Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Зденек Фоукал: Өнім қарапайым әрі бірегей болуы қажет

Бөлісу

Home Credit Bank–тің өнімдер мен клиенттермен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі басқарушы директоры Қазақстандағы өмірі және қаржы саласындағы халықаралық тәжірибесі туралы айтып берді. 

Қазақстанда банктік салада жұмыс істеу — бұл өте жақсы тәжірибе, дейді Home Credit Bank-тің өнімдер мен клиенттермен қарым–қатынасты дамыту жөніндегі басқарушы директоры Зденек Фоукал. Оның айтуынша, Қазақстанның нарығы қызықты әрі басқа елдерге қарағанда банктік саласы жақсы дамыған. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісімен сұхбатында спикер Қазақстандағы өмірі, Еуропа мен АҚШ-тағы жұмыс тәжірибесі және Home Credit Bank Kazakhstan-ның жаңа жарнама ролигіне қатысуы туралы айтты. 

– Зденек, өзіңіз туралы айтып беріңізші: қай жерде дүниеге келдіңіз, банктік саладағы мансабыңыз қалай басталды және Қазақстанға келуіңіздің себебі қандай? 

– Мен Чехия мемлекетінің тумасымын. 2010 жылы сол жақтан кетіп, содан бері басқа елдерде тұрып, жұмыс істеп келемін. Менің банктік саладағы мансабым университетті бітірген соң CitiBank деген үлкен халықаралық банкте басталды. Онда мен 18 жыл жұмыс істедім. Осы уақыт аралығында мен Чехия, Румыния, Венгрия және АҚШ елдерінде болдым. Содан кейін мен Home Credit Bank–тің командасына қосылдым. 

Барлығы меннен сұрайды: Неге Америка емес, неге Қазақстан? Мен бұл сұрақты басқа елдерде тұратын достарыммен де талқыладым. Мен үшін мұндай сұрақ туындаған жоқ – біз елдерді «жақсы-жаман» деп бөлмейміз. Мен Home Credit туралы бұрыннан білетінмін, өйткені менің достарым осы жерде жұмыс істеді. Бұл — жақсы еңбек шарттары мен керемет мансап мүмкіндіктері бар үлкен халықаралық компания. 18 жыл Citibank–те жұмыс істегеннен кейін мен жаңа нәрсені көргім келді, және бұл ең дұрыс таңдау болды.  

– Сіз 20 жылдан астам уақыт бойы Еуропа мен АҚШ–тың банктік секторында жұмыс істедіңіз.  Бұл тәжірибеден Қазақстан нарығына қандай инновацияларды енгіздіңіз? 

– Мен Home Credit Bank Kazakhstan банкіне тәуекелдер бойынша маман ретінде келдім. Мен кредиттік, операциялық және нарықтық тәуекелдермен жұмыс істегенмін, бірақ негізгі бағытым кредиттік тәуекелдер болды. Біздің міндетіміз — қайтарылатын кредит беру, бұл банк үшін маңызды функция. Citibank-те мен осы салада жақсы тәжірибе жинақтадым және бұл сала басқа елдерде қалай жұмыс істейтінін көргім келді. Home Credit менің тәуекелдер саласындағы ғана емес, бизнесті дамытудағы да тәжірибемді байқап, өнімдер және клиенттермен қарым-қатынасты дамыту департаментінің басқарушысы лауазымын ұсынды.  

Мен әр елде әртүрлі бағыттардың қалай жұмыс істейтінін көрдім: тәуекелдер, портфельді басқару, клиенттермен байланыс орнату, кредит карталары, lifecycle management (клиенттің/өнімнің өмірлік циклін басқару – Ред.), customer view (клиентті бағалау – Ред.), клиентке арналған жеке ұсыныстар, сондай-ақ сыртқы қайта қаржыландыру сияқты бағыттардың жұмысын талдадым. Менің ойымша, менің жұмыс тәжірибем Қазақстанға дәл осы салалар үшін маңызды болды. 

Бірақ, мен осында келген кезде Home Credit Bank-тің клиенттер аналитикасындағы, нарықтық деректерді қолданудағы бірегей тәсілін (lifecycle management) білгенмін. Сондықтан мен осы бағытта басқа көптеген нәрселерді түсініп, зерттегім келді. HCB кейбір салаларда басқа банктерден асып түседі. Сонымен қатар, компанияда меритократия принципі жақсы жұмыс істейтінін атап өткім келеді. 

– Жақында сіздің қатысуыңызбен шыққан жарнамалық ролик туралы сөйлесейік. Ол үлкен қызығушылық тудырды. Неліктен сіз клиенттермен байланыс орнату туралы жарнамада түсуді шештіңіз? 

– Жақсы сұрақ, «Неліктен сіз Қазақстанға көшуді шештіңіз?» деген сұраққа ұқсайды (күлімсіреді). Бұл мен үшін жаңа тәжірибе. Сіз кез келген сынақтан өткен кезде мол тәжірибе жинайсыз, одан да мықты боласыз. Камера алдында тұру оңай болған жоқ. Алдыңда адамдар, камера артында да адамдар тұрды. Кадрды 2–4 дубль ішінде түсіру қажет болды. Оның үстіне роликті екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде түсіру қажет болды. Бұл екі тіл де менің ана тілім емес. Сондықтан мен барынша тырыстым. Бұл қызықты тәжірибе болды. Біздің командамыз - нағыз кәсіби мамандар. Олардың жұмысына тәнті болдым.

