Зейнетақы калькулятор

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Калькуляторлар

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Зейнетақыны онлайн қалай есептеуге болады?
  1. Деректерді калькуляторға енгізіңіз
  2. Жынысыңызды, туған күніңізді, еңбек өтіліңізді, орташа айлық табысыңызды және шотыңыздағы жинақтарды енгізіңіз
Қазақстанда зейнетақы неден құралады?

Зейнетақы үш бөліктен тұрады:

  1. Мемлекеттік базалық зейнетақы — оның мөлшері жалпы еңбек өтіліне байланысты болады
  2. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы
  3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған жеке жарналар есебінен қалыптасатын жинақтаушы зейнетақы
Ең төменгі жеткіліктілік шегі дегеніміз не?

Бұл жинақтың бір бөлігін шешіп алғаннан кейін шотта сақталуы тиіс ең төменгі сома. Лимит болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі зейнетақыдан төмен болмауын қамтамасыз ету үшін қажет

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға болатын соманы қалай білуге болады?
  1. Лимитті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтындағы жеке кабинетіңізден тексеріңіз
  2. Лимитті қордың мобильді қосымшасынан немесе egov.kz порталынан да тексеруге болады
Зейнетақы есебі жынысқа байланысты өзгере ме?

Иә. Ерлер үшін зейнеткерлік жас — 63 жас, әйелдер үшін — 61 жас. 2031 жылғы 1 қаңтарға қарай әйелдердің зейнеткерке шығу жасы 63 жасқа дейін өседі. 

Бұдан бөлек, зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне еңбек өтілі мен шоттағы жинақтар әсер етеді

Егер ақша шешіп алу үшін жинақ жеткіліксіз болса, не істеу керек?

Калькуляторды қолданыңыз. Ол қазіргі табысыңыз бен тұрақты аударымдарыңызды ескере отырып, шотыңызда қажетті сома қашан жиналатынын есептеп береді

Есептеудің дәлдігі қандай?

Бұл болжамды есеп. Төлемдердің нақты сомасын білу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүгініңіз