Алғашқы құжат жарияланған кезден бастап Home Credit Bank Home Credit Bank халықаралық стандарттарға сәйкес жыл сайынғы қаржылық емес есептілік практиканы бастады. «Болашақ үшін қалауымызға ерік береміз бе?» атты Тұрақты даму есебінде 2023 жылы қол жеткізілген жауапты және этикалық банкинг саласындағы ең маңызды жетістіктер ұсынылған. Тұрақты даму есебінің атауы банктің позициясын білдіреді: отбасының, қоршаған ортаның, бизнестің, қоғамның және өмір сапасының жақсаруы үшін «Қалауыңызға ерік бересіз бе?».
PPF халықаралық тобына тиесілі Home Credit Bank ESG және жауапты банкинг концепциясын жүзеге асырып, БҰҰ–ның ғаламдық Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосуда. Банк озық тұрақты басқару, әлеуметтік және экологиялық тәжірибелерді ұстанады. Бұл акционерлерге, клиенттерге және басқа да акционерлерлерге Home Credit Bank туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жыл сайынғы қаржылық емес ақпаратты жариялау біздің ашықтыққа деген көзқарасымызды көрсетеді және сапалы корпоративтік басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Біз басқарушылық, әлеуметтік және экологиялық әсерлердің корпоративтік қызмет нәтижелері мен тиімділігін бағалаудағы маңыздылығы жыл сайын артатынын білеміз. Home Credit Bank акционерлердің, клиенттердің және қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, бизнесті этикалық әрі ашық түрде жүргізеді. Біз сенімділікке негізделген жауапты, ашық және әділетті қаржы ұйымы болуға талпынамыз. Home Credit Bank БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға зор үлес қосады. «Біздің жауапты банктік қызметке деген көзқарасымыз тек тұрақты корпоративтік басқарумен шектелмейді. Ол, ең алдымен, қаржылық сенімділікті, клиенттік деректердің қауіпсіздігін және жауапты кредиттеуді қамтиды», – деді Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.
2023 жылы банк тәуекелдерді басқару, ақпараттық қауіпсіздік, адам капиталын дамыту және қаржылық қылмыстарды алдын алу бағыттарында тұрақты орнын қамтамасыз ету мақсатында бар күшін салды. Банк қаржылық инклюзияны дамытып, халық пен бизнеске ыңғайлы және сенімді цифрлық қызметтерді ұсынады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін банкте үздіксіз дамып отыратын Home.kz және HCB Business мобильді қосымшалары қолжетімді. Бұдан бөлек, банк ішкі бизнес-процестерді белсенді түрде цифрландыруда. Бұл трансформация декарбонизацияға қосымша үлес қосып, акционерлердің экологиялық ықпалын төмендетуге бағытталған.
Клиенттер мен қаржылық қызметтер тұтынушыларының тұрақты шешімдерді таңдауы бизнестің жаңа мүмкіндіктерін ашады, сондықтан Home Credit Bank осы бағытта оларды озық қаржылық шешімдер арқылы қолдауға тырысады.
HCB-де жыл сайын халықаралық стандарттарға сәйкес көміртек ізін бағалау және тәуелсіз верификация, сондай-ақ физикалық және ауысымдық климаттық тәуекелдерді бағалау бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі. Банкте қалдықтарды бөлек жинау бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған қоса, қызметкерлерді циркуляциялық экономика мәселелері бойынша оқыту жүргізілуде. Банк өзінің қызметінің энерго тиімділігін арттыруға назар аударуда – мысалы, бас кеңсенің жаңа, заманауи және жайлы кеңсеге көшуі энергия мен су тұтынуды минимизациялауға мүмкіндік берді.
Home Credit Bank–тің 2023 жылға арналған корпоративтік Тұрақты даму есебімен KASE және банк сайтында танысуға болады.
2025 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Home Credit Bank активтері бір жылда 233 млрд теңгеге өсіп, 1 трлн теңгеден асты. Осы уақыт ішінде банктің несие портфелі 160 млрд теңгеге – яғни 773,7 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер (жеке және заңды тұлғалардың) салымдарының көлемі 523 млрд теңгені құрады, бұл сома жыл басындағы сомадан 158 млрд теңгеге артық