– Осы жарнамадағы карточкалық өнім туралы толығырақ айтып бере аласыз ба? Оның ерекшеліктері қандай және ол клиенттер үшін неге маңызды? 

– Біз клиентке не қажет екенін түсінуіміз керек. Оған банктің өзі емес, ол ұсына алатын өнімдер қызық. Клиентті оның өмірін ыңғайлы етуге көмектесетін өнімдер мен қызметтер қызықтырады. Клиент сатып алулар жасайды – оған бөліп төлеу қажет, бір банктен екіншісіне ақша аударады, саяхатты сатып алады, қонақ үйлерді брондайды, шетелде мейрамханаларда төлем жасайды және т.б. Осының бәрін өнім жасамас бұрын түсіну керек. Сондықтан біз алдымен клиентке не қажет екенін және біздің өнім оған қалай көмектесе алатынын талдаймыз.  

Мұнда бірнеше негізгі мәселе бар. Өнім барлық клиенттер үшін оңай әрі түсінікті болуы тиіс, ал оның нарықтағы құндылығы мен артықшылықтары мүмкіндігінше ерекше болуы тиіс. Менің ойымша, біз бұған қол жеткіздік. Біз клиенттер мен серіктестерден жағымды кері байланыс алдық. Мысалы, OZEN 0–0–6 картасы бүкіл әлем бойынша сатып алуларды пайызсыз, бір рет мақұлданған лимит шегінде (2 млн теңгеге дейін – Ред.) 6 айға бөліп төлеуге жасау мүмкіндігін береді. Ай сайынғы төлемдер сатып алудың алтыдан бір бөлігін құрайды.  

Одан бөлек, біздің барлық карталарымызбен Kaspi QR арқылы төлем жасауға болады – бұл өте ыңғайлы. Әдетте банктер бір-бірімен бәсекелеседі. Бірақ біз Kaspi-пен серіктес ретінде жұмыс істейміз.  

Жарнамадағы басқа өнімдерге келсек, Home Card Lite және Home Card карталарының бірегей артықшылығы — олармен ҚР ЕДБ басқа карталарына комиссиясыз аударым жасауға болады. 

– 2025 жылы қандай жаңа өнімдер немесе бастамалар енгізуді жоспарлап отырсыздар? 

– Біз OZEN бөліп төлеу картасын нарықта көпшілікке қолжетімді ету үшін әрі қарай дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл түсінікті өнім: Клиент бұл карта бойынша қандай лимит бар екенін, қанша қаражатты пайдалануға болатынын біледі. Және ең бастысы – тауарды бөліп төлеуге алу үшін банктен әрдайым мақұлдау сұраудың қажеті жоқ. Біз клиентке максималды түрде жақын болғымыз келеді. Оны саяхат немесе кез келген сатып алулар үшін қолдануға болады. Біздің мақсатымыз – нарықтағы ең үздік шешімді ұсыну.  

Сонымен қатар біз дебет карталарымызды, әсіресе кешбэкпен байланысты арнайы артықшылықтарды жаңартуды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, басқа банктермен серіктестікті, сондай-ақ Home Credit Bank бренді мен ШОБ бағытын (HCB Business онлайн-банкингі – Ред.) одан әрі дамытуды жалғастырамыз.  

– Сіз елді жақсы көріп, қазақ тілін үйреніп жатырсыз, қазір орыс тілінде сөйлей аласыз. Қазақстан сіздің кәсіби және жеке өміріңізге қалай ықпал етті? 

– Қазақстан — тамаша ел. Алматыда мен тауға жиі шығамын, қала сыртында демалуды ұнатамын, балық аулауды жақсы көремін. Алматының табиғаты керемет. Ал кәсіби өмірім туралы айтатын болсам, мұнда басқа елдермен салыстырғанда дамыған банктік сала мен керемет нарық бар: QR арқылы төлемдер, eGov қызметтері және т.б. мүмкіндіктер қолжетімді. Бұл елде банктік салада жұмыс істеу – мен үшін тамаша тәжірибе. 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 ж. №1.2.36/40 лицензия. 

24.11.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

KAPITAL.KZ

Home Credit Bank алғашқы тұрақты даму есебін ұсынды

Қаржылық емес есептілікте банк 2023 жылға арналған тұрақты даму нәтижелерін көрсетті Home

BES.MEDIA

Home Credit Bank 2024 жылы жеке тұлғалардың салымдарының өсуі бойынша жетекші орынға шықты

Өткен жылы қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерге 23 трлн теңге көлеміндегі соманы сеніп

FORBES.KZ

Жас көшбасшы цифрлық банкті жаңа деңгейге көтерді: банк 10 есе өсті және 2025 жылға қойылған мақсаттар

Home Credit Business өз-өзін ақтауға ұмтылып, шағын бизнес үшін таптырмас көмекшіге