Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Бейрезиденттерге

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Бейрезидент кредит немесе дебет карточкасын аша ала ма?

Жоқ. Кредит немесе дебет картасын тек Қазақстан азаматтары және тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер ғана аша алады

Бейрезиденттерге кредиттер беріле ме? Ол үшін не қажет?

Иә, тұруға ықтиярхат және ЖСН бар болса.

Кредитке өтінімді Home.kz сайтында және мобильді қосымшада беруге болады

Бейрезидент қосымшаға қалай тіркеле алады?

Мобильді қосымшада тек шарт нөмірі бойынша тіркелуге болады. Өнімді ашу үшін бөлімшеге жүгініңіз

Бейрезидент дебет картасын қалай ресімдей алады?

Картаны ашу үшін келесі құжаттарды дайындаңыз:

  1. Паспорттың түпнұсқасы. Егер оның орыс тіліне аудармасы болмаса, нотариалды куәландырылған аударма қажет
  2. ЖСН тіркеу туралы куәлік
  3. Келес құжаттардың бірін:
  • Оқу шарты
  • Еңбек шарты 
  • Туристік визадан басқа Қазақстан визасы
  • Уақытша тұратын жері бойынша тіркеу 
  • Дипломатиялық қызметкердің картасы

Карта тек құжаттардың түпнұсқалары бойынша ресімделеді.

 

Егер тұруға ықтиярхат бар болса:

  • Сайтта картаға жеткізумен тапсырыс беру: телефон нөмірін енгізіңіз → кеңесшінің қоңырауын күтіңіз.
  • Қосымшада: «Мен үшін» → Карталар → Мақсаттарыңызға сәйкес келетін картаны таңдаңыз → Виртуалды картаны ашу → Деректерді толтырыңыз → Картаны ресімдеуді аяқтаңыз
  • Бөлімшеде: өзіңізбен бірге Тұруға ықтиярхатты алып келіңіз

 

Егер резиденттілік жоқ болса: 

  • Картаны тек банк бөлімшесінде ашуға болады
  • Тек бір атаулы картаны шығаруға болады. Оның жарамдылық мерзімі — 12 ай
Бейрезидент депозит аша ала ма?

Иә, аша алады.

Депозитті ашу үшін келесі құжаттарды дайындаңыз:

  • ЖСН бар тұруға ықтиярхат
  • Нотариалды куәландырылған аудармасы бар паспорт және ЖСН беру туралы куәлік

 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезиденттердің депозиттері бойынша есептелген сыйақыдан ЖТС салық ұсталынады:

20% — егер ел жеңілдетілген юрисдикцияларға жатса
15% — қалған елдер үшін

 

Салық ұсталмауы үшін Қазақстанның салық резидентінің мәртебесін растау қажет.

Ол үшін банктің кез келген бөлімшесіне салық резиденттігі туралы анықтаманы әкелу қажет