Бұл қаладағы оныншы бөлімше. Orda.kz хабарлауы бойынша Павлодардағы банк клиенттерінің саны 23 мыңнан асып кетті.
Бұл жаңа филиал ашуға себеп болды. Барлық банктік өнімдер мобильді қосымшада қолжетімді болса да, басшылық өз клиенттеріне жақын болуды қалайды. «Көмектесуге қуаныштымыз» ұраны банк үшін клиенттермен сенімді қарым-қатынастың негізіне айналды. 19 жылдық қызметі барысында банк өзін сенімді компания ретінде танытты, оған бір миллионнан астам қазақстандық сенім білдіреді, дейді банк басқармасының төрағасы Кирил Бачваров.
«Біріншіден, басқа банктерге қарағанда біздің ұсыныстарымыз әлдеқайда тиімді және депозиттердің мөлшерлемелері де жоғары. Қазір бізде СЖТМ 17,6 %-ға дейін. Әрбір клиент үшін біз кредит бойынша тиімді шарттар ұсына аламыз. Бізде нарықта баламасы жоқ OZEN картасы бар. Кез келген сатып алуларды бүкіл әлем бойынша серіктес желісіне қосылмай бөліп төлеуге жасауға болады. Бізде клиент үшін маңызды болып табылатын көптеген өнімдер бар. Біздің ең үлкен артықшылығымыз – біз әрбір клиентіміз үшін қамқор болып, оған жеке шарттар ұсынамыз», деді Кирил Бачваров.
Қазіргі уақытта Павлодардағы банк филиалдарында шамамен 80 қызметкер жұмыс істейді. Жаңа бөлімше Химгородок, Сатпаев және Торайғыров аудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Бөлімше айына 10 мың адамды қабылдауды жоспарлап отыр. Бөлімше ыңғайлы жерде орналасқан, жақын жерде кең автотұрақ бар және филиал мүгедектердің қажеттіліктерін ескеріп жабдықталған.
«Қазір біз зейнеткерлерге арналған тиімді зейнетақы карталарын ұсынамыз. Зейнеткерлер картаға зейнетақы алып, дәріханаларда 10% кешбэк ала алады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бізде RSA қызметі бар. Бұл қызмет арқылы карталар үйге жеткізіледі. Егер клиент кредит алғысы немесе карта ашқысы келсе, біздің қызметкеріміз барып көмектеседі. Ол үшін байланыс орталығы арқылы өтінім беру керек. Бұл процесс небәрі 10 минутты алады», деді Home Credit Bank–тің Павлодар қаласындағы филиалының директоры Руслан Баубеков.
Бөлімшеде PRIME клиенттерге жеке қызмет көрсетілетін VIP-кабинет бар. Home Credit Bank-тің тұрақты клиенті Владимир Исаев жаңа филиалдың ашылуына келді. Владимир қазір зейнеткер болып табылады, оған қосымшаны пайдалану қиынға соғады. Сондықтан ол бөлімшеге жиі келіп тұрады. Жаңа бөлімше клиенттің үйінен бірнеше минуттық жерде ғана орналасқан.
«Мен жақын жерде тоғыз қабатты үйде тұрамын. Бұл бөлімше тура жанымнан ашылды. Не себепті бұл банкты таңдадыңыз? Мен өзім кезінде банк жүйесінде жұмыс істегенмін. Маған жаңадан ашылған банк қандай болатыны қызық болды. Қызметкерлер мені сыпайы түрде жылы шыраймен қарсы алды. Мен сол жерде өзіме және ұлыма депозит аштым. Біз Сберегательный депозитін ашып, ақша жинап, ұлыма пәтер сатып алдық. Бұл банкте қызмет көрсету сапасы жоғары, қызметкерлер сыпайы. Сондықтан менің барлық туыстарым осы банкті пайдаланады. Мен өзімнің менеджерімді телефон арқылы бірден танып қоямын. Ол да әрдайым хабарласып, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Ол қазір осында, оған өз алғысымды білдірдім. Осы себептер үшін мен осы банкті таңдадым», деп жауап берді зейнеткер Владимир Исаев.
Home Credit Bank-тің ыңғайлы қызметтерін серіктес желісі арқылы да алуға болады. Банк «Евромебель», Sulpak, «МЕГА мебель» және басқа да танымал жергілікті компаниялармен жұмыс істейді.
Жаңа бөлімше Сәтбаев көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан. Кеңсе кредиттер, карточкалық өнімдер, МСБ үшін шешімдер сияқты барлық банктік қызметтерді ұсынады.
Жұмыс кестесі: Жұмыс күндері 09:00-18:00, сенбі 10:00-14:00, жексенбі — демалыс.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 ж. №1.2.36/40 лицензия.