Жарияланды 08.08.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
QR-кодтар (Quick Response code, немесе «тез жауап») — нүктелері, сызықтары немесе дерексіз пішіндері бар ақ-қара квадраттарға ұқсайтын матрицалық штрихкод. Оның басқа штрих-кодтардан айырмашылығы, олар қосымша ақпаратты, сілтемелерді, телефон нөмірлерін немесе 4000 таңбаға дейінгі мәтіндерді қамтиды.
QR-код арқылы:
Сонымен қатар QR-код — бұл қауіпсіз және ыңғайлы төлем құралы. Онда төлем туралы ақпарат бар: пайдаланушы тек операцияны растауы керек. Мысалы сіз мейрамханаға барып, ақшаны үйде қалдырсаңыз, шотта көрсетілген QR-кодты сканерлеп төлем жасауға болады.
QR-код арқылы қай жерде төлеуге болады?
Бизнес. QR-код бойынша төлемді қосу үшін шот ашылған банкке хабарласу қажет. Мұндай қызмет барлық банктерде қолжетімді емес, бірақ 2025 жылға қарай барлық банктер осы функцияны енгізеді.
Төлем қабылдау үшін сатушы QR-код жасайды. Код екі түрге бөлінеді:
Бизнес кез келген QR-кодтарды қолдануы мүмкін. Статикалық QR-кодтарды көбінесе шағын сауда нүктелері пайдаланады. Ірі дүкендер мен компаниялардың көбінесе динамикалық QR-кодтары бар.
Кез келген төлемдер үшін банк өз комиссиясын алады.
Пайдаланушылар. Төлемді жүзеге асыру үшін интернетке және банктік қосымшаға кіру қажет. Мысалы, сіз азық-түлік алып, ол үшін QR-код арқылы төлегіңіз келеді деп айтайық. Сонда сізге келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет:
Код бойынша төлем жасау қауіпсіз болып табылады. Барлық ақпарат шифрланған — картаңыздың мәліметтерін ешкім біле алмайды.
QR-кодтар барлық тараптар үшін ыңғайлы.
Бизнес үшін артықшылықтары мен кемшіліктері:
| ✅ Төлем тез өтеді — ақша бірден шотқа аударылады | ⛔ Динамикалық QR -кодтарды жасау үшін бизнеске тұрақты интернет қажет |
| ✅ Клиенттер үшін ыңғайлы, себебі картаны немесе қолма-қол ақшаны өзімен бірге алудың қажеті жоқ, ал бизнес өз сатылымдарын арттырады | ⛔ Кейбір клиенттер бұл төлем әдісіне сенбейді |
| ✅ Банк комиссиясы басқа төлемдерге қарағанда төмен |
Клиенттер үшін артықшылықтары мен кемшіліктері:
| ✅ Бұл өте ыңғайлы — тек кодты сканерлеу ғана қажет | ⛔ Кейде интернет болмай немесе онлайн-банк тарапынан техникалық ақаулар болуы мүмкін |
| ✅ Қауіпсіздік: барлық төлемдер қорғалған | ⛔ Кодты мұқият тексеру қажет: алаяқтар жалған код жасауы мүмкін |
| ✅ Қателер болмайды. Ақпарат қолмен енгізілген кезде деректерді шатастыруға болады. QR-код арқылы төлеген кезде барлық деректер автоматты түрде толтырылады | ⛔ https://home.kz/debit-cards/homecardQR-код бойынша кэшбэк есептелмейді |
QR-код бойынша төлемдердің өзі қауіпсіз болып табылады. Бірақ алаяқтар жалған QR-код жасауы мүмкін. Сондықтан төлемді растамас бұрын, деректерді мұқият тексеріңіз.
Бұған жол бермеу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: