«БАНК ХОУМ КРЕДИТ» ӨЗ КЛИЕНТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
«Банк Хоум Кредит» клиенттерінің отбасылық қажеттіліктерін, әсіресе Қазақстан үшін осындай қиын уақытта, қанағаттандыру үшін қолынан келгенін аянбауға тырысады. Банк кредит шартымен бірге «Қаржылық қорғау» қызметін ресімдеген клиенттермен қатар күрделі қаржылық жағдайда қалған барлық клиенттерге қосымша қолдау көрсетеді.
Қазақстан аумағында төтенше жағдай (ТЖ) мен жекелеген облыстарда карантиннің енгізілуіне байланысты «Банк Хоум Кредит» өз клиенттері мен олардың отбасыларын қолдау мақсатында бірқатар шешім қабылдады:
1. Клиенттерге 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.
90 күннен астам мерзімі өткен кредит шарттары бойынша ТЖ кезеңінде есептелген сыйақы да тоқтатылады.
Ол үшін Банкке жүгіну қажет емес. Біз Сіздер үшін барлығын өзіміз жасаймыз.
Назар аударыңыздар:
Төлем мерзімін кешіктірген жағдайда, кредитті өтеудің жеңілдікті шарттары (акциялық төлемдер және т.б.) сақталмайды, сонымен қатар мерзімін кешіктіру Сіздің кредит тарихыңызға теріс әсерін тигізеді.*
Бұл шарттар төлем мерзімін ұзартатын (төлем демалысын алатын) клиенттерге қолданылмайды.*
2. Банк клиенті болып табылатын жеке тұлғалардың төмендегі екі санаты 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерін кейінге қалдыра алады (төлем демалысын алады):
1-санат:
1) халықтың әлеуметтік осал топтары. Осы санаттағы тұлғалар тізімін мына сілтемеден көре аласыз;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
3) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз тұлғалар.
2-санат:
Қаржылық жағдайы төмендегі себептер бойынша нашарлаған клиенттер:
- карантиннің енгізілуіне байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіздік;
- ақы төленбейтін еңбек демаласында болу;
- еңбек шартын бұзу және өзге де еңбек қатынастарын тоқтату;
- еңбекақыны немесе өзге де кірістерді төмендету немесе төлеуді тоқтату;
- белгілі бір аймақта төтенше жағдай мен (немесе) карантиннің енгізілуіне байланысты кіруге (шығуға) тыйым салынғандықтан жұмыс орнына бара алмау;
- қаржылық жағдайының нашарлауын куәландыратын өзге де себептер.
Біз Сіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне еркше көңіл бөлеміз, сондықтан да төлемді кейінге қалдыру үшін өтінімді үйден шықпай-ақ Банктің мобильді қосымшасы, Банктің ресми сайтындағы онлайн тілдесу жүйесі, +7 (771) 724 12 40 WhatsApp нөмірі арқылы немесе 7979 нөмірі бойынша Банктің байланыс орталығы арқылы беруді ұсынамыз.
Төлемді кейінге қалдыру (төлем демалысын алу) үшін Сіз 2020 жылғы 1 сәуірден 15 маусымға дейінгі кезеңде кез келген уақытта өтінім бере аласыз. Банк 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті жауабын жолдайды.
Төлем мерзімін ұзарту (төлем демалысын алу) Сіздің кредит тарихыңызға әсер етпейді.
Кредитті өтеудің жеңілдікті шарттары (акциялық төлемдер және т.б.) кейінге қалдыруды (төлем демалысын) ресімдеу кезінде сақталады.
Төлем мерзімін кейінге қалдыру (төлем демалысы) кезеңінде Банк сыйақы (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сүйене отырып есептелген) алады.
Мерзімін кейінге қалдыруды (төлем демалысын) ресімдеген клиенттер кейінге қалдыруды (төлем демалысын) ресімдегеннен кейін келесі 6 ай ішінде жаңа кредит ала алмайды.
Мерзімін кейінге қалдыруды (төлем демалысын) ресімдеген кредит карталарының ұстаушылары пайдаланылмаған кредиттік лимиттен айырылады.
Банк төлем мерзімін ұзартуға өтінішті қарастырғаны үшін ешқандай комиссия талап етпейді
Төлемдер негізгі борыш пен сыйақыны төлеу мерзімін ұзарту арқылы уақытша тоқтатылады. Банктік қарыз шарттарына, қосымша келісімдерге қол қоюдың қажеті жоқ.
Назар аударыңыз! Егер Сіз жеке тұлғалардың 2-санатына жатсаңыз және Банкте Сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарламағанын куәландыратын ақпарат болса, Банк төлем мерзімін кейінге қалдырудан (төлем демалысын беруден) бас тарта алады.
Мобильді қосымшаны мына жерден жүктей аласыз.
Сіз бен жақындарыңызға мықты денсаулық тілейміз!