Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

«БАНК ХОУМ КРЕДИТ» МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА КРЕДИТ БОЙЫНША ТӨЛЕМ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ МҮМКІНДІГІН ҰСЫНАДЫ

Бөлісу

Түркістан облысы, Мақтарал ауданында болған су басу апатына байланысты банк өз клиенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.  Зардап шеккен аудан тұрғындары кредит бойынша төлем мерзімін 2 айға дейін кейінге қалдыра алады*.
Төлем мерзімін қалай ұзартуға болады?
Төлем мерзімін ұзарту үшін клиенттерге банкке жүгіну қажет. Төлем мерзімін ұзартуға өтінімді Банк бөлімшесіне бармай-ақ:
1) Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасындағы онлайн тілдесу жүйесінде;
2) +7 771 724 12 40 нөмірі бойынша WhatsApp-та
3) 7979 нөмірі бойынша Call Center арқылы;
4) client@homecredit.kz электрондық поштасына өтініш** жолдау арқылы беруге болады.
Өтінішті банк бөлімшесінде де беруге болады. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында және Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін Сізден банк бөлімшесіне бармастан өтінішті онлайн режимде беруді сұраймыз.
Қандай құжаттар қажет?
Банк өтінішті растайтын құжаттарсыз қарайтын болады. Тек Банкке жүгіну қажет.

Банк барлығын өз тарапынан орындайды.
Барлық тұлғалар төлем мерзімін ұзарта ала ма?
Кредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ Мақтарал ауданының барлық тұрғындары төлем мерзімін ұзарта алады.
Төлем мерзімін ұзарту кезеңінде сыйақы есептеледі ме?
Жоқ, банк клиенттерге сыйақы есептемейді.
Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз,
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ

* Кредит карталарынан басқа
**Өтініш «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Карел Горактың атына қолмен жазылады.  Өтініште ТАӘ, кредит шартының нөмірі, ағымдағы күн көрсетіледі және оған қол қою қажет. Әрі қарай өтінішті, жеке куәлікті екі жағынан суретке түсіріп, осы суреттерді көрсетілген электрондық мекенжайға жіберу керек.

14.05.2020

Бөлісу

Басқа мақалалар

Төлемдерді қабылдаудың жаңа ережелері

Home Credit Bank келесі төлемдерді қабылдамайды:«Букмекер» санаты бойынша — 21 жасқа толмаған

ForteBank-пен жасалатын мәміледен кейін Home Credit Bank-тің кредит профилі сақталады

2025 жылғы 23 шілдеде халықаралық Fitch Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ-ның «Home Credit Bank» АҚ

Home.kz мобильді қосымшасында «Онлайн дәрігер» қызметі өшірілді

2025 жылғы 23 шілдеден бастап Home.kz мобильді қосымшасында «Онлайн дәрігер» қызметін сатып алу