Шолпан Нурумбет Home Credit Bank Басқарма Төрайымы болып тағайындалды

Бөлісу

Алматы, 2025 жылғы 11 желтоқсан – «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Директорлар кеңесі Басқарма құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлайды. Қабылданған шешімге сәйкес, Шолпан НурумбетБанктің Басқарма Төрайымы лауазымына тағайындалды. 

Шолпан Нурумбет – Қазақстанның қаржы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол әр жылдары еліміздің жетекші банктерінде, соның ішінде «ForteBank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ және«Альянс Банк» АҚ құрылымдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған. 

«Интеграция кезеңінде Шолпан Нурумбеттің тағайындалуы Банктің басқару командасын айтарлықтай күшейтеді. Біз Кирилдің кәсібилігі мен Home Credit Bank-тің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін өзризашылығымызды білдіреміз. Оның стратегиялық көшбасшылығы операциялық тұрақтылықты нығайтуға және Банкті трансформацияның келесі кезеңіне дайындауға мүмкіндік берді. 

Қазіргі кезеңде Банктің басты міндеті – жұмыстың сабақтастығын қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын сақтап қалу. Шолпан Нурумбеттің басқарушылықтәжірибесі біздің команданы күшейтіп, Банктің стратегиялық бағыттар бойынша ілгерілеуін жеделдетеді», – деді «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Директорлар кеңесінің Төрағасы Тимур Исатаев. 

«Осы маңызды кезеңде Банкті басқару – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі зор құрмет. Home Credit Bank мықты сарапшылық әлеуеті, орнықты клиенттік базасы және даму мен жаңашылдыққа бағытталғанкорпоративтік мәдениеті бар қаржы ұйымы. Командамен бірге біз технологиялық шешімдерді жетілдіруді, сервистер сапасын арттыруды және операциялық тиімділікті нығайтуды жалғастырамыз. Клиенттерімізге одан да заманауи әрі қолайлы қаржы өнімдерін ұсыну – басты басымдықтарымыздың бірі. Алда бізді интеграция мен жаңарту жұмыстарының ауқымды кезеңі күтіп тұр, және көрсетілген сенімүшін Директорлар кеңесіне алғыс айтамын», – деп атап өтті Шолпан Нурумбет. 

Кадрлық өзгерістер шеңберінде Кирил Бачваров Home Credit Bank Басқарма Төрағасы ретіндегі қызметін аяқтап, интеграция жөніндегі кеңесші лауазымына ауысады. 

 

Анықтама: 

Шолпан Нурумбеттің «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Басқарма Төрайымы қызметіне тағайындалуы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы – ҚРҚНРДА-ның тиісті келісімі алынған күннен бастапкүшіне енеді. 

10.12.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Шолпан Нурумбет Home Credit Bank Басқарма Төрайымы болып тағайындалды

Алматы, 2025 жылғы 11 желтоқсан – «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Директорлар кеңесі

2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жинақ депозиттер бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 24 Өзгерістер мен толықтырулар.21.11.2025 ж. № 27/2025 хаттамаға сәйкес Кредит