1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар
  4. 2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап бөлшек сауда арнасында АҚШ долларындағы дисконттық облигацияларды сату басталады

Жарияланды 16.01.2026

Жаңартылды 04.06.2026

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап АҚШ долларындағы ISIN KZX000005681 дисконттық облигацияларын сату басталады. Бұл 2025 жылдың 3 қарашасынан бастап бөлшек сауда арнасында ISIN KZX000005525 сатылымының тоқтатылуына байланысты болады.

Пайыздық мөлшерлемежылдық 6,5%-ға дейін
ISINISIN KZX000005681
ТикерHCKZ4.1126
Шығарылымды өтеу күні2026 жылдың 18 қарашасы

ISIN KZX000005681 — облигациялардың жаңа шығарылымы емес. Олар 2025 жылғы 18 қарашадан бастап шығарылуда.

Облигацияларды Home.kz қосымшасында және банк бөлімшелерінде сатып алуға болады.