Теңгемен ашылған депозиттер бойынша 10% мемлекеттік өтемақы

Бөлісу

10 ақпанда жеке тұлғалардың теңгемен ашылған депозиттері бойынша мемлекеттік өтемақы (сыйлықақы) төлеуге келісім беру туралы өтініштерді қабылдау аяқталды.

Бұл сыйлықақы тиісті өтініш беру арқылы оны алуға келісімін растаған салымшыларға берілетінін естеріңізге саламыз.

Сыйлықақы 23.02.2022 жылдан 24.02.2023 жылға дейінгі кезеңдегі депозиттердің ең төменгі сомасының 10% мөлшерінде 1 рет есептеледі және салық салынбайды.

Сыйлықақы мөлшері бір адамға - 2 млн. теңгеге дейін.

Сыйлықақыны алу үшін салымды 2023 жылдың 24 ақпанына дейін сақтау қажет.

Өтемақы салымшылардың ағымдағы банктік шоттарына төленетін болады.

Өтемақы 2023 жылдың наурызында төленеді.

Толығырақ: Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары.

14.02.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының