. Ол үшін бизнес нақты сома жасалған динамикалық QR-кодты немесе кассада, витринада, сайтта не әлеуметтік желілерде орналастырылатын тұрақты QR-кодты пайдалана алады. Барлық операциялар мен қайтарымдар автоматты түрде Сату кабинетінің аналитикасында көрсетіледі. Сервисті қосу үшін бөлек төлем терминалы қажет емес, ол смартфон мен Home Credit Business қосымшасы ғана жеткілікті. Банктік нарық көлемінде Бірыңғай QR жүйесіне көшу ашық және ыңғайлы төлем инфрақұрылымын құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бірыңғай QR-ды дамыту әртүрлі банктердің төлем сервистерінің үйлесімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімділігін арттырады және Қазақстанның қаржы нарығында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырады. Клиенттер төлем тәсілін еркін таңдай алады, ал кәсіпкерлер әртүрлі банктердің клиенттерінен бірыңғай құрал арқылы төлем қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Home Credit Bank клиенттер мен кәсіпкерлер үшін күнделікті қаржылық операцияларды оңай, жылдам әрі ыңғайлы ететін заманауи төлем шешімдерін енгізуді жалғастырады. Анықтамалық ақпарат Банкаралық QR-төлемдер сервисі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясының Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі негізінде жұмыс істейді. Төлем жасау мүмкіндігі нақты банктің және сауда нүктесінің банкаралық QR-сервисіне қосылуына байланысты болады. QR арқылы төлеу туралы толық ақпарат Home.kz қосымшасында қолжетімді.

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар. 30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет көрсету шарты жаңартылды — Шарттың жаңа нұсқасын қарау . Шарттың алдыңғы нұсқасын қарау .

маусым

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар. 15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының жалпы талаптары жаңартылды — Шарттың жаңа нұсқасын қарау . Шарттың алдыңғы нұсқасын қарау .

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу комиссияларының өзгеруі

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу үшін комиссиялар өзгереді. Ерекшелік: депозиттік шоттар. 23.06.2026 ж. дейін 23.06.2026 ж. бастап 0 ₸ 500 000 ₸ дейін — 0 ₸ 500 000 ₸ - 5 000 000 ₸ — ақша алу сомасынан 0,8% 5 000 000 ₸ бастап — ақша алу сомасынан 1%

2026 жылғы 13 маусымнан бастап депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 13 маусымнан бастап депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша енгізілетін өзгерістер: Атауы Мерзімі (ай) Сыйақы мөлшерлемесі Айырмашылығы 13.06.2026 дейін 13.06.2026 бастап Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Депозиттер Жинақ Хоум 6 17,4% 19% 16,98% 18,50% -0,5% 12 15,7% 17% 13,98% 15,00% -2,0% 24 13,98% 15% 9,53% 10,00% -5,0% Жинақ Хоум+ 6 18,24% 20% 17,4% 19,00% -1,00% Депозиттік сертификаттар Стандартты 12 19% 18,50% -0,50% 24 18,25% 17,75% -0,50% 36 17,50% 17% -0,50% 60 17,25% 16,75% -0,50% Қалған шарттар өзгеріссіз қалады. Өзгерістер 2026 жылғы 12 маусым №29 хаттамаға сәйкес енгізілді.

2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап Қазақстанның басқа банктеріне жасалатын аударымдар бойынша комиссиялардың өзгеруі

2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап Home Credit Bank кассаларында Қазақстанның басқа банктеріне теңгемен жасалатын аударымдар бойынша комиссиялар өзгереді: Сома Кассалар арқылы Қазақстанның басқа банктеріне теңгемен аударым жасау үшін комиссия 05.09.2026 дейін 05.09.2026 кейін 13:00-ге дейін 5 000 000 ₸ дейін 0,25%, минимум — 250 ₸, максимум — 750 ₸ 0,25%, минимум — 250 ₸, максимум — 750 ₸ 5 000 000 теңгеге дейін, мерзімді аударым 0,25%, минимум — 450 ₸, максимум — 1 500 ₸ 0,25%, минимум — 450 ₸, максимум — 5 000 ₸ 5 000 000 ₸ бастап 0,25%, минимум — 450 ₸, максимум — 1 500 ₸ 0,25%, минимум — 450 ₸, максимум — 5 000 ₸ 13:00-ден кейін Кез келген сома 0,25%, минимум — 450 ₸, максимум — 1 700 ₸ 0,25%, минимум — 450 ₸, максимум — 5 000 ₸

мамыр

ForteBank пен Home Credit Bank арасындағы мәміледен кейінгі өзгерістер қандай?

Сілтеме арқылы оқу

2026 жылғы 15 мамырдан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 15 мамырдан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер: Депозит Мерзімі (ай) Сыйақы мөлшерлемесі Айырмашылығы 15.05.2026 дейін 15.05.2026 бастап Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Номиналды мөлшерлеме СЖТМ Жинақ Хоум+ 6 17,40% 19% 18,24% 20% +1% Жинақ Хоум 6 18,24% 20% 17,4% 19% -1% Оңай ($) 12 1% 1% 0,99% 0,99% -0,01% Оңай ( €) 1% 1% 0,99% 0,99% -0,01% Қалған шарттар өзгеріссіз қалады.

«Әмбебап отбасын қорғау» сақтандыру қызметін рәсімдеу уақытша мүмкін емес

2026 жылғы 8 мамырдан бастап тауарды сатып алу кезінде онымен бірге «Әмбебап отбасын қорғау» сақтандыру қызметін рәсімдеу мүмкін емес. Сервистің қалпына келуі туралы қосымша хабарлаймыз. Қалған қызметтер өзгеріссіз қолжетімді. Егер сұрақтар туындаса, біз әрдайым көмектесуге қуаныштымыз. Бізге 7979 нөмірі бойынша байланыс орталығына немесе банк бөлімшесіне жүгініңіз. Бізбен бірге болғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

ISIN KZX000004361 облигациялары бойынша төлем жасау

Банк 2026 жылғы 12 мамыр да ұстаушыларға ISIN KZX000004361 дисконттық долларлық облигацияларының шарт бойынша өтеу күні – 2026 жылғы 12 мамыр номиналды құнын төлейді